Шаш күтімі туралы

0 дауыс
3.5k қаралым
Шашты қалай күтуге болады достар сол  жайлы айтсаңыздар
• Санаты: Жалпы сұрақ

4 жауап

+1 дауыс
Осы сұрақтың астындағы  байланысқан сұрақтарды қарасаңыз жауап таба аласыз!
Белгісіз
0 дауыс
![description][1]
Қыс бойы бас киімнің астында басылып, аязға әбден тоңған шашыңыздың қазіргі жағдайы мәз емес болар? Көктем жақындағанда шашыңызға ерекше көңіл бөлгеніңіз дұрыс.

Алдымен, шашты дұрыс кептіріп үйренейік. Шашыңызды күнде кептіруден шаршасаңыз, мына ережелерді ұстанып, шаш кептіруді ішті пыстырмайтын, шаш саулығына зақым тигізбейтін шараға айналдырыңыз. Сонымен шаш кептірудің 5 алтын ережесі:

 1. Шашыңызды қыстырғыштар көмегімен бірнешеге бөліп, қыстырып қойып, әр шаш бұрымын тарақтың көмегімен кептіріңіз. Шаш кептіретін фенді шашқа 10 сантиметрден кем тақатпаңыз. Осылайша, уақытты да үнемдейсіз, шашыңыз да сәнді  көрініп тұрады.

2. Шашты отырып кептіріңіз. Арулардың көбі шаштарын ваннада айнаның алдында тұрып, оның үстіне асығып кептіреді. Шаш сәндеу шеберлері бұл істі ойдағыдай атқару үшін ыңғайлы жайғасып, қол астыңызға керек болатын заттардың бәрін жиып қою керек дейді. Сондай-ақ, шашты отырып  кептірген уақытты үнемдейді екен.

3. Тарақты оң қолға алып (солақай болмасаңыз), фенді сол қолмен ұстағаныңыз жөн болады.

4. Шашыңызды түбінен көтеріп кептіріңіз. Тарақпен шашты жоғары қарай тартып отырыңыз. Бұл шашыңызға көлем бермек.

5. Шашыңызды кептіргенде ауа ағынын шаштың бойымен бағыттаңыз. Бұл шаштың түбінен ұшына дейін дұрыс кебуін, сондай-ақ зақымданбауын қамтамасыз етеді.

Келесі кеңес ұзын шашты арман қылған аруларға арналады. Шашты ұзын әрі сәнді қылып өсіру үшін бірталай тер төгудің керек екені бәріне мәлім. Шаштың ұштарын 2 айда қысқартып тұру, шашқа арналған маскалар мен сұйықтықтарды қолдану керек. Сондай-ақ, шашты дұрыс таңдалған тарақпен жиі тарап отыру керек. Шаштың тез өсуіне көмектесетін мына масканы да қолданып көріңіз.

Маска құрамы:

    * Құрғақ горчица ұнтағы;
    * 2 ас қасық ыстық су;
    * 1 жұмыртқаның сарыуызы;
    * 2 ас қасық зәйтүн (жожоба, шабдалы немесе кез келген косметикалық май);
    * 2 шай қасық қант ұнатғы.

Құрамдас бөліктерді қосып, араластырамыз. Шашымызға 15 минуттан 1 сағатқа дейін қалдыруға болады. Нақты уақыт масканың басыңызды қаншалықты ашытқанына байланысты болады. Шыдамды болған жағадайда 1 сағат күте тұрсаңыз болады. Алайда, басыңыз күйіп бара жатса, 15-20 минут та жеткілікті. 15 минут шыдамдылық танытып, масканы жуып тастамағаныңыз жөн. Басыңыз ашып, шашыңызға от жағылғандай болуы мүмкін. Сонда да, 15 минутта бас терісіне еш зақым тие қоймайды. Есесіне үйреніп, келесі жолы көбірек отыра аларсыз. Маска нәтижесінде шаштың өсуін тездетіп, шаш қалың әрі әдемі болады. Сондай-ақ, бұл маска шаштың түсуіне тосқауыл жасай алады.


  [1]:
0 дауыс
шашқа арналған әр түрлі маскалар бар, айта кетер болсам 1 пияла айран, 1 жұмыртка сарысы, алоэ жапырағын майдалап турап шашқа маска жасап 15-20 минут ұстау керек. шашыныз жумсақ әрі жылтырап шығады
0 дауыс
мен шашымды Pantene pro-v дин су сабыны жане шайгыш бальзамымен кутем шашымды су сабынымен жуып болган сон бальзамын 2 минутка жагып коямында кейиннен шаямын шашымды сулгиге суртип кептирмеймин болменин температурасыда жетип жатыр одан сон шашты ылгал куйинде ушынан бастап тараган жон шашым абден кепкен сон Pantene pro-v дин маскасын жагамын казир шашым озиме унайды бурынгысынан алде кайда озгерди

Ұқсас сұрақтар

127,776 сұрақ
322,351 жауап
153,150 пікір
72,811 қолданушы