0 дауыс
19.5k көрілді

Абайдың қазақ өлеңінің ұйқас жүйесіне енгізген жаңалығы қандай?

Абайдың достық мәселесі жайындағы өлеңі қайсы?

6 жауап

0 дауыс
Абай қазақ поэзиясының өлең жүйесін өркендетіп дамытуға орасан зор үлес қосты. Абайдың бұл саладағы еңбегі, өнегесі сөз болғанда көбіне-көп ақынның жаңадан, тыңнан кіргізген дентинніңшумақ, өлшем үлгілері сөз болады. Абайдың жаңашылдығы көзге ұрып, ап-айқын көрініп тұратындықтан оған көбірек назар аударылады, мұның жөні де бар. Дей тұрғанмен Абайдың өлең жүйесін жетілдіру, шыңдауға, өркендетуге жұмсаған еңбегі жекелеген өлшем, өрнектермен шектелмейді. Бұрыннан белгілі 7-7 буынды жыр мен шумақты өлең түрлерін, 11 буынды өлең өлшемін поэзиялық шығармаларында асқан шеберлікпен қолданып, оларды жазбаша поэзияда орнықтыруы да - Абайдың қазақ өлең жүйесін өркендетуге қосқан үлесі. Жыр өлшемін Абай жазба поэзияда, айталық лирикадақаншалықты шебер қолданғанын «Жаз»,«Жаздыкүн шілде болғанда...», «Келдік талай жерге енді...» сияқты өлеңдерінен анық байқаймыз. Ал «Татьяна сөзі» («Тәңрі қосқан жар едің сен...»)секілді өлеңдерінде қолданылатын 7-8 буынды өлшемнің 8 буынды тармағы 4 буынды бунақтардан құралатын нұсқасын немесе «Көзімнің қарасы...» секілді өлеңдегі 6 буынды өлшемді алсақ, бұлардан Абайдың қазақ поэзиясында бұрыннан бар үлгіні өзінше ширатып, көп шумақты лирикалық өлеңде қолдана білгенін айқын көре аламыз. Осы өлшем- өрнектердің қайсысын тілге тиек етсек те, ақынның қазақ өлеңінің ырғақтық байлығын шумақ, тармақ, бунақтық жүйесін жақсы меңгергені, өлеңнің әсем әуезділігін, дыбыстық гармониясын жарасымды келістіретін үлкен талғампаздығы, көркемдік шеберлігі ешбір талас тудырмайды. Абай поэзиясындағы өлең өлшемдері, шумақ өрнектері, ұйқас түрлері жайлы сөз қозғағанда алдымен ескеретін жай - Ұлы ақын бұрыннан белгілі, түрлендіріп, мейлінше мол пайдалану жағынан да осы зор өнегелі іс атқарды. Ал Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлшемдерін, шумақ өрнектерін айтсақ, олар жаңашылдық сипаты, қазақ өлең қүрылысын жетілдіру, өрістетудегі мән-мағынасы жағынан айрықша құнды. Абай тыңнан кіргізген өлшемдердің айрықша бір өзгешелігі - көлемі әр түрлі тармақтардың шебер қиюласып келетіндігі. Ал бұл қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне мүлде жаңа және өте маңызды сипат әкеліп қосты, өлең өлшемдерінің түзілу тәсілін толықтырып, байыта түсті. Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,Алдамаған кім қалды тірі жанда. Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда, Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда. Мұнан менің, қай жерім аяулы деп, Бірге тұрып қалады кім майданда?Ендігі жұрттың сөзі — ұрлық-қарлық, Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық. Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.Байлар да мал қызығын біле алмай жүр, Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр. Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып, Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр, Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.Ел аулақта күш айтқан, топта танған,Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.Бектікте біреу бектеп тұра алмай жүр, О дағы ұры-қарды қыра алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек, Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.Қарындас қара жерге тыға алмай жүр, Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр. Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң — Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр, Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр, Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, Не пайда, не залалды біле алмай жүр.Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс қыстауың — қып-қызыл ол бір пәле, Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр, Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр. Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң, Қандай жан сырттан сөз боп,сыналмай жүр?
0 дауыс
Қара өлең ұйқасын әкелгені.
0 дауыс
Егіз ұйқас емес  пе?Сол болу керек.
0 дауыс
шұбыртпалы ұйқас
0 дауыс
Терцет оырстан алынган уйкас, ягни уштик уйкас. Оган "Сегиз аяк" олени
0 дауыс
Ия,Абай Құнанбайұлы қазақ поэзиясына зор улес қосқан,Мысалы,Қара өлең ұйқасын әкелгені ,сонымен бірге үштік ұйқастыда қоса әкелді Оган мысал ретінде "Сегіз аяқ" өлеңін қарастырсақ болады
...