+2 дауыс
40.3k көрілді

12-сәуір ғарышкерлер күні туралы шығарма керек?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды."Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.

1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.

Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.
Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

+1 дауыс

Ғарышкер, астронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).), космонавт (ТМД елдерінде - Космонавт: грек. kosmos –ғарыш және nautes – теңіз жүзушісі) – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды. Өйткені ғарышқа ұшуға қажетті қасиеттер (ұшу шеберлігінің жоғары деңгейде болуы, апатқа ұшырау жағдайында жылдам шешім қабылдауы, шу, діріл, үдеу, т.б. әр түрлі факторларға төзімді болуы, бақылау жұмыстарын жүргізіп, оны қорытындылай білуі, т.б.) осындай мамандыққа лайықты еді. Кейінірек КСРО-да да, АҚШ-та да ғарыштық кеме экипажына қажетті арнайы білімі бар инженерлер мен ғалымдарды қоса бастады. Ғарышкерлерді дайындау ісі бұрынғы КСРО-да 1960 ж., ал АҚШ-та 1959 ж. және 1962 ж. жүргізіле басталды. Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннен (1961) бастап ғарышқа үш жүзден астам адам ұшты. Олардың ішінде қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров (1991), Талғат Мұсабаев (1994, 1998, 2001) бар.

0 дауыс

12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні 

Кеңес Одағының ға­рышкері Юрий Гагариннің адамзат қауымында тұңғыш рет Жер атты планетамыздың тартылыс күшін үзіп шығып, біз үшін беймәлім ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне дәл бүгін 52 жыл толды. Міне, осы бұрын-соңды болмаған ұлы оқиғаның Еуразия аталатын алып құрлықтың қақ жүрегінде қоныстанған қазақ жерінен – Байқоңыр ғарыш айлағынан бастау алуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш әрі үлкен символдық мәні бар мәселе.

Қазіргі күні әлем елдерінің бар­лығы дерлік ғарышты игеруді адамзат қиялын іске асыруға негізделген абыройлы жоба деп қана емес, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кез келген елге көл-көсір табыс әкеле алатын нағыз пайдалы іс деп қарап, оның тиімділігін әбден ұғып болды. Дүние дидарындағы 170 елдің 120-сының өздерінің ғарыштық бағдарламаларын жасап, соны жүзеге асыруға ұмтылыс танытуы осы сөзіміздің айқын айғағы. Дегенмен, сарапшылардың пікіріне қарағанда, алдағы күндеріне үкілеген үміттерін қосып отырған осы 120 елдің әзірге 8-інің ғана өзіндік зымырандық-ғарыштық технологиялар жүйесі бар. Бұл күндері әлемдік Ғарыш клубына мүше елдер деп ерекшелеп атайтын осынау елдердің қатарына Ресей, АҚШ, Еуроодақ, Украина, Қытай, Үндістан, Жапония және Израиль кіреді. Сонымен қатар, сарапшылар таяудағы бес жылдың ішінде бұл клубқа Қазақстан, Оңтүстік Корея және Бразилия елдерінің де келіп қосылуы әбден мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Біздің қолымызға келіп түскен деректерге қарағанда, Қазақстан аталған элиталық клубқа кіруді 2015 жылға жоспарлап отырған көрінеді.

Енді Ғарыш клубына мүше елдердің қандай бағдарламаларды жүзеге асырып жатқандығы туралы жеке-жеке тоқтала кетейік.

АҚШ. Ғарыштық бағдар­ла­ма­ларды игеруде әлемде бірінші орында тұрған Америка Құрама Штаттары аталған мақсатқа орасан зор қаржы жұмсауда. Мәселен, 2009 жылы ғарыштық державалар өз бағдарламаларын жүзеге асыруға жалпы жиыны 68 миллиард долларды бағыттаса, осы қаржының 48,8 миллиард доллары бір ғана АҚШ-тың үлесіне тиіпті. Ал Еуропалық одақ елдері (бұл елдер ғарыштық бағдарламаларды игеруде бір ұйым аясында бірігіп отыр) – 7,9 миллиард, Жапония – 3 миллиард, Ресей – 2,8 миллиард, Қытай 2 миллиард доллар жұмсаған екен.
АҚШ президенті Барак Оба­ма­ның берген тапсырмаларына сәйкес елдің НАСА агенттігі алдағы уақытта Күн жүйесін роботтар ар­қы­лы зерттеуді қолға алып, Күн «ат­мосферасының» сынамасын алмақ. Ал 30-ыншы жылдардың ортасына таман Марс орбитасына адамдарды жеткізіп, оларды Жерге қайта алып келуді жүзеге асыра бастайды. Мұнан кейін Марстың өзіне барып қонатын болады. Сондықтан 2011 жылдан бастап, елде осы планетаны алдын ала зерттей түсу үшін марсоходтардың жаңа түрлерін шығару ісі басталып кетті. Ал, үстіміздегі жылы НАСА Айға робот-аваторларды жібермек. Жерден басқарылатын бұл роботтар аталған елдің Айдағы базасын қалыптастыру ісімен шұғылданатын болады.
Ресей. Бұл елдің ғарыш жөніндегі таяудағы жылдардағы жоспары Жер планетасының айналасындағы кеңістікті зерттеуге негізделген. Мұның ішінде Айды игеру, Марсқа ұшу жоспарлары да бар. Нақтырақ айтатын болсақ, Айға ұшып бару 2025 жылы жүзеге асатын болады. 2035 жылға дейін сонда тиісті база қалыптастырылады. 2026 жылы Ресей Жерді астероидтардан қорғау жүйесін құрмақ. 2035 жылдан кейін Марсқа ұшпақ. Осы мақсатта биылғы жылы Марсқа спутник ұшырып, одан топырақ алу көзделіп отыр. Ал 2015 жылы Айдан топырақ әкелінетін болады.

Қытай. Іргедегі алып көршіміз 2011-2015 жылдар аралығында ғарышқа 12-14 спутник ұшыруды жоспарлаған. Сөйтіп, 2020 жылға таман Қытайдың өзіндік навигациялық спутниктік жүйесі пайда болады. 2025 жылға таман бұл ел ғарыш орбитасынан өзіндік жеке станса салуды жүзеге асырмақ. Сөйтіп, бірте-бірте Айды игеріп, оған тұру үшін адамдар апармақ.

Үндістан. Бұл елдің өз ғарыш айлағы бар. Бірақ ғарыштық технологиялары әлі толық жетілмегендіктен, негізінен алғанда Ресеймен тығыз әріптестікте жұмыс істегенді жөн көріп отыр. Биылғы жылы ғарышқа тағы бір спутник ұшырып, алыс болашақта Айға тұрақты жұмыс істей­тін луноход қондырмақ. Оны Ре­сей зерттеу аппараттарымен жаб­дық­тамақ.
Жапония. Жапондар Айға көп­теген робот-гуманоидтар жіберіп, оның игіліктерін пайдалану жө­нін­дегі жоспарын 2015 жылдан бас­та­мақ. Өзінің жетілдірілу қабілеті тұр­ғысынан алғанда адам баласына жақынырақ келетін адам бейнелі бұл машиналар Айда геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Еуропалық ғарыш агенттігі. Бірнеше елдің басын қосып отырған бұл ұйым 2018 жылға таман адам ұшатын көп мақсатты CSTS ғарыш кемесін жасап шығармақ. Сөйтіп, Айға экспедиция жіберіп, 2030 жылдан кейін Марсқа барып қонбақ.

Израиль. Бұл ел өзінің аза­мат­тық ғарыштық бағдарламасын қаржыландыру көлемін 10 есе арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатқа әр жыл сайын 6-10 млрд. доллардан жұмсай отырып, коммерциялық мақсаттағы бірқатар жобаларды жүзеге асырмақ. Яғни осынау шағын ел ғарышты игеру ісіне үлкен мақсатпен, кең көлемді қаржымен кіріспек.
Украина. Бұл ел өзінің жаңа ғарыштық спутнигін жасау ісін аяқтап қалды. Оны үстіміздегі жылы Бразилияның Алкантара аталатын ғарыш айлағынан ұшырмақ. Елдің 2030 жылға кейінгі кезеңді қамтитын өзіндік ғарыштық бағдарламасы бар. Украина оны жүзеге асыруда ұлы көршісі Ресейден дербес болуды қалайтын секілді.

Міне, ғарыштық державалар осындай өршіл мақсаттарды алға тарта отырып жұмыс істеп жатса, біздің айналамыздағы дамушы елдер де қол қусырып қарап отырмаған көрінеді. Олар да өздерінің ғарышты игеру бағдарламаларын жасақтап, сол бойынша қам-қарекет етіп жатқаны белгілі болды. Мұндағы мақсат – жеке спутниктерін ұшыру арқылы өздерінің байланыс және телекоммуникациялық жүйелерінің дамуын дербес те сенімді жолға түсіру, табиғи байлықтарын барлау мен картографияны жетілдіру үшін жерді қашықтықтан зонд­тау­ды жүзеге асыру, осындай шаралар арқылы бірте-бірте эко­но­микалық пайдаға кенелу және ақ­па­раттық, саяси-экономикалық тәуел­сіздіктерін нығайту.
Мәселен, Армения Ресейге байланыс спутнигін жасау жөнінде тапсырыс берген. Оны ұшыру көп кешікпей жүзеге аспақ. Ал, Әзер­байжан өзінің алғашқы телеко­м­муникациялық спутнигін үстіміздегі жылдың 7 ақпаны күні Францияның Куру ғарыш айлағынан ұшырды. Бұл спутник АҚШ-та жасалынған. Оның бағасы 250 млн. долларды құраған. Әзербайжандар ол қаржыны болашақта 650 млн. доллар етіп, еселеп қайтарып аламыз деген сенімде көрінеді.

Беларусь елі Ресейдің көмегімен өзінің алғашқы спутнигін 2006 жыл­дың 26 шілдесі күні Бай­қоңыр­дан ұшырған болатын. Бірақ, бұл спутник ғарыш кеңісті­гіне көтерілудің алғашқы сатысында тасымалдағыш «Днепр» зымыранының ақаулығынан құлап түсті. Екінші спутник тағы да Бай­қоңырдан 2012 жылдың 11 шілдесі күні сәтті ұшырылды. Ресей жағы өздері жасаған алғашқы спутниктің сәтсіздікке ұшырауының кінәсінен екінші спутникті жасауға 16 млн. доллар ғана сұраған көрінеді.
Сөйтіп, ғарыш кеңістігін игеру, осы істен бірте-бірте коммерциялық пайда табу мақсаты әлем елдерінің барлығының көкейін тесіп отырған мәселе. Осы мақсатта жұмыс істеп жат­қан елдер қатарында біздің ірге­міздегі Өзбекстан мен Болгария, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Румыния секілді елдер де бар. Тіпті, Африканың Кения, Ливия, Намибия, Нигерия, Азияның Лаос, Моңғолия, Мьянма, Шри-Ланка секілді елдері де босқа қарап жатпаған екен.

Әлем елдерінің жаппай ғарышқа ұмтылысының үлкен бір себебі, қазірдің өзінде қалыптасып үлгірген әлемдік ғарыш қызметіндегі пайда көлемі жыл өткен сайын еселеп артуда. Сондықтан көптеген сарапшылар бұл іске жұмсалған қаржыны «нағыз бо­ла­шақ инвестициясы» деп есептеуге көшкен. Сөзіміз дәлелді болу үшін мы­на цифрларды келтіре кетейік:

1990 жылдардың ортасында әлемде ғарыш қызметінен түсетін кіріс көлемі 77 миллиард долларды құраса, мұнан кейінгі 5 жылдың ішінде ол көрсеткіш 168,2 млрд. долларға жеткен екен. Ал 2006 жылы одан түсетін пайда 220 млрд. долларды құраса, 2007 жылы 251,16 млрд. доллар болған. Тіпті әлемді дағдарыс кернеп алған соңғы жылдардың өзінде бұл сала барынша рентабельді болып шықты. Ол әр жыл сайын кем дегенде 10 пайыздан астам көрсеткішпен өсіп келеді. Қазіргі уа­қытта телекоммуникациялық қыз­меттердің, соның ішінде ұялы байланыс жүйесінің екпіні тау жыққандай болып, барынша қарқынмен дами түсуінің өзі ең алдымен ғарыш қыз­ме­тінің мультипликативтік тиім­ділігінің нәтижесі екендігін көзі ашық жандардың бәрі жақсы түсі­неді.

Ғарышты игеруге қатысты өзі­нің өршіл жоспарын ұсынып отыр­ған елдердің қатарында біз­дің Қазақстан да бар. Басқа елдер­ден Қазақстанның бір үлкен артық­шылығы жерімізде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Ол әлемдегі ең ірі ғарыш айлақтарының бірі болып табылады. Осы үлкен стратегиялық артықшылығымызды орынды пайдалану үшін алдағы уақытта бізге бір елдің, бір ғарыштық державаның ғана жетегінде кете бермей, ғарыш са­ласындағы халықаралық саясаты­мызды көп қырлы етіп жүргі­з­ген­дігіміз жөн секілді көрінеді.

Қазақстанда қазіргі күні ғарышты игеруге қатысты ауқымды жобалар жүзеге асу үстінде. Еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігі құрылып жұмыс істегеннен бері біз бұл бағытта көп ілгеріледік. Сондықтан көптеген сарапшылар Қазақстанды таяудағы жылдардың өзінде әлемдік Ғарыш клубына қосылуға қабілетті елдердің бірі деп сенімді түрде атап көрсетіп отыр.

Иә, бірқатар шағын елдердің ғарышқа 1 спутник ұшырысымен өзін Ғарыш клубына мүше бола­тын болдым деп айғайға басуына қарағанда, біздің жасап жатқан қазіргі әрекеттеріміз, соның ішін­де ғарыштық аппараттарды өзімізде жасау, ғарыш аппараттарын басқарудың сенімді жүйесін іске қосу, білікті ма­мандар корпусын әзірлеу бағы­тындағы атқарып жатқан шаруалары­мыз бен сенімді қадамдарымыз Қа­зақстанның ғарыш­­ты игеру жө­нін­дегі ниеті неғұр­лым нақты да табанды екен­дігін дәлелдей түседі.

Міне, осындай жағдайда Қазақстан Үкіметінің ғарыш саласын игеруге қатысты шығындарды азайтып жіберуі кейбір жағдайда көңілге алаң туғызатындай. Мәселен, біздің қолымыздағы деректерге қарағанда, Қазақстан Үкіметі отандық ғарыш қызметін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын қаржыландыру көлемін 128,3 млрд. теңгеден 103,3 млрд. теңгеге дейін шегеріп жіберген. Соның ішінде аталған іске 2012 жылы – 35,8 млрд. теңге, 2013 жылы – 10,03 млрд. теңге, 2014 жылы 3,6 млрд. теңге жұмсау көзделініп отырған көрінеді.
Қазақстанда қазіргі күні білімді жас­тар өсіп келеді. Елбасының «Болашақ» бағдарламасының аясында жастарымыз әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алып, бірнеше шет тілін еркін меңгере алатындай жағдайға жетті. Экономикамыз болса, әлемдік дағдарысқа қарамастан, жылдан жылға өсе түсуде. Демек, тәуелсіз еліміздің қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктеріне және мүддесіне сәйкес келетін өзіндік ғарыш бағдарламасының болуы және оның мүлтіксіз жүзеге асыры­луы осы адами интеллектуалдық жә­не материалдық ресурстық игі­лік­терімізді алдағы уақытта кеңінен пай­далануға мүмкіндік беріп, ел бай­лы­ғын еселей түсуге, экономикамызды сапалы деңгейде серпінді алға бастыруға өлшеусіз қызмет ететін болады. Өйткені, ғарыш қызметі бұрын әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің көп нәтижелерінің бірі ғана болып табылса, ендігі кезекте сол прогресті одан әрі алға бастырудың қуатты қозғалтқышына айнала бас­тады. Былайша айтқанда, пойыздың жылжымалы құрамындағы көп вагондардың бірі болып келген сала енді паровоз орнына келіп тұрып, пойыздың өзін сүйреуге кірісті. Біз қазіргі күні кез келген экономикалық саланың алдағы уақытта ғарыш қызметіне сүйене отырып қана алға баса ала­тындығын, бұл фактордың өмірдің басты заңдылықтарының біріне ай­­налатындығын жаппай мойын­дау кезеңіне келіп кірдік. Ендеше, бо­лашақтың даңғайыр үлкен саласы, қуатты қозғалтқыш күші ғарыш қыз­метінен қаржыны аяп қажеті жоқ. Қазіргі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оны барған сайын дамыта беру керек. Осыны жақсы түсінген шағын ел – Израиль бұл іске әр жыл сайын ондаған миллиард доллар қаржы салуды жоспарлап отырған жоқ па?!

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуында инновациялық үдерістің неғұрлым жоғарғы түрі ретінде атап көрсетілген ғарышты дамыту мәселесінде, біздің ойымызша, полемика жасап ешбір қажеті жоқ. Болатын дүниені боямасыз шындық есебінде қабылдаған жөн. Мәселен, ата-ананы алайық. Ол шамасы келсе, өзінің үміт күткен баласының көрініп тұрған болашағы жөнінде осы іске қаржыны көп немесе аз жұмсап қойдым-ау деп ешбір бас қатырып, бір-бірімен дауласып жатпайды. Өздерінің мүмкіндігінің шегінде барынша қолдауға ұмтылады. Өйткені, Алла Тағала өмірді дамыту мәселесінде кез келген адам баласына қателеспейтіндей инстинкт сезімін беріп қойған. Ендеше, Қазақстан Үкіметі де ғарыш қызметі секілді аса маңызды жоғары технологиялық саланы дамыту ісіне әрбір ата-ана бойында кездесетін осындай әрі «инстинктік, әрі прагматикалық» қағидатпен, жүрек жылуымен жұмыс істеуі қажет деп есептейміз.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ 

0 дауыс

Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесінаттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.

Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.

Бәрі қалай басталды?

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.


Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

Ұқсас сұрақтар

...