+7 дауыс
5.4k көрілді

Шыршаның әдемі иісі бар ғой. Сіздерге ұнай ма жоқ па білмедім, өзіме ұнайды . Осы қылқан иісін біреулер ұйқысыздыққа себеп екен зиян дейді, ал әжем керісінше пайдалы дейді. Сонымен ол пайдалы ма, зиян ба?

Әжеңіздің айтпаған ақылы қалмапты ғой.)Жақсы ғой әже деген.
Белгісіз
Айтады ғой енді.

Көп бiлгеннен не пайда
Пайдасыз iште сақтасаң?
Жастарды жиып қасыңа
Бiлгенiңдi айтпасаң?
Ақылдыдан не пайда
Тыңдайтын жан болмаса?
Бiлiмдiден шыққан сөз
Жүрекке барып қонбаса?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Шырша қылқан жапырықты ағаштарға жатады емес пе, ал қылқан жапырақтылардың иісі керемет, әрі емдік қасиеттері де мол. Қылқан жапырақтылардың қылқанында эфир майы бар,ол адамның тыныс жолдарына оң әсерін тигізеді, Сонымен қатар қылқан жапырақтардың иісі түрлі микробтар мен вирусьтарды жоятын қасиеті бар. Міне осы қасиетіің арқасында тубсанаториялар негізі осы ағаштар өсетін аймақтарға соғылады.

+3 дауыс

пайдалы өйткені ол неше түрлі ауруларды емдейді

+4 дауыс

Шырша, қарағай сияқты қылқан жапырақтылардың иісі адам организміне пайдалы. Әсіресе, тыныс органдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін.

+4 дауыс

Шырша тоқтаусыз түшкіру, жө­тел, ұйқысыздық, қалжырау сияқ­ты бірнеше ауру түріне себеп бо­луы мүмкін. Дәрігерлер мұндайды «жаңажылдық шыршаның син­дро­мы» деп атайды. Мәңгі жасыл ағаш­та саңырауқұлақшалар бо­ла­ды, олардың споралары адам ағ­за­сына еркін еніп, денсаулыққа ке­рі әсер етуі ықтимал. Әдетте үй­ге шырша орнатылған кезде не­ме­се жаңажылдық кеш тойланғаннан ке­йін адамдар мұрынның бітелуі, түш­кіріп-пысқыру сияқты жай­сыз­дық­тарға тап болып жатады. Шыр­шаның әсерінен адамның қал­жырағыштыққа немесе ұйқ­ы­сыз­дыққа ұшырауы да мүмкін.

 

+2 дауыс

Өз басым шыршаны иіскеп көрмеппін.

Шырша деген жаңа жылдың сәні ғой.Ал шыршаның иісінің пайдасы туралы естімеген екенмін.

+2 дауыс

Өте пайдалы. Табиғи шыршаның иісін пихтовое масло береді. Бірақ ол эфирное масло, абайлап пайдаланған жөн, бірақ емдік қасиеті көп-ақ.

+2 дауыс

Дүние жүзінде Еуразия мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда Солтүстік және Тянь-Шаньда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайда таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және Шренк шыршасы бар. Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, канифоль, сүрек сірке қышқылы алынады. Шыршаның иісі емес өзі пайдалы,

+1 дауыс

Шыршаның түрі өте көп. Қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс шыршасының қылқаны сары немесе алтын түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл аралығында өмір сүреді. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...