+2 дауыс
2.3k көрілді
Бір арабский клиптен көргенім бар еді, бір жігіт құммен керемет суреттер салады. Бұл да бір өнер ғой я?! Осы қашан және қай елде пайда болған? Үйрететін курстар бола ма мұндайды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Құммен сурет салуды кім шығарды?

Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болып, Батыста қанат жайған жас өнер. Қас-қағым сәтте әйнек бетіне құммен салынған ғажап суреттерді үп еткен жел немесе болмашы қимыл әп-сәтте бұзып кетсе де, осынау нәзіктікті көрген жан әсерсіз қалмасы сөзсіз. Алғашында құммен сурет салу мультфильмдер, анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылған еді. Сурет салудың мұндай техникасында құмнан өзге жарма, кофе, тұз, басқа да ұсақ заттар қолданылады. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік, себебі суретшіден тек әйнек бетіне бейнелерді түсіріп қана қоймай, құмды сезіне білу қабілеті талап етіледі. Бұл өнерді арнайы студиялардан үйренуге болады. Бүгінде еліміздің Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен секілді қалаларында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларға арналған құммен сурет салу өнерін үйрететін студиялар ашылуда. Құммен сурет салу – өте қызықты, сонымен қатар пайдалы өнер. Сурет салудың басқа да түрлері секілді, аталмыш өнер адамның қия­лын, кеңістікті қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамытып, әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді.

...