0 дауыс
340 көрілді
Өндірісте қолданылатын техникаға байланысты сөздерді орыс немесе басқа шет тілінен қазақ тіліне аударудың , мысалы мұнай саласында, электрондық жүйесі болады ма?

2 жауап

+1 дауыс
Қалауын тапсаң қар жанар дейді жасауға болады ол үшін мамандарды қазақшаға үйрету керек сосын қазақша программистер аз сол жағын көбейту керек.
Әй қайдам бауырым. Небір қазақтың мықты бағдарламашыларын көріп жүрміз. Бірақ олар тілім деп бағдарламаларға локализация жасауға тіптен қимылдамайды. Себебі, бағдарламашылар ортақ тілде жұмыс жасайды. Мейлі ол орыс, мейлі қазақ, мейлі өзбек, мейлі ағылшындық болсын. Бұл жерде бастысы тіл мамандарында ма деп ойлаймын. Заман компьютерленген, неге енді сол тіл мамандары айналдырған бір-екі локализациялау бағдарламаларымен аударма жасамайды деген де ой келеді. Бірақ біздегі аударма жағы өте нашар, аудармаларын көріп құсқың келеді, тіпті сол бір фразаны аударған аудармашыны атып тастауға да болады. Не аударған емес, не аудармаған емес, қиналып толғанып келгендегі аудармаларды көргенде жылап жібермес үшін, күлуге тура келеді.


(!) Арасында шамалы жақсы аударма сөздері шыққанын да мойындау керек.
Аудармашы мамандармен осы сайттың бірлескен тығыз байланысы бар ма екен, сол еді білгім келгені?
+1 дауыс
Болады. Өзің жасап көргің келсе, кұрылғының программасын компьютерге жүктеп алып аударып көріп, қайта сол құрылғыға прошивка жасай саласың.
Прошивка - кез келген кұрылғының (калькулятор, PSP, GPS навигатор, ұялы телефон және т.с.с.) жадындағы микропрогамманы жаңарту немесе алмастыру.
Аударма жұмысын компьютер арқылы жасағың келсе, www.lingobit.com сайтынан Локалайзер бағдарламасын жүктеп алып көрсең болады. Ыңғайыңа сай ол бағдарлама ресми түрде орыс тілінде де, қазақ тілінде де интерфейспен шығады.
Немесе, сондай құрылғы шығаратын компанияларға Қазақ үкіметі арқылы шекарамызға кірегізіп пайда табатын тауарларыңа қазақ тілін енгізіңдер деп талап қоюға негізінде біздің тарап толық құқылы.
...