Әй қайдам бауырым. Небір қазақтың мықты бағдарламашыларын көріп жүрміз. Бірақ олар тілім деп бағдарламаларға локализация жасауға тіптен қимылдамайды. Себебі, бағдарламашылар ортақ тілде жұмыс жасайды. Мейлі ол орыс, мейлі қазақ, мейлі өзбек, мейлі ағылшындық болсын. Бұл жерде бастысы тіл мамандарында ма деп ойлаймын. Заман компьютерленген, неге енді сол тіл мамандары айналдырған бір-екі локализациялау бағдарламаларымен аударма жасамайды деген де ой келеді. Бірақ біздегі аударма жағы өте нашар, аудармаларын көріп құсқың келеді, тіпті сол бір фразаны аударған аудармашыны атып тастауға да болады. Не аударған емес, не аудармаған емес, қиналып толғанып келгендегі аудармаларды көргенде жылап жібермес үшін, күлуге тура келеді.
(!) Арасында шамалы жақсы аударма сөздері шыққанын да мойындау керек.