http://vk.com/audios151094542 Ерболаттың өлеңі
Жаңа қазақ М.Шаханов
Жаңа қазақ – шала қазақ, жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың,
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың,
Сенде қазір думан, дәурен, масат күн,
Өзіңді өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып сырахана жасаттың.
Рухынан артық қойған қарынды
Шын без бүйрек болып шықтың алдың да.
Жүз бай шырқап, миллион кедей ақ ұрған,
Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан.
Кім бар жұртты тең баюға шақырған.
Фарабиден мықты ел кім деп сұраса,
Қайыршысы жоқ екен дақылдан,
Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды,
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюы
Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.
*