+3 дауыс
523 көрілді

Бұл сайтта қалай редактор, модератор болуға болады? Баллды қалай жинауға болады және қайдан көре аламын?

Бәрі FAQ-та айдан-анық жазулы тұр.

Тіркелгеніңізге 8 ай болыпты.
Оның саған қаншалықты қажеті бар?
Маған айтып жатырсың ба?Жомарт аға......
Жоқ, Асхатқа айтып отырмын.
Кешір, Ержанның атынан кіріп кетіппін )) Асхатқа айтып отырмын.
)) бір үйден бірнеше адам кірген қиын ғой. Очерт болады дегендей...)

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

11. Редактор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?


Редактор (өңдеуші) дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың және мамандәрежесіндегі қолданушының барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген сұрақты өңдей алады, кез келген жауапты өңдей алады, Кез-келген хабарламаларды жасырып не жариялай алады. Яғни егер сіз Редактор дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттері: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған жауапты қадағалап отырасыз. Сұрақтарды мағынасына байланысты сорттап, сайт ережесіне қайшы келетін сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, ескерту беріп отырасыз.


Редакторлар сайт әкімшілігімен тығыз байланыста болуы қажет. Кез келген Редактор супер модераторларға өзінің байланыс ақпараттырын қалдыру қажет. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді редакторлар да талқылауға шақырылады.


Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Редактор дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқылы, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Модератор дәрежесіне жоғарылата алады.


Редактор дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 4 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 50дан аз болмауы тиіс. Жасы 17-ден (он жеті) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Модератор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады.


Ескерту: редактор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны маман дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және Редактор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.


12. Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?


Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.


Модераторлар сайт әкімшілігінің негізгі бөлімін құрайтын болғандықтан сайтқа байланысты маңызды шешім қабылданар алдында модераторлар өзара дауысқа салу арқылы қабылданады. Модераторлар қолданушыларды Редактор не модератор дәрежесіне ұсынар алдында өзара дауысқа салып, шешім қабылдау қажет.

Ескерту: модератор не супер модератор дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда және ешқандай сұрақ не жауаптарды өңдемеген жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны редактор дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және модератор дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.

Оқып шық.

0 дауыс

Балды жинау үшін сұрақтар қойып , жауап беріп , жж таңда , сонда сенің балың өседі.Балың өссің деп әйтеуір жауап бере бермей дұрысталап жауап бер.Сенің жауабың бірелерге ұнаса онда олар саған жж таңдайды.Редактор,модеатор болу үшін жж саның 40-тан асуың керек модеатор болу үшін жж 50 ден асуы керек.Балды көру үшін өзіңе кіресің.Бал жазылып тұрады.Өзің  балыңды  мына  жерден  көре  аласың  https://surak.baribar.kz/user/AcXaT

"ЖЖ" - дегенің не?
Жақсы жауап.
0 дауыс

FAQ-көмекпен танысып шық.

Үлкен Рахмет!!!

+1 дауыс

Сайтта біршама уақыт белсенді болып жүрсең жетесің сондай дәрежеге.

+2 дауыс

Және осында сұрақ қойып оған алған жауаптарың поштаңа барып тұрады. Балыңды өз профиліңе өтіп көре аласың. 

...