Өмірімнің мәні мен сәні ата-анам, отбасым және т.б..
Өмірде барі бақытты болғысы келедіғо сол бақыттың ішінде барі барғо,(махаббат,сүйген жарыңыз,анаңыз,ақша дейт біреулер) Ал,Меніңше ең үлкен бақыт ол Исламда деп ойлайм.Себебі жақсылық келсе шүкір етесің,қиындық келсе сабыр етесің.Нағыз бақыт,өмірдің мәні өзіңнің мұсылман екеніңді шын сезініп Аллаға құлшылық ету деп түсінем.
Атағым шығарсам деп аспандатып,
Жүр талай жүрек жүдеп, бастар қатып.
Ойлансаң түсінесің, жоқ екенін,
Аллаға құл болудан асқан бақыт.
Ырза боп ойнағаны, күлгеніне,
Ғұмырын көп ел зая сүрмеді ме?
Шырылдап шыбын жандар кетті-ау отқа,
Ілініп Ібілістің ілгегіне.
Қирағандай қымбатың тасқа құлап,
Жасыма жанарыңды жасқа бұлап,
Өмірім өтіп кетті-ау деп өксіме,
Босқа өтті деп өкіну басқа бірақ.
Үміт қып тойың тойға ұласқаннан,
Шуағым шашсам дейсің бір аспаннан.
Тіріңде сыйласа алмай туысқанмен,
Не пайда өлгеннен соң жыласқаннан?
Домалап түссе талдан алма - басың.
Білмеймін енді нені қарманасың?
Несіне жетісесің жер басқанға,
Сол жерде ізің ертең қалмағасын!?
Біреудің көре қалсаң бірдеңесін,
Кетеді «керемет!» деп бірден есің.
Адамның өнеріне арбаласың,
Алланың құдыретін білмегесін.
Көңілініңді тоқ ете ме малды екенің?
Білмейсің байлықтан да мән кетерін.
Қорқасың бастығыңнан, ойламайсың,
Бастығы бастығыңның Алла екенін.
Тілімнің айтпақ сөзім ұшында тұр,
Білімнің сауапсызын ұсынба құр,
Орнасын мұсылмандық жүрегіңе,
Болмасын түсің мүмін, ішің кәпір.
Әркім-ақ жалған дүние өтер дейді,
Жамандық бізден аулақ, бөтен дейді.
Болса да жәннат сегіз, тозақ жетеу,
Көбісі сол жетеуді мекендейді.
Дүние өтетінін кім білмейді,
Жұмаққа Құран Кәрім жүр-жүрлейді.
Тозақты ойлағысы келмегеннің,
Талайы тәубе қылып үлгермейді.
Өмірге жібермеймін есемді деп,
Елірген көріп жүрміз «көсемді» көп.
Молданың уағызынан гөрі адамға,
Шайтанның үгіттері әсерлірек.
Ұлы патша Раббыңды ұмытқасын,
Ұлтарақтай болмай ма ұлық басың,
Мәңгіліктің бақытын бұйыртпаса,
Әңгіліктің әлегі құрып қалсын!
Құдай ма бізді бай деп, құл деп бөлер,
Құп болар жүрегіңді кірлетпеген,
Аларда әкім жанын Әзірейіл,
Келмейді салтанатпен, құрметпенен.
Асты асығыс асасаң түйілесің,
Сөзді асығыс сөйлесең күйінесің,
Арып-ашып арманға жеткің келсе,
Қарын ашып, жұқалау киінесің.
Иланғын дінге болса егер есің,
Иманның нәріменен көгересің,
Өзіңе дейінгінің несін алып,
Өзіңнен кейінгіге не бересің?
Аялдама секілді біздің өмір,
Көлігің келген күні жөнелесің,
Шайтанның қызығынан аулақ болсаң,
Алланың рақымына бөленесің.
Менің түсінігім,өмір мәні-алда кездескен қиындықты түрлі өмірлік тәжірибеңмен жеңу.Мен Алланың берген миын,дене мүшелерін жақсы іс-әрекетке пайдалану арқылы қалаған мақсат-мұратыма қол жеткізуімді қалаймын.Ең сұлу адам-біздің аяулы анамыз,әжеміз және қыздарымыз деп ойлаймын.Өмірде түрлі махаббат бар,Отанымызға,анаға,балаға,т.с.с.Мен қазірдің өзінде бақыттымын,өйткені,ата-анам,туыстарым аман,аяқ-қолым аман,ең бастысы-өмірдің сынақтарын жеңуге деген бойымда күш,қайрат пен талпынысым бар,Құдайға мың да бір шүкіршілік деймін.