+1 дауыс
16.6k көрілді

25-іне Тәрбие сағаты өтеді соған Абай Құнанбаевтің адамгершілік яғнм адами қасиеті туралы өлең немесе қара сөздері керек?

2 жауап

0 дауыс
Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну),гносеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» деп түсіндіріп келді.Уақыт өтеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткені, құбылысты әркім өз кезінің тұрғысынан бағалайды, мөлшерлейді. «Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз» дейтіндер «нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді» дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік. Осындай тұрпайы, дөрекі социологиялық көзқарас Абай шығармаларын бағалауға да зардабын тигізді. Бүл көзқарас тағылар өмірдің өзінде қайшылықтар қандай көп болса, Абайдың табиғат, қоғам, таным жайлы түсініктерінде сол қайшылықтар, қарама-қарсылықтар өте терең бейнеленгенін ескере қоймаған. Егер ақиқатқа, әділетке жүгінсек, Абай жалаң философиялық категориямен, мысалы, «материя», «сана», «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс», «даму», «қажеттілік пен кездейсоқтық» сияқты т. б. толып жатқан «таза философиямен» шұғылданбайды. Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, «қайран елі, қазағының» келешегі, қайткен күнде қазақты ескен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін ойшыл-ақын «Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алады». Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың«Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны» деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да «адамды (пендені) адамға айналдыру», адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде «дүние» және «жалған», «адам» және «пенде» деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дүние - мәңгі құбылыс, жалған - өткінші құбылыс, Адам - дүниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі ақиқат, адалдық, әділеттілік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің қамымен байланысып жатады. Пенденің бір белгісі - ол өзінің қиялында да кішкентай, өз қиялында да шарықтай алмайды, тауық сияқты қораның шарбағынан жоғары ұша алмайды. Қыранның қиялы - биік шында болса, қораздың қиялы - қи түбінде. Пенде әрқашан да бағынғыш, құптағыш, күндегіш, затшыл, өзімшіл келеді, мырзаларының алдында құрдай жорғалайды. Адам, оның керісінше, өзін-өзі, айналасын сыйлайды, өзінің азаматтығын, адамгершілігін бағалай біледі, затқа бағынбайды, заттарды өзіне бағындырады. Пенделер заттың құлы болса - Адам заттарды өзіне құл етеді, осы тұрғыдан келіп, Абай адам деген ұғымды үлкен даналық санайды («Адам деген даңқым бар»). Тұрған мекеніне келгенде - адамның жүрген жері гүлстан да, пенденің жүрген жері - мыстан болып келеді. Абайдың арман ететіні - ақылды, жігерлі, білімді, адал, әділ адам. Ондай адам ханның тағына да, байдың бағына да қызықпайды, ойы сергек, өз қамымен халық қамын ұштастыра, жалғастыра білетін мейірімді жан.
0 дауыс

Менде Абайдың 45 қара сөзінің аудио түрінде айтылғаны бар, жеке почтам: aidar_394@mail.ru

Ұқсас сұрақтар

...