0 дауыс
5.9k көрілді

Теректің тамыры неше метрге жетеді?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Теректің тамырдары жан-жаққа 50 метрге дейін кетеді.

Жанхағына емес, тіке тереңдікке криштиану рональду жауап бергендей
+1 дауыс

теректің тамыры 2-3 метр  болады

Терек  туралы  мәлімет  берсем  артық  етпес

Терек (лат. Pópulus) – тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, қара терек мырза терек, т.б.) бар. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Мазмұны

 

Ағаш туралы

Терек - тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді. Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Будандастыру арқылы теректің тез өсетін көп түрлері алынған. Тез өсетін қасиетіне байланысты көгалдандыруда кеңінен қолданылады. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық теректерді пайдаланған жөн. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы - жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті.

Қолданылуы

Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді.

Күтімі

Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суғару керек. Көктем, күз мезгілдерінде көңмен қоректендірген жөн.

...