+1 дауыс
16.7k көрілді

Сарыағаш шипажайы туралы мәлімет керек?

7 жауап

+1 дауыс
Менің аулым Сарыағашта, менен сұраныз.Сарыағаштың шипажайы:Шымкент трассасынан келіп Сарыағаш ауданынан 15 км ары жүрген соң, Абай ауылына жете берісте бір елді мекен бар.Онда 5-6 шипажай бар.Ол жерде минералды заттармен ем қабылдауға болады.Тіпті Елбасының өзі сонда  жылына екі рет келеді.Әйтеуір вертолетпен біздің үйдін төбесінен өтедіғой))))
0 дауыс

Барлық керекті мәліметтер мына сайтта бар http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%88_%28%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%83_%D0%BE%D1%80%D0%BD%D1%8B%29

+1 дауыс
Сарыағаш Шипажайы – емдеу орны. Сарыағаш ауданында орналасқан бальнеологиялық «Сарыағаш шипажайы» АҚ. 1953 – 56 жылдардан емдеу орнына айналды. Сарыағаш шипажайы шаруашылық ұңғымалардан тәулігіне 84 м3 су алады. Ауасы құрғақ, жазы ыстық, ұзақ, қысы жұмсақ. Емге пайдаланатын минералды суының темп-расы 49 – 52С. Құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонат, натрий, калий, кальций, магний, алюминий, мыс, марганец,молибден және микроэлементтер бар. Ас қорыту органдарының қызметі, зат алмасуы бұзылған, жүйке жүйесі, қол-аяқ, тері, әйел ауруларымен сырқаттанғандар емделеді. Сарыағаш шипажайы шаруашылық Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де белгілі. [1]
0 дауыс
Демалғыңыз келсе жақсы жер. Біз "Алтынай" шипажайына бардық. Жақсы екен. Ол жерде шипажайлар өте көп. Бассейн де, биллиярд бәрі бар. Демалсаңыз болады. Бірақ жазда барған өте дұрыс. Өкінбейсіз. Бағалар 6000 нан басталады.
+1 дауыс
Сарыағашым киелі, Бүкіл әлем біледі :) Сарыағашқа алты ай сайын, Елбасы да келеді :) Сулары бар шипалы, Ауасы да шипалы :) Сарыағаштың ұлдары мен қыздары да ибалы! Деп өлең шығарып жібердім, ақын болмасам да :)
0 дауыс
"Алтынай" шипажайында 2015 жылдың тамыз айында болдық, білікті дәрігер жоқтың қасы, жататын орында да, емделетін орында да тазалық жоқ. Емделушілерге ешқандай жағдай жасалмаған. Көңіліміз қалып келді.
өтірікші екенсің
0 дауыс
Сарыағаш шипа жайына кіші балалар  бару ғана болады ма екен
...