+2 дауыс
14.7k көрілді

КНБ де жұмыс істеу үшін қандаи оқуды оқу керек армияға бару керек пе?

9 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жунусов Ержанга акпарат. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы оқу орны бар. ол Астана қаласында орналасқан.

ҰҚК Академиясы арнаулы, көп көпбейінді оқу орыны, ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ғылыми және әдістемелік орталық  болып табылады.

 

1997 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ҰҚК Институтын одан әрі нығайту қажеттілігі мен маңыздылығын ескерте отырып, республиканың элиталық жоғарғы оқу орындарының қатарына енгізілу құқығына ие оқу орыны ретінде бағалады.

 

ҰҚК Академиясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  жоғарғы оқу орыны ретіндегі тарихын Алматы қаласында ұдайы әрекет ететін КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдары басшы және жедел құрамының біліктілігін жетілдіру курстары  1974 жылдан бастады. 5 жылдан кейін оқу орыны КСРО МҚК Кадрлар біліктілігін арттыру курстары болып қайта құрылып, 1983 жылы оған КСРО МҚК Жоғары курстары мәртебесі берілді.

 

Қазақстан ұлттық егемендігін жариялағаннан кейін ел басшылығының шешімімен 1994 жылы  оқу орыны Қазақстан Республикасы ҰҚК институты болып қайта құрылды. Оған ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін жоғарғы арнаулы білім туралы диплом берумен жедел-іс-қимыл қызметінің барлық бағыттары бойынша  даярлау және қайта даярлау міндеті жүктелді.  

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 1999 жылғы 6 мамырдағы  Жарлығымен Институт Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта ол еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарының арасында лайықты орынға ие.

Бүгінгі таңда Академия Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін отандық кадрлар шеберханасы болып табылады.

ҰҚК Академиясында жоғарғы оқу орыны және жоғарғы оқу орынынан кейінгі кәсіби білім беру, кадрлар даярлау 2007 жылғы «Білім беру туралы» ҚР Заңына сәйкес 2009 жылдан бастап, сондай-ақ оқу қызметін реттейтін ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР ҰҚК нормативтік құқықтық актілері аясында ұйымдастырылып, іске асырылады.   

ҰҚК Академиясында оқыту білім беруді ұйымдастырудың мынадай формалары мен бағыттары бойынша жүргізіледі:

1. Жоғарғы оқу орындық:

 

- бакалавриат, жоғарғы білім негізінде оқытудың қысқартылған мерзімімен  2,5 жыл.Бакалавр академиялық санатын және «екі шет тілді білетін жедел қызметкер» білігін берумен.

 

2. Жоғарғы оқу орынынан кейінгі:

 

- магистратура;

- бейінді магистратура, магистр академиялық дәрежесін берумен 1 жыл оқу мерзімімен;

- ғылыми-педагогикалық магистратура, магистр академиялық дәрежесін берумен 2 жыл оқу мерзімімен;

- ғылыми-педагогикалық  бағыттағы докторантура, философия докторы ғылыми дәрежесін берумен (PhD) 3 жыл оқу мерзімімен.

 

Академия алдында тұрған негізгі міндет ретінде жедел-іс-қимыл қызметінің озық тәжірибесін жинақтау және тарату, ұлттық қауіпсіздік органдарының нақты бөлімшелерімен өзара байланыс негізінде әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
0 дауыс

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы оқу орны жоқ. Әскерге бару да міндетті емес. ҰҚК-не адамның жеке қасиеттеріне қарап қабылдайды.

0 дауыс

Қазір "Государственное и местное управление" деген мамандыққа оқыған дұрыс. Әскерге барып келген кез келген органға жұмысқа тұруға жақсы болады.

0 дауыс
КНБ БОЛЫП ТУЫЛУ КЕРЕК
+1 дауыс
Ауан дурыс айтад
+1 дауыс
Иә ауандікі жөн
0 дауыс
Сәлеметсәздер ме. Кнб-ның академиясы Алматыда деп естідім. Сұрағым келетіні онда қыздарға түсуге болады ма? Сонымен қатар ұбт-да бесінші таңдау пәні қандай болу керек?
0 дауыс
Алматыдагы арыстан кнб окуына каалай тусуге болады кай пан канша балдан асыру кажет?
0 дауыс
Кнб қалай жүмысқа кіруге болады қандай оқу керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 16.07.2013 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 13.07.2014 Мамандық сұрақ қойды
...