+4 дауыс
5.0k көрілді

Қадыр Мырза Әлінің қай өлеңі сізге қатты ұнайды? Соны мүмкін болса осы сайтқа салсаңыздар?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақ осы.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсын сен оны,

Нағыз қазақ осы міне, танып қой.

Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз кууға жаралған.

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-санғал жабусыз,

Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!

Қазақ осы - көргенінен таңбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат міңгізіп, жібек шапан жабады.

Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,

Құдаларын құдайындай сыйлайтын.

Қазақ осы - дүние мен малыңды,

Оңды-солды шашу үшін жинайтын.

Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,

Батыр халық, ақын халық - дәл аты.

Қазақ осы - өзімсінген адамға,

Насыбайға бола өкпелеп қалатын.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,

Дос келді деп жасап жатыр анық той.

Алғашқы рет көріп тұрсын сен оны,

Нағыз қазақ осы міне, танып қой.

Менде Көркем қызбен келісемін.Мағанда Қадыр Мырза Әлінің-Қазақ осы әні ұнайды.

+1 дауыс

"Музарт" тобы айтатын "Өз елім менің" әнінің сөзін Қадыр Мырзалиев жазған.

...