+1 дауыс
6.6k көрілді

Ең жақсы мамандық қандай?Айына 200мың табатын.

8 жауап

+3 дауыс

Банктердің топ-менеджерлері, мұнай компанияларының жетекші мамандары, құрылыс компанияларының бас мамандары, ІТ-мамандар 200-500 мың теңге көлемінде айлық жалақы табады. Былайынша, бюджеттік мекемелерде ондай айлық жоқ. Ең дұрысы, жеке кәсіппен айналысу, бар тапқаның өзіңде қалады. Ақшаны неғұрылым көп тапсаң, соғұрылым ақшаға мұқтаж болып жүресің. Өйткені, көп ақша тапқан адам көп жұмсайды. Қазіргі бизнесмен коммерсанттардың мойындарында миллиондаған ақша қарыз жүр.

+1 дауыс

Өзін сүйген мамандық ең жақсысы

+1 дауыс

Жүрек қалауыңмен таңдаған, құлшынып іске кірісетін мамандық - сен үшін ең жақсысы!

0 дауыс

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. 

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлемі қажеттілігі. 

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің біріне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мысалы, мен техникалық заттарды жөндегенді ұнатамын. Кішкене кезімде бір нәрселерді шұқылып, оны өзім құртып, өзім жөндейтінмін(әрине кейде жөндей алмай анамнан таяқ жейтінмін)smiley. Қазіргі уақытта осы мамандық бойынша оқып жатырмын, құдай қаласа осы жылы аяқтаймын(телекоммуникация). Сізге  айтарым табыс көп табу(бұл да жақсы) жағынан емес, жүрек қалауы арқылы таңдағаныңыз жөн(бұл өте жақсы).

0 дауыс

Ең жақсы мамандық сол жұмысынан ләззат алатын адамдікі. Өйткені онда кездесетін қиыншылықтардан адам көп қорықпайды, өзіне сенімді болады деп ойлаймын. Қиындықтардың өзі оған қызық болып көрінеді.

0 дауыс
Саған қайсысы ұнаса сол
0 дауыс
Ең жақсы мамандық саған ұнайтын мамндық
0 дауыс
Ең жақсымамандық өзіңнің жақсы көретін салаң.
...