0 дауыс
2.7k көрілді

Музыка туралы ұлылар не деді?Маған апайым сондай тапсырма беріп еді көмек керек

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақтың ән әуездерінің тамаша бір қасиеті — оның шын жүректен шыққан эмоциялық сезімталдығы мен сезгіштігі

Борис Владимирович Асафьев

 

Музыка — жүрек тілі, ол — сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Дмитрий Дмитриевич Шостакович

 

Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі

Жамбыл Жабаев

0 дауыс

"Музыка ұлтқа бөлінбейді" дейміз. Иә, біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсам күш жүрек түкпіріне терең бойлап, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың. Музыка жан-дүниемізді өзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем  әуен ой-қиялымызға қанат бітіріп, көңіл сарайына нұрын төгеді. Осынау құдіретті музыка өнері туралы ұлылардың ой-пікірлеріне кезек берейік.

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

А.Н.Серов

Музыканның жұмыс салдарынан пайда болған шаршағандықты ұмыттырып, өзіне баурап әкететін қасиеті болады. Ол – бізге осы жұмыстың зардабына шыдауға, төзуге көмек береді.

Әл-Фараби

Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс.

Л.Бетховен

Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдығынан айрылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді.

Әл-Фараби

Музыка – адамзаттың әмбебап тілі.

Г.Лонгфелло

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Ахмет Жұбанов

Музыканың үш түрі бар. Біріншісі, жәй ғана рахат сезімін туғызады, екіншісі құмарлықты, ынтықтықты білдіреді, үшіншісі біздің қиялымызға бағытталады. Жағымды сезім оятатын музыка демалыс үшін қолданылады, ол бізді жақсы тынықтырады.

Әл-Фараби

Музыка арқылы біз өзімізді үлгілі өнерге бейімдеп өркендете аламыз... Музыканың моральдық мәні сол, біз оның әсерімен таза нәр аламыз, яғни шынайы сүйеміз, немесе жиренеміз... Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге құдіреті әбден жетеді.

Аристотель

Музыкалық өнер – мелодияларды (әуендерді), сондай-ақ оларды барынша тартымдырақ және кемелірек ететін нәрселермен шұғылданатын өнер.

Әл-Фараби

Практикалық музыка өнерінің әртүрлі бөлшектерін оқудың, үйренудің арқасында ұғынуға болады.

Әл-Фараби

Егер сен музыканы түсініп сүйгің келсе – оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың, жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде тамаша талғам пайда болады.

Д.Д.Шостакович

Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді... Оның тілі өткір, от-жалынға толы жәй, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек деуге болады.

Ж.Ж.Руссо

Біржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетінің алыбы.

Ахмет Жұбанов

Абай қазақ музыкасынан ерекше орын алады. Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтық интонациясына құрылған.

Ахмет Жұбанов

Адамзатқа тән ерекше бір қасиет – өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету.

Әл-Фараби

Искусствоның басқа түрлерімен салыстырғанда адам баласының ой-сезіміне тез әсер ететін де, ешбір тілмәшті қажет етпей, жан біткеннің барлығына тілі ортақ, интернационалдық өнер де – музыка.

Қажым Жұмалиев

Музыканы халық тудырады, ал біз, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейміз.

М.И.Глинка

Егер бала кезден музыканы сүймесем, мен еш уақытта өнер жолына түспес едім.

С.Т.Коненков

Музыканы рухымызға, құмарлығымыз бен ынтықтығымызға, көңіл күйімізге қатыстыруымыз керек.

Әл-Фараби

Адамдарға қарапайым сыбызғыдан бастап, симфониялық үлкен оркестрдің дауысына шейін, екінің бірі айтатын жәй әннен бастап бетховендік сонаталарға шейін – музыканың барлық түрі қажет.

Д.Д.Шостакович

Музыка теориясының негізгі принциптерін тек түйсік, тәжірибе арқылы білуге болады.

Әл-Фараби

Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды.

В.Астафьев

Музыка, тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді.

Р.Роллан

Музыка... әрбір адамға өзін өзі терең түсінуіне көмектеседі, ол адамның сезімі мен ойын байытады.

Д.Д.Шостакович

Музыка сұлулығы – оның жеңілдігі мен табиғилығында.

П.И.Чайковский

Халық музыкасында адам таңқаларлық көркемдіктер аяғыңды аттап басқан сайын кездеседі. Олар даладағы ешкім сеппей, ешкім бақпай өзінен-өзі өскен гүл тәрізді.

Н.В.Гоголь

Құрманғазы атындағы оркестр коллективін жер жүзіне насихаттауымыз керек, өйткені, ол орындаушылық шеберлігі жағынан әлемді таң қалдыратын ансамбль. Ал өзіндік ерекшеліктері мен тартымдылығы жағынан, ол шын мәнінде аса сирек кездесетін құбылыс.

Т.Н.Хренников

Қазақтың отаншылдық жігеріне толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады.

Ескертуіме құлақ аспадыңдар. өздеріңнен көріңдер!
0 дауыс
Музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс

                                        Л.Бетховин
...