0 дауыс
8.7k көрілді
Химия лабораториясы үшін қауіпсіздік ережелері?

3 жауап

0 дауыс
толықтай химия пәнінен қауіпсіздік ережелері туралы презентация
0 дауыс
Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап алған жөн. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн. Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет. Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер. Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек. Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет. Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.
0 дауыс

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Химиялық тәжірибелерді жасағанда, шыны ыдыстармен жұмыс істегенде есте сақтайтын талаптар ( І, ІІ нұсқа)

3. Қышқылдар мен сілтілермен, жеңіл тұтанатын затпен және тартпа шкаф астында жұмыс істеу ережелері (ІІІ,ІҮ,Ү нұсқау)

4. Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері және реактивтерді сақтауды топтау ( ҮІІ,ІҮ нұсқа)

5. Химия кабинетінде өрт сөндірудің үлгі жоспары (ҮІІІ нұсқа )

6. Медикаменттер тізбесі

7. Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар

8. Барлық химиялық заттар үшін сипаттамалар

9. Қауіпсіздік ережесін меңгеруге арналған тест

10. Химия пәнінен оқушылардың қауіпсіздік ережесімен танысқаны туралы мәлімет

11. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия -эксперименттік ғылым. Сондықтан, мектеп қабырғасынан оқушыны техника қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжіриебелер жасауға үйрету, зертханалық құрал-жабдықтарды қолдана білу икемділігін қалыптастыру – жалпы білім беретін орта мектептерде химияны оқыту үрдісінде оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың бір бөлігі болып табылады. Осы талаптарды жүзеге асыруда химия сабақтарында сарамандық және зертханалық жұмыстарды әр оқушы өзі жеке орындап, мәнін түсіндіре алатын деңгейде жүйелі әрі тиімді етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, білімді жүйелі де түсінікті жолмен берудің негізі оқу-тәрбие үрдісін технологияландыруда жатыр. Осы бағытта химия сабақтарында оқушылар сарамандық жұмыс пен зертханалық тәжірибе жасау үшін ең бірінші қауіпсіздік ережелерін, оны қалай қолдану керек екенін білу болып табылады. Ұсынылып отырған әдістемелік құралда химия пәнінің қауіпсіздік ережелері мен талаптары, химия бөлмесі, лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар, химиялық заттардың сипаттамалары және оқушылардың қауіпсіздік ережесін меңгеруге арналған тест пен танысқаны туралы мәліметтер берілген.

Аталған қауіпсіздік шараларын химия пәні бойынша құрастырып, әріптестеріме көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын.

Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын талаптар ( І нұсқау)

1. Тәжірибені жасағанда нұсқауға қарап жаса.

2. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама.

3. Затты этикеткасыз тастама.

4. Тәжірибені жасағанда заттың этикеткасын оқы.

5. Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.

6. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып ал.

7. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салма және құйма.

8. Улы затпен жұмыс істегенде тартпа шкафын пайдалан.

9. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.

10 Химиялық стаканды екі қолмен ұстау керек, ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін.

Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер ( ІІ нұсқау)

1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.

2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.

3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.

4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.

5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.

6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.

8. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .

9. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.

Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері (ІІІ нұсқау)

1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.

2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.

3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.

4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.

5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!

6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.

7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.

8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.

Жеңіл тұтанатын затпен жұыс істеу (ІҮ нұсқа)

1. Жеңіл тұтанатын затпен жұмыс істегенде, спиртшам мен электроқыздырғышты өшіріп қою керек.

2. Спиртшамды жанып тұрғанда ашық тастап кетуге болмайды, қақпағын жабу арқылы өшіріледі.

3. Электроқыздырғыштан өрт шыққан жағдайда өрт сөндіргіш заттар: құм, от алмайтын маталар.

Тартпа шкаф астында жұмыс істегенде есте сақтайтын ережелер (Ү нұсқа)

1. Улы затпен жұмыс істегенде тәжірибе тартпа шкафы астында жүргізіледі.

3. Жұмыс басталарда тартпа шкафын іске қос.

3. Тәжірибені жасап болған соң тартпа шкафын істен алуды ұмытпа.

Газ жанарғысымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері (ІҮ нұсқа)

1. Газ жанарғысын жағу үшін жанған шырпыны жаңарғының тесігіне апарып, шүмегін жайлап ашындар.

2. Газ жанғанда жалының шалқуы байқалса, шүмекті тез жабыңдар, газ жаңарғысы салқындаған соң ауа реттегішті жауып, жанарғыны қайта жағындар.

3. Жұмыс аяқталған соң газ шүмегінің жабылғанын тексеруді ұмытпаңдар.

4. Бөлмеде газ иісі сезілсе, сіріңке жағуға болмайды, газдың иісі туралы мұғалімге хабарлау керек.

Реактивтерді сақтауды топтау ( ҮІІ нұсқа)

 

 

Р/с

Топтағы заттарға жалпы сипаттама

Тептік тізбегі заттар

Мектепте сақтау шарты

1

Жарылғыш заттар

Типтік тізбеде көрсетілген

Мектепке еңгізуге тыйым салынған

2

Суға тисе атылғыш заттар

Li, Na,Ca,CaC2

Құлыптаулы шкаф.

3

Дұрыс сақталмаса ауада өзінен- өзі жанады

Типтік тізбеде көрсетілген

 

4

Оңай атылғыш сұйықтық

Диэтил эфир, ацетон, бензол, этилді спирт, толуол,циклогексан

Металды жәшікте

5

Оталғыш қатты заттар

S, Р т.б.

Құлыптаулы шкафта бөлек сақталады.

6

Физиологиялық аса секемшіл заттар

Br2, J2, BaO, CuO, PbO, Ba,Na, BuСL2

Сейфте, металды жәшікте

 

Химия кабинетінде өрт сөндірудің үлгі жоспары (ҮІІІ нұсқа)

 

р/с

Жүргізілетін іс-әрекет атауы

Іс-әрекет тәртібінің жүйелігі

Орындаушының қызметі,

аты-жөні

1

Өрт шыққандығы туралы хабар

Өрт сөндіру тобы 01 шақыру, мектеп әкімшілігіне хабар беру, электр желдеткішті ағыту, өрт сөндіретін құралдарды даярлау.

Мұғалім, лобарант

2

Жаңа өрт басталған бөлмеден оқушыларды эвакуациялау

Балаларды шошытпай, эвакуация жоспарына сай оқушыларды көшеге шығару.

Мұғалім, лаборант

3

Эвакуацияланған оқушыларды тексеру.

Сыныптағы оқушы санын тексеру.

Мұғалім, лаборант

4

Оқушыларды орналастыру

Қысқы және жазғы орындар көрсетіледі.

Мектеп әкімшілігі

5

Өртті бастапқы құралмен өшіру.

Өрт сөндіру

Жас өртшілер тобы

6

Өрт тобының келісімімен өрт сөндіруге қатысу

Өрт сөндірушілерге адамдар бар кабинетті мен химия кабинетін көрсету.

Әкімшілік топтар

 

Медикаменттер тізбесі

 

 

 

 

р/с

Дәрінің атауы

Пайдалану себебі

Пайдаланатын мөлшері

 

1

Активтелген көмір карболен

Улы затпен уланғанда

10 ас қасық суға езілген 4-5 таблетка ішкізу

 

2

Аммиактың 10 % ерітіндісі

Естен танғанда

Мұрынға апарып иіскетеді.

 

3

Альбуцид

(Na2S О4) 30%

Көзге әсер еткенде

Көзді жуғаннан кейін 2-3 мл тамызады

 

4

Этил спирт (С2 Н5 ОН)

Тері күйгенде

30-50 мл күйген жерді өңдейді.

 

5

NaHCO3 2% ерітіндісі

Қышқыл теріні зақымданғанда

200-250 мл қышқыл тиген жерді тазартады.

 

6

Бор қышқылының 2% ерітіндісі

Денеге сілті тигенде

Сілті тамған жерді тазартады.

 

7

Пипетка

Көз ауырғанда

3 дана

8

Мақта, бинт

Орауға

1 дана

9

Таңғыш

Таңуға

1 дана

         

 

Химия бөлмесі және лаборант бөлмесіне қойылатын талаптар

1. Химия кабинеті мектептің жоғарғы қабатына орналастыру керек. Терезе онтүстік- батыс жаққа қарайды.

2. Кабинеттің ауданы 66 м2 , лаборант бөлмесі 15 м2, биіктігі 3,3м2 болуы керек.

3. Лаборант бөлмесі сыныптың тақта жағынан есік арқылы орналасуы керек .

5. Химия кабинеті мен лаборант бөлмесі жарық, жылы болуы керек.

6. Зертханалық үстелдің биіктігі 750-800мм, ені 550мм, ұзындығы екі орындықтың 1600мм, үш орындықтың 2400мм.

7. Лабораториялық үстелдің демонстрациялық үстелдің арақашықтығы 800 мм.

9. Ең ақырғы отыратын оқушының партасы тақтадан 10 м қашықта орналасуы керек.

10. Кабинетте ыстық және суық су тартылған раковина болуы керек.

Кабинет жарықтығы.

Кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілмесе, әр түрлі оқиғалардың негізгі себебінің бірі болады. Cондықтан кабинет жарықпен дұрыс қамтамасыз етілуі керек.

Берілетін жарық мына стандартқа сәйкес болу керек:

СИИП ІІ –А-8-72 коэффиценті І 2%.

 

Барлық химиялық заттар үшін сипаттамалар

1. Ерекше белгі графа 2, егер мұнда «Х» белгісі тұрса, типтік тізбеде қаралған формалар , затты мұғалім ғана қолданады. Егер бұл графада «ХХ» белгісі тұрса, бұл зат аз дозада болғанмен физиологиялық аса секемшіл, өртену қаупі бар зат. Зат әуелгі қалпында оқушыларға берілмейді.

Егер, ерекше белгісі қойылмаса зат қауіпсіздігі жоқ, шектелмей қолдана беріледі.

2. 3 графа –заттарды сақтау топтары:

«1» - жарылғыш заттар

«2» - суға тисе атылғыш заттар

«3» - дұрыс сақталмаса ауада өзінен-өзі жанады

«4» - оңай оталғыш сұйық заттар

«5» - оңай оталғыш қатты заттар

«6» - оталғыш реактивтер

«7» - физиологиялық секемшіл заттар

«8» - қауіптілігі шамалы қауіпсіз заттар

Химиялық заттардың сипаттамалары

Жай заттар

р/с

Заттың типтік тізбедегі аты

Ерекше белгі

« 2»

Сақтау тобы

«3»

 

Алюминий металы

 

8

 

Бром ампулада 5 грамм

ХХ

7

 

Темір ұнтақ

 

8

 

Йод кристалданған

ХХ

7

 

Кальций металы

Х

2

 

Кремний металы

 

8

 

Литий металы

Х

2

 

Магний металы

Х

2

 

Натрий металы

Х

2

 

Күкірт

 

5

 

Фосфор қызыл

Х

5

 

Мырыш металы

 

8

 

 

Мырыш тозаң

 

8

Оксидтер мен гидроксидтер

 

Алюминий гидроксиді

 

8

 

Алюминий оксиді сусыз

 

8

 

Аммиак 25% сулы

 

7

 

Барий оксиді

ХХ

7

 

Барий гидроксиді

ХХ

7

 

Темір (ІІІ) гидроксиді

 

8

 

Темір (ІІ) гидроксиді

 

8

 

Калий гранулы

ХХ

7

 

Кальций гидроксиді

ХХ

7

 

Марганец оксиді ұнтақ

 

6

 

Мыс гидроксиді

Х

8

 

Мыс (ІІ) оксиді гранула

Х

6

 

Натрий күйдіргіш

ХХ

7

 

Сутегі пероксиді 3%

Х

6

 

Фосфор (Ү) оксиді

Х

7

 

Мырыш оксиді

 

8

 

Магний оксиді

 

8

 

Кальций (ІІ) оксиді

ХХ

7

 

 

р/с

Заттың типтік тізбедегі аты

Ерекше белгі

« 2»

Сақтау тобы

«3»

Тұздар

 

Алюминий хлориді

 

8

 

Алюминий сульфаты

 

8

 

Алюминий ашудасы

ХХ

8

 

Алюминий нитраты

 

8

 

Аммоний карбанаты

ХХ

8

 

Аммоний нитраты

ХХ

6

 

Аммоний хлориді

 

8

 

Аммоний дихроматы

ХХ

7

 

Аммоний радониді

Х

8

 

Аммоний сульфаты

 

8

 

Барий нитраты

ХХ

7

 

Темір (ІІІ) хлориді

Х

8

 

Темір (ІІІ) сульфаты

 

8

 

Темір (ІІ) сульфаты

 

8

 

Кальций ацетаты

 

8

 

Калий бромиді

ХХ

8

 

Калий гидрокарбонаты

 

8

 

Калий гидросульфаты

 

8

 

Калий дихроматы

 

7

 

Калий карбонаты

 

8

 

Калий моногидрофосфаты

 

8

 

Калий нитраты

ХХ

6

 

Калий перманганаты

ХХ

6

 

Калий радониді

ХХ

7

 

Калий сульфаты

 

8

 

Калий ферро «ІІ) гексацианиді

ХХ

7

 

Калий хлориді

 

8

 

Калий хроматы

ХХ

7

 

Калий дигидрофосфаты

 

3

 

Кальций сульфаты

Х

7

 

Кальций фосфаты

 

8

 

Кальций гидрофосфаты

 

8

 

Кальций хлориді сулы

 

8

         

 

р/с

Заттың типтік тізбедегі аты

Ерекше белгі

« 2»

Сақтау тобы

«3»

 

Литий хлориді

 

8

 

Магний сульфаты

 

8

 

Магний хлориді

 

8

 

Марганец сульфаты

Х

8

 

Мыс гироксокарбонаты

 

8

 

Мыс сульфаты

 

8

 

Мыс хлориді

 

8

 

Натрий ацетаты

 

8

 

Натрий бромиді

ХХ

8

 

Натрий гидрокарбонаты

 

8

 

Натрий карбонаты сулы

 

8

 

Натрий карбонаты

 

8

 

Натрий силикаты

 

8

 

Натрий нитраты

ХХ

6

 

Натрий ортофосфаты сулы

 

8

 

Натрий дигидроортофосфаты

 

8

 

Натрий сульфиді сулы

 

7

 

Натрий сульфаты сусыз

 

8

 

Натрий сульфиті

 

8

 

Натрий тиосульфаты

 

8

 

Натрий фториді сусыз

 

7

 

Натрий хлориді

 

8

 

Никел сульфаты

Х

8

 

Қорғасын ацетаты

ХХ

7

 

Күміс нитраты

ХХ

7

 

Хром (ІІІ) хлориді

ХХ

7

 

Мырыш сульфаты

ХХ

8

Қышқылдар

 

Азот қышқылы

 

7

 

Бор қышқылы

 

8

 

Құмырсқа қышқылы

 

7

 

Ортофосфор қышқылы

 

8

 

Күкірт қышқылы

 

7

 

Тұз қышқылы

 

8

 

р/с

Заттың типтік тізбедегі аты

Ерекше белгі

« 2»

Сақтау тобы

«3»

Органикалық заттар

 

Акрил қышқылы

ХХ

7

 

Анилин

XX

7

 

Ацетон

 

4

 

Бензольальдегид

X

4

 

Бензол

XX

4

 

Гексан

 

4

 

Гексахлорбензол

XX

7

 

Глицерин

 

8

 

Глюкоза

 

8

 

Дихлоргептан

XX

7

 

Диэтилэфир

 

4

 

Аминсірке қышқылы

 

4

 

Бензол қышқылы

X

5

 

Май қышқылы

XX

4

 

Олейн қышқылы

 

5

 

Пальмитин қышқылы

 

5

 

Стеарин қышқылы

 

5

 

Ксилол

X

4

 

Метиламин

X

8

 

Мұнай шикізаты

 

4

 

Сахароза

 

8

 

Бутилді спирт

X

4

 

Изобутилді спирт

X

4

 

Толуол

X

4

 

Тэтрахлорметан

XX

7

 

Сірке қышқылының этил эфирі

X

4

 

Фенол

XX

7

 

Формалин 40 %

X

4

 

Циклогексан

X

4

 

Этиленгликоль

 

4

 

Хлорлы метилен

XX

7

 

Хлороформ

XX

7

         

 

Қауіпсіздік ережесін меңгеруге арналған тест

1. Егер химия кабинетінде бір нәрсе жана қалса, ең бірінші не істер едіңіз?

А. Кабинеттен жылдам жүгіріп шығу. Ә. Өртті сөндіруге тырысу.

Б. Оқытушының нұсқауын күту.

2. Сабақ барысында оқушы өзінде ыңғайсыздық байқаса не істеу керек?

А.Оқытушыға немесе лаборантқа хабарлау.

Ә.Кабинеттегі көршілеріне ескертіп, дәрігерге көріну.

Б. Сабақтың бітуін күтіп ауруханаға бару.

3. Сабаққа қоңырау болғанға дейін оқушылар химия кабинетінде бола ала ма?

А. Оқушы немесе лаборант кабинетте болса.

Ә.Оның болуға рұхсаты болса.

Б.Кабинетке тек қоңыраудан кейін кіруге болады.

4. Зертханалық және сарамандық жұмыстарды орындау кезінде оқушылар халатты киюге міндетті ме?

А. Міндетті

Ә. Егер жұмысты орындауға күйдіргіш сұйықтар қолданса.

Б. Оқытушының рұхсатымен.

5. Егер сіз химиямен әуестеніп жүрген болсаңыз, кабинеттен үйге реактивтерді алуға бола ма?

А. Мұғалімнің рұхсаты болса болады.

Ә. Қатаң тыйым салынған.

Б. Ата -ананың жазбаша ұсынысы бойынша.

6. 220В тоқтың әсерінде болудың адам өміріне қауіпсіз уақыт ұзақтығы:

А. 30 сек. дейін Ә. 5 сек. дейін Б. 1 сек. көп болмау

7. Аспаптың жұмысында ақаулық көрсе, оқушы алдымен не істеу керек?

А. Экспиеримент біткен соң оқытушыға айту.

Ә. Ақаулықты жөңдей алса, жөндеу.

Б. Экспериментті тоқтатып, оқытушыға айту.

8. Қыздыру алдында сынауыққа сұйықты қандай биіктікке дейін толтыру қажет?

А. 1/3 Ә. 1 /2 Б. 3/4

9. Теріге күйдіргіш сұйықтар тигенде не істеу кажет ?

А.Тамшыны сілкілеп түсіру Ә.Теріні сумен жуу Б. Бейтараптандырушы сұйықпен өңдеу.

10. Егер күйдіргіш сұйық оқушының денесіне, көзіне немесе киіміне тисе, ең алдымен ол не істеу керек?

А. Көзді ағынды сумен жуу. Ә.Теріні сумен жуу Б.Оқытушыға хабар беру

11. Қанды қандай жолмен тоқтатқан жөн.

А. Жараны қолмен басу Ә. Қолды бинттеу Б. Қан тамырын басып ұстау

12. Электір аспаптарды неліктен ылғалды қолмен ұстауға болмайды

А. Олар қолдан тайып түсуі мүмкін.

Ә. Терінің электр өткізгіштігі ұлғайып, тоқ соғуынан.

Б. Аспапта дақ қалуы мүмкін.

13 Күкірт қышқылының ертіндісін дайындау кезенде қышқылды суға құю қажет.

А. Қышқыл тамшылары шашырамау үшін

Ә.Қышқыл судан аз болатындықтан

Б. Суды қышқылға құюға болады.

14. Оқушының үстіндегі халат жанып кетсе не істеу керек?

А. Өртке төзімді мата алу Ә. Адамға су шашу. Б. Халатты жұлып алу.

15. Өртттің қандай түрін көбікті өрт сөндіргішпен сөндіруге болмайды?

А. ЖБС- ашық ыдыста жанып тұрғанда.

Ә. Тоққа қосулы электр аспаптар.

Б. Бөлме ішіндегі өртті.

Тест кілті:

1. Б 6.А 11.Б

2.А 7.Б 12. Ә

3.А 8.А 13. А

4. А 9.Б 14 Б

5.Ә 10.Б 15. Б

 

 

Химия пәнінен оқушылардың қауіпсіздік ережесімен танысқаны туралы мәлімет

 

Р/с

Сыныбы

Оқушының аты-жөні

Танысқаны туралы қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. А. Каримов «Химия кабинеті мен химия өндірісіндегі еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігін сақтау», Алматы,2004

2. Н. НұрахметовК. Сарманова К. Жексембина «Химия» 8 сынып оқулығы

...