+2 дауыс
2.6k көрілді
Осындай жаңбырлы күндері резеңке етік пен қолшатырды (зонтик та) ойлап тапқандарға риза болып кетемін. Зонтик ұстап үстіңнен су өтпейді, етік киіп аяғыңнан су өтпейді. Керемет емес пе?! Зонтикті кім ойлап тапқан? Ал резеңке етікті ше? Қай жылдардан бері адамдар зонтик ұстап келеді?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Зонтик-Қолшатырдың отаны ретінде Қытай мен Египетті атауымызға болады. Ең алғашында бұл мекендерде қолшатыр – ақсүйектер мен патшалардың желпуіші ретінде қолданылды. Оның шыққан уақыты – б.з.д ХІ ғасыр. Осы ғасырларда қолшатыр – биліктің нышаны ретінде кеңінен танымал болды. Ол кездерде қолшатырды ұстауға тек патша отбасының мүшелері мен ақсүйектер ғана рұқсат алды.

Қолшатырды жасаған адамды біліп, алғыс айтқыңыз келіп отырған болар? Өкінішке орай, ол «тапқышбектің» есімі тарих беттерінде қалмаған екен.

Тек қана аңыздарға құлақ түре отырып бір деректің бетін аша аламыз. Ертеде есімі белгісіз бір қытайлық сері өз әйелін жанынан да артық жақсы көрген екен. Әйелім аптап ыстықтан қиналмасын деген ниетпен, сүйіктісіне қолшатыр жасап берген көрінеді. Ал сол «махаббат сыйын»сіз бен біз өз кәдемізге жаратып келеміз.

Уақыт өте келе, қолшатыр Ежелгі Египет және Вавилон жеріне жетті де, күннен қорғанатын құрал ретінде пайдаланыла бастады. Ғылыми деректердің көрсетуінше, ол қолшатырлардың салмағы 2 келіден асқан, ал тұтқасы 1,5 метрге жуық болған.

XVII ғасырдың басында Франция жеріне жеткен қолшатырлар, тек XVIIІ ғасырдан бастап қана жаңбырдан қорғаныш ретінде қызмет етті. Алғашында сүйкімсіз көрінетін қолшатырларға сән берген де осы Франция елінің ханымдары. «Сән» деген ханым Франция жерінде өз патшалығын құрысымен, түрлі-түсті қолшатырлар дүниеге келе бастады да, ер азаматтарға арналған түрлері де ойлап табылды.Бүгінде қолшатырлардың ағаштан, пластамассадан, темірден жасалған түрлері бар, тіпті ғаламтор-қолшатырлар да пайда болды.

Ал резеңке етік туралы мына жерден орысша мәлімет ала аласыз.

Мен Сіз айтқан Қытайлықты әйелін күннен де қызғанып шығарған деп оқып едім (әдемі аңыздар әрине)
0 дауыс
http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%97%D0%BE%D0%BD%D1%82
...