+3 дауыс
9.2k көрілді
Әжем кеше осы құс туралы бір ертек айтып отыр еді немерелеріне. Ұлар деген құс бар ма ? Ол қай жақтарда болады? "Ұлардай шулап' деген тіркестерді кездестіріп қаламын бір кітаптардан. Құсқа қатысы бар ма осы сөздің? Ол құстың аты неге Ұлар? Көргендеріңіз бар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұларлар (лат. Tetraogallus) — қырғауылдықтар тұқымдасына жататын құстардың бір туысы. Ұлардың денесінің жалпы құрылысы кекілікке ұксайды, бірақ одан ірі, дене тұрқы 60 см. Ұлар көбінесе Кавказдың, Қазақстанның тауларында болады. Мұның бірнеше түрлері бар, еті дәмді, ел сол үшін аулайды.

Салмағы 3 кг-дай, түсі тас өңдес, тауыққа ұқсаса, жергілікті құс. Биік тау шыңдарын мекендейді. Көбіне 5-10-нан топтасып жүреді де теккөктемде ғана жұптасады. Олар өте сақ келеді. Тау бөктерінде жайылып жатқанда, біреуі биік құзға шығып, жан-жағын бағдарлап тұрады екен.

Егер қауіпті сезсе айрықша үн шығарып, хабар беретін көрінеді. Қыстың аязды күндерінде тас қуыстарынан пана тауып, топтасып бірін-бірі жылытады. Қар қалың жауған жылдары, көбіне таутекенің соңынан еріп отырады. Себебі таутекелер тебіндеп жайылып, қырат беткейлеріндегі қарды тазартып, қанаттылардың азығын тез табуына көмектеседі екен.

мен бірақ көрген жоқпын оған байланысты коптеген мәлімет бар сіз маған ертегіні айтып берінішші

+2 дауыс

Ұлар - адам аяғы баса бермейтін тау шыңдарын мекендейтін, адам көзіне сирек түсетін, кекілік тұқымдас өте сақ құс. Халқымыз ұларды қасиетті құстар қатарына балап, ол туралы түрлі аңыздар, ертегілер, мақалдар, тіпті әндер де шығарған. Мысалы, " Ұлытауға шықтың ба, Ұлар етін жедің бе?"- деген мақал, Ш,Әбілтаевтің "Ұларым" - атты әні сияқтылар.

–1 дауыс

Ұлар Қазақстанның орталығындағы майда тауларда мекендейтін топ болып тіршілік ететін майда құс.

+1 дауыс

http://kk.wikipedia.org/wiki/Ұларлар толық ақпарат және ұлардың жалғыз суретін осы жерден аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
4 жауап
Белгісіз 14.11.2014 Жануарлар сұрақ қойды
+1 дауыс
3 жауап
...