0 дауыс
1.4k көрілді

Жалпы әдебиет сабағы маған қиын келеді... Сондықтан сіздерден көмек сұрап отырмын. "Кітап неге оқылмайды?" деген мақала керек. Жазып бере аласыздар ма? Немесе бұл тақырып бойынша өз ойларыңызды айтып кетсеңіздер жақсы болар еді.

1 жауап

0 дауыс

Кітап неге оқылмайды?

Адамдар оқудан қалғанда ойлаудан да қалады.

Дидро.

 Кеңес елі кезінде ең көп «оқитын» мемлекет болғандығын білеміз. Мүмкін сондықтан моральдық жағынан ол қоғам біраз жоғары болған шығар. Дегенмен… ол кезде тек оқуға болатын, қатал цензурадан өткен кітаптарды ғана оқуға болды. Идеология қыспағынан адамдар санасы ой еркіндігіне жете алмады. Яғни ең «оқитын» ел болғанымен, таңдау құқығының шектеулілігінен кітап оқудан барлық пайданы ала алмады. (өкінішке орай.)

 Ал қазір жағдай басқа… кітаптың неше түрлісі бар: қазақша, орысша, ағылшынша дейсің бе. Дүкен сөрелері толып тұр. Бірақ кітаптардың сыртқы мұқабасының жылтырлығы мен атына көп мән берілетіндей. (Мұнда әңгіме қазақ тіліндегі кітаптар туралы емес.) Түк мән-мағынасы жоқ, сырты бүтін, іші түтін «гламур» жылтырауық журналдардан енді кітаптарға да көшкен бе? Ең маңыздысы кітаптың ішкі мазмұны емес пе?!
 Кітап оқитын жастар жоқтың қасы ма деуші едім, қателесіппін. Бірақ сол жастар кітапты сыртқы мұқабасына қарап емес, ішкі мазмұнына үңіліп алса екен. 

P.S. Ғұлама ойшылдардың афоризмдеріне зер салыңыз:

Кітаппен істес болу адаммен істес болуға әзірлейді. Қай-қайсысы да бірдей қажет.  

Н.М. Карамзин.

 Күн сайын әлемнің ең дана адамдарымен тілдесуден қымбат не болуы мүмкін.

Л.Н. Толстой. 

Кітапсыз үй — терзесіз бөлме.

Вильсон.

Кітап — ақылға қуат беретін құрал.

Ян Коменский.

Жақсы кітап оқу — ақылды адаммен сырласқанмен бірдей. 

Л.Н. Толстой

Ойланбай оқу шайнамай жұтқанмен бірдей.

Э. Борк.

Кітап оқу мәңгілік модаға айналсын!

Мына жерден алынған.

Көшірсем "Көшірді!"  деп айыптар, өзің таңдап көр:

1.Кітап оқымайтындарға кеңес.

2.Пікірлер жазылған, қарап көр. Іздегенің осы жерден табылады-ау шамасы.

3.Студенттер пікірлері.

4.Сенің сұрағыңа ұқсас сұрақтар: 1, 2, 3.

5.Мұнда да мақала.

4. 3-ши менин сурагым го
...