+2 дауыс
313 көрілді
Бүгінгі күннің білгіштері кітап оқуды еріккеннің ермегі санайды немесе мектепте ғана оқытатын мұғалімдердің міндеті, өз міндетімнен құтылдым деп, кімнің баласын тәрбиелеп жатқанын да ұмытып кетеді. Тек артынан ғана «аһ» деп маңдайын соғады. Жас жеткіншекті кітаппен дос қылу тәрбие жолында өзімізге де жеңіл болары сөзсіз. Осы бағытта күш салуымыз тиіс деп ойлаймын.Насихаттау аз екендігін, тек құр сөзбен «оқы» деп ешкімнің зейінін аудара алмай жүргендігімізді де мойындауымыз керек шығар. Бауыржан Момышұлының «Ертегі айтатын әжелеріміздің азайып бара жатқанынан қорқамын» дегені бүгінгі күннің шындығына айналған секілді. Немересіне ертегі айтпақ түгілі, ақ жаулықты ананың салихалы сөзін айта алмай, былапыттап жүрген әжелерімізді де көзіміз шалып қалады...

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл ойыңызбен толықтай келісе алмаймын,себебі бес саусақ бірдей емес. Қазірде жас балғандар оқып жатқан кітаптарға назар аударатын болсақ,онда жазуынан гөрі суреті үлкен орынды алып тұрады. Әрине бұл баланы қызықтыруға арналған дегенмен кейбір кітаптарда осындай олқылықтар алынса,ал енді бірінде мән-мағынасыз дүниелер жазылған,ал келесі бір біреуінде ана тіліміздің мүшкіл жағдайын аңғаруымызға болады. ХХІ ғасыр-техника яки ақпараттық технология ғасыры деп жатамыз,заман өзгерді деп заманға жауып бұл мәселенің бетін жылы жауып қоятынымыз рас. Баланы ананың жатырында жатқаннан бастап тәрбиелеу керек.Мұны кезіде Билеріміз де атап өткен болатын. Қазір адамдарда "ЖҮРЕК" жоқ,яғни мейірімділік,адамгершілік сынды сезімдер. Уақытында дана халқым  айтып өткендей, "егер жүрегінде иман болмаса, оның оқып жиған-терген білімі елді қуантуға емес,жылатуға апарады " деген екен. Сол себептен Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін, балдырғандарымызды тәрбиелеп,ертеңгі күні елін ойлайтын  азамат ету-баршаның қолында! Назар аударғандарыңызға рахмет!))

Ұқсас сұрақтар

...