0 дауыс
13.6k көрілді

2 жауап

+7 дауыс
Атам қазақ өлген әруақтарды еске алып, оларға құран бағыштап, жеті шелпек пісіріп (жұма күндері) үйлерге тартады. (немесе май шыжғырып, иіс шығарады) Бір біріне беттестірілген жеті шелпек, аспанның жеті қабатын болмаса Құранда айтылатын жеті қат жұмақты бейнелейді. Алланың бір аты да - жеті көктің Иесі. Рас, рухтың иіспен қоректенетіні турасында көпшілік біле бермейді. Барлық тілдерде де «рух» ұғымы «ауа», «жел», «дем», «иіс» сөздерімен байланыста.
+4 дауыс
Жұма сайын жеті нан пісіріп ата-бабасын есіне алу - қазақтардың ұлттық дәстүрі. Құран оқып, ислам діні бойынша аруақтарға дұға жасайды. Жеті нан, кей жерлерде жеті шелпек деп айтылады,  әрі ұлттық тамақтың бір түрі. Жеті нан пісірген үй ата-бабасына құран оқумен қатар, ас қайырғанда бата да береді. Ата-баба аруағын сыйлаудан шыққан.
...