Атам қазақ өлген әруақтарды еске алып, оларға құран бағыштап, жеті шелпек пісіріп (жұма күндері) үйлерге тартады. (немесе май шыжғырып, иіс шығарады) Бір біріне беттестірілген жеті шелпек, аспанның жеті қабатын болмаса Құранда айтылатын жеті қат жұмақты бейнелейді. Алланың бір аты да - жеті көктің Иесі. Рас, рухтың иіспен қоректенетіні турасында көпшілік біле бермейді. Барлық тілдерде де «рух» ұғымы «ауа», «жел», «дем», «иіс» сөздерімен байланыста.