Сенімсіздіктен қалай арылам?

0 дауыс
1.5k қаралым
Мен бір қызды соншама құлай сүйіп ем,менің сенімімді ақтамады.Біраз уақыт өтті. Сөзі түзу бір қызбен сөйлесіп жүрмін,оған сезімім орнап келе жатқандай,бірақ тағыда бұрынғы жағдайдай бола ма уайымдаймын. Адамға екінші мүмкіндік беріледі деген осы ма екен әлде?
• Санаты: Махаббат

1 жауап

+4 дауыс
Жақсы жауап
Адай,біздің қазақ халқында "Ауызы күйген үрлеп ішеді"-деген мақал бар,демек дәл кәзіргі сенің басыңдағы жағдай қалыпты күй.Кезкелген ақылы бар бір рет сәтсіздікке ұшыраған адам келесіде аяғын аңдап басуы керек.Бүл сенімсіздік емес,сақтану шарасы.Біздің дана халқымызда тағыда"Әр адам үш қара,үш ақ үй тігеді"- деген де сөз айтқан.Бұл сөздің мағанасына үңілсең,сәтсіздік әр адамның басына түседі,бірақ артында сәттіліктер күтіп тұрады дегендей емес пе? Заманымыздың заңғар ақындарының бірі М.Шаханов ағамыздың "ЖІГЕРЛЕНДІРУ"деген бір тамаша өлеңі бар,сол өлеңді оқып шығуға кеңес берер едім.Ішінде бір:
     -"Өмірдің барлық сәтсіздіктерін,
    Бақытсыздық деп кім айтты саған...
    Саған қарау керек алға,
    Басыңдағы бөрік пе,орамал ма?"- деген жолдары ғана есімде қалыпты.Сондықтан да өзіңдегі сенімсіздіктен арыл дағы,алға тек жігерлі көзқараспен қара дегім келеді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы