+1 дауыс
783 көрілді
Менің дауысымның жоғалғанына 3-күн болды, суық тиіп дауысымды жоғалтып алдым, әдетте осындай жағдайда 2 балмұздақ жеп алғанда дауысым қайта орнына келетін, ал енді ол рецептымның пайдасы болмай жатыр. Дауысымды орнына қалай келтіремін? Сіздердің әдіс -тәсілдеріңіз болса жазып кетіңіздерші

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Менің қолданатын әдісім:

1.  Сүт ішіне сары май салып, ысытып ішу;

2.Шикі жұмыртқаны күнде таңертең аш қарынға ішу;

3.Шәй ішкенде ішіне бал, лимон қосып ішу;

4.Мойынға, әсіресе, тамақ тұсына спирт жағып, йодтан тор жасап жағып, бинтпен орап тастау.Ал, тез сауығып кеткейсің!

Рахмет.1ші тәсілді жасап көрейін)
0 дауыс

Негізі даусын қалпына келтіру үшін, шикі жұмырқаны ішіп ал деп бір әннен беретін ағай айтқан еді.

Рахмет!)
0 дауыс

Суық тиіп дауысыңды жоғалтып алсаң,ыстық сүтке әсел қосып іш!

Әсел деген немене?
Әсел деген мёд,бал.https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRogQTLsMpN2iIPTgvfD5EFaplXLhYk-SKBEcEbALY7OZASrvsO5w
Белгісіз
0 дауыс

Мойынға компресс жасап, Стрепсилс не Ангисепт таблеткаларын сорып жүр. Жылы оранып, 2 таблетка аспирин, артынша варенье не қара бұрыш қосып ыстық қара шай іш. Жақсылап терлесең, тамағың ашылады.

Рахмет!)
0 дауыс

Кәдігімгі бас пиязды майдалап турап бір кесе сүтке әбден қайнатып, бір шай қасық бал қосып ыстықтай ұрттап - ұрттап ішу керек, көмегі өте зор.

Рахмет!)

Ұқсас сұрақтар

...