0 дауыс
2.0k көрілді

Бөлім бастығының үстіне қалай шағым түсіруге болады? Немесе жазуға? Маған үлгілері керек.

1 жауап

0 дауыс

ТҮСІНІКТЕМЕ Негізгі мәтін кіріспе сөзден басталады. Мысалы, "Менін Сізге арыз беру себебім,". Ары қарай қүжаттың мәнін ашатын, арыз жазуға себеп болып отырған негізгі мәселе соз болады. Мәтін соңында қүнделіқті қызмет этикасын сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы, "Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сүраймын", "Нүсқау беруіңізді сүраймын" т.б. Мәтін парақтың бар кеңдігіне, тақырыптан төмен жазылады. Жазылу мерзімі. Арыздың жазылған күні, айы (жазбаша) және жылы көрсетіледі. Жазылу мерзімі негізгі мәтіннен төмен, парактың сол жақ бөлігінде орналасады. Мысалы, 24 наурыз 2000 жыл. Қолы. Арыз жазушының атқаратын қызметінің толық ресми аты жазылады, кол қойылады. Парақтың оң жағына фамилиясы, аты-жөні жазылады. Мысалы, Қазақ-Британ техникалық университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы ________Бекенова А.К. (қолы) Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді. Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі. Ескерту: 1. Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек. 2. Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады. 3. Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс. 

...