1.Адырна-жақтың (садақтың) негізгі бөлігінің атауы.Ағаштан,сүйектен мүйізден иіп құрастырады. Адырнаға қайыстан, тарамыстан немесе жібектен керме жіп-кіріс байлайды. Адырна ның иіні, екі басы, белі әртүрлі ағаштан жасалып, иіні серпінді болу үшін мүйіз, белі берік болу үшін сүйек қабаттастырылып, өнбойы тарамыспен шандып байланады, сырты қайыңның тозымен қапталады.
2.Адырна-қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады.