+3 дауыс
4.0k көрілді
Мысалы сиырлар, жылқылар құйрығымен шыбын -шіркей қууымен болады жазда. Ал ит, мысық, түлкі, қасқыр, тиін, жолбарыс .т.б Құстардың құйрығы ше?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мысалы маймылдың құйрығы оның қолы десе болады. Маймыл құйрығымен өзінін қорегін ұстайды. Ағашқа құйрығының көмегімен шығады. Ал мысықтар құйрығымен иесіне еркелейді,тепе-теңдікті ұстайды. Иттің құйрығы қысқа болса да ол да мағына береді. Егер иттің құйрығы төмен түсіп қозғалмай тұрса оның қорыққанын білдіреді. Ал жоғары көтеріліп тұрса шаттанғанын,көнілді болғанын білдіреді. Кесірткенің құйрығы қорегін ұстау үшін керек. Оның құйрығы жұлынып немесе түсіп қалса ол қайтадан өсіп шығады. Құстардың құйрығы өзін-тепе тең ұстау үшін және ұшқан кезде де септігін тигізеді. Ал жолбарыс деген секілді жылдам жүгіретін жануарлардың құйрығы жүгіруіне септігін тигізеді.
+3 дауыс
Мына жерде кереметтей жауаптар бар екен: http://ppt4web.ru/biologija/zachem-zhivotnym-nuzhen-khvost.html
+3 дауыс

Көркем қыз! Ит тұқымдас және мысық тұқымдас жануарларда құйрық жануардың қозғалыста тепе-теңдік сақтауына қажет. "Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады" - дейді дана халқымыз. Құстың құйрығы самолеттің стабилизаторы сияқты қызмет атқарады.

+4 дауыс

Жануарлардың құйрықтары оларға жүгірген-секірген кезде денесі ауып кетпеуі үшін керек. Мысалы, мысықтың құйрығын кесіп тастаса, ол лақтырған кезде төрт аяғына тік түсе алмайды. Ал тиін ағаштан-ағашқа секіре алмайды, секірсе ағашқа соғылып жерге құлап түседі.

0суретті қалай қойдан?
+1 дауыс
Жануарлар құйрығын көбіне ағашқа өрмелеуде (маймылға т.б),секіргенде (тиін т.б),жүгіргенде (қабылан) қолданады.
0 дауыс
ар турли мысалы кенгрудин куйрыгы секируине ал кейбир жануарларга коргану ушин кажет
0 дауыс
кенгируге секируге жыланга коргануга кажет

Ұқсас сұрақтар

...