+3 дауыс
1.2k көрілді

Биология физика тарих пандерин 15 рет қайта қайта қайталап оқысамда түсінбейм неге?

Нешінші сынып оқисын?
9 сынып оқимын

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Оқығанда тек сол оқып отырған нәрсеңді ойлау керек яғни бар зейініңді соған қойып.Мүмкін сен басқа нәрсе ойлап отыратын шығарсың оо 1 бет қалды сосын бітем немесе кәзір тез оқып тастайын сосын агентке кірем тағы осы сияқты керек емес нәрселерді ойлап отыратын шығарсың.Сосын түсінбейсің.

+7 дауыс

Себебі түсініп оқымайсың, құр оқыған көмектеспейді.

 "Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер."-депті ғой Абай атамыз.

+3 дауыс

ойынызды жинактап сабакты ойланыныз зиенинизди соган жумсаныз

 

+3 дауыс

Әдеби кітаптар оқымағасыңғой мыйың кітап оқуға дағдыланбаған. 

+2 дауыс

Қандай да бір кітап болмасын, оны оқығанда басқаға алаңдамай, ой тізбегін бөлмей, мұқият оқу керек.

+2 дауыс

Қызығушылық болмағаннан-ау деймін.

0 дауыс
15 РЕТ ОҚЫҒАНДА ЖАТТАП АЛАТЫН ДӘРЕЖЕГЕ ЖЕТЕДІ ЕМЕС ПЕ?
0 дауыс
Басында сондай болад ол ушын кытап оки беру керек
...