0 дауыс
7.7k көрілді

Мен ҰБТ-ға байланысты неліктен дұрыс еместігі туралы мағлұмат керек. ҰБТ-ның зияны қандай?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сәлеметсіздер ме!  Меніңше ҰБТ -ның күші кеткен  сиақты.  Біз 11 сыныпта шыны керек тек тест жаттап отыратынбыз. Бізге тағы кітапшалар береді соны жаттасан болды. Үйінде болсын, сабаққа қатыспасанда болатын. Түсінбесен сұрайсын, қосымша болатын. Ол тест алдынғы жылғылар. Жыл сайын жаңаланытын 10 немесе 20 пайыз дейді. Бірақ мен тапсырғанда аса  жаңалау көрмедім. 

Дайындалған бала өтеді ғой әрине. Бірақ оқымайтындар көп жинап жатыр ғой жыл сайын. Аузы қисық болсада байдын қызы сөйлесін боп жатыр. Олар сатып алады жауабын. Сіздер тек ауылда сондай деменіздер, қалада да сатып алады. Сол үшін бір өзгеріс керек сиақты. 

Өткен жылы мектепте емтихан тапсырады, одан өтсе грантқа өзі қалаған жоғарғы оқу орнына тапсырады мыс деген сыбыс шыққан еді, меніңше сол дұрыс сиақты. 

ҰБТ - ны зиан демеймін. Бірақ бір өзгеріс керегі анық. 

 

0 дауыс

Ешқандай зияны жоқ оқыған адамға.

0 дауыс

Сұхбаттар

 ҰБТ-ны жаман деп айта алмаймын. Оның жақсы және жаман жақтары болды. Оны мойындауымыз керек. Жақсы жағы дейтінім, ол ауылда оқитын, не болмаса қалада тіпті орыс не қазақ мектебінде оқитын оқушылардың білім сапасын салыстыруға мүмкіндік бар еді. Кезінде «қазақ мектебінде оқитындардың үлгерімі нашар, білім жоқ» деп айтылатын. ҰБТ осыны жоққа шығарды. Керісінше қазақ мектептерінде оқитын балалар әлдеқайда өздерінің білімді екендіктерін көрсетіп берді. Жалпы, осы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу бағдарламасын әлі де жетілдіру керек еді. Бұл оқушы үшін де өте тиімді. Бір рет қана сынақтан өтесің де, жақсы бал жинай алсаң, ЖОО түсуге мүмкіндік аласың. Ал екінші бір қыры талай жақсы оқитын балалар осы сынақта сәтсіздікке ұшырап, өз-өзіне қол жұмсаған жағымсыз оқиғалар да болды. Дегенмен оның да алдын алуға болатын еді. Сондықтан бірден ҰБТ тиімсіз деп оны іске алғысыз етудің реті жоқ. Ал баяғыдай емтихан мәселесін ендіретін болса, оқушы екі рет әуреленуге тура келеді. 

– Меніңше, бұл өте оңды бетбұрыс деп ойлаймын. Неге десең, осы кезге дейін мектеп оқушылары, соңғы жылын тек ҰБТ-ға дайындалумен өткізіп, мектеп бағдарламасын кері ысырып қоятын. Бұл дұрыс емес. ҰБТ-ға даярланған бала үнемі стресте жүреді. Жүрекке, жүйкеге салмақ салады. Сәтсіздікке ұшырап жатса, суиицидке ойланбай баратындары бар. Ал емтихан тапсыру – өте дұрыс қадам. Біріншіден, жағымсыз оқиғалардың алдын аламыз. Екіншіден, жеткіншек өзінің қалаған мамандығы бойынша емтихан тапсырады. Білімін сол сала бойынша жетілдіреді. Ізденеді. Меніңше осы емтихан тапсыру тиімді болмақ. 

Менің балалар жайлы жазып жүргенім, балалардың «Ұлан» газетінде Бас редактор болғаным бір басқа. Онымен қоймай, біраз жыл мұғалім болып та істедім. Оқушылардың жай-күйімен жақсы таныспын деп айта аламын. Шынымды айтсам, қанша мақтағанмен ҰБТ ұнамайтын. Өйткені оқушы соған ғана даярланады. Соның сұрақтарын тауып алуға тырысады.Тіпті оның сұрақтарын қандай да бір жолмен қолға түсіріп, бизнеске айналдырғандар бар. Ал емтиханның жөні бір басқа, Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық, Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деген жыр шумағы бар емес пе?! Маған соның «ықыласпен оқылық» дегені қатты ұнайды. Өйткені шын көңілімен, ықыласын қоя оқыған баладан ғана бір нәрсе шығады. Ал тек ҰБТ-ның сұрақтарын жаттап, сол деңгейде қалып қойған баладан мықты, білімді азамат қалыптасады деп айта қою қиын сияқты. Демек, емтихан тапсыру мәселесі қайта қойылып жатса, оны құптаған жөн.

0 дауыс

11 жыл бойғы Өз біліміңді тексеру. Яғни, болашағыңды сонымен байланыстыру. Менің ойымша, ешқандай зияны жоқ.

+1 дауыс

ҰБТ - деген ұлтты надандыратын, ең сорақы, зымиян әрекет (халықты сауатсыздандырудың ең оңай тәсілі) 

"Сауатсыз электорат - ең жақсы электорат"

0 дауыс

ұбт-ның ешқандай зияны жоқ, оқымаған адамға зиянды болып көрінеді

0 дауыс

Ең үлкен зияны төмен балл алып қалған яғни құласан СУИЦИД болуы мүмкін оқушы.Білетін шығарсыздар суицид өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.

0 дауыс

Жақсы оқитын адамдарға зияны жоқ.Ал керісінше,жалқау,оқуға ынтасы жоқ адамдар ҰБТыны қаламайды.

0 дауыс

ҰБТ-ның зияннан басқа берерi жоқ

Осымен сегiзiншi жыл қатарынан өткiзiлген тестiлеу онсыз да қадiрi түсiп бара жатқан ана тiлiмiздiң беделiн одан сайын түсiруде. Олай дейтiнiм, сөйлей алатын “мылқаулардың” бiлiмiн анықтайтын тестiлеу шын бiлiмдi сұйылтумен қоса, екi сөздiң басын әрең қосатын қазақтарға тiптен жақсы болды. Тiлiмiздiң құрметiн арттырып, тiл байлығымызға демеу болудың орнына мүлде шектеп тастағандай.

Сонымен қатар, “Тисе терекке, тимесе бұтаққа” деп болжалдап белгiлейтiн оқушылардың ұпайы 11 жыл бойы аянбай еңбектенген оқушылардан асып түсiп, грант иегерi атануы, ал мектеп табалдырығын аттаған сәттен қоштасар кезеңге дейiн үздiк оқыған оқушылардың оқуға түсе алмауы қынжылтады. “Болашақ – жастарда”, “Жастар – өмiрдiң жалғасы”, “Қазақстанымызды биiкке көтеретiн – жастар” деймiз-ау тағы... Алайда мәселе бiлiмге емес, ақша мен танысқа тiрелiп тұрған заманда, әлеуметтiк жағдайы төмен жастардың өмiрден өз орындарын табуы да қиын. Әрi бұл жайт Қазақстанымызды биiкке көтермесi де хақ. Яғни ҰБТ – рухани байлығымыз бен бiлiмiмiзге орасан зиянын және керi әсерiн тигiзедi. Жүйкенi шымырлатқан ащы шындық осы.

 

0 дауыс

Әрине зияны бар! Әр адамның өз арманы болады мамандыққа байланысты, ал енді ұбт- ға келгенде сол мамандықтың баллы көп болса, амал жоқ арманыңыздан бас тартасыз да баллы аз пәнді таңдайсыз! Болды жас кезіңізден бері құрған жоспарларыңыз армандарыңыз жоқ болып кетеді! Қайтадан басқа жоспар керек болады

0 дауыс
Әрине  таяқтың екі ұшы болады. Жаман жағы жоқ , мінсіз жүйені табу әсте қиын болып тұр. Алайда ҰБТ тест. Яғни оқушы тисе терекке ,тимесе бұтаққа деп белгілеп берсе де болады. ҰБт қиын емес. Себебі алдыңда таңдау бар. Сондықтан да нағыз білімнің көрсеткіші болып табылмайды. Бағың шапса жоғары ВУЗға түсуге болады, ал керісінше болса  тағдыр...
...