+5 дауыс
842 көрілді
Құрбым бір жігітпен жүріп жүр. Оның көзіне ғашықпын дейді. Інімнің де жүретін қызы бар екен, бетінде әдемі өзіне жарасқан қалы бар. Ешкімге ұқсамайды , ол қыз ерекше жаратылған дейді қызарақтап. Енді біреуі сөзіне ғашық болады, кейбір қыз жігіттер байлығына, қымбат көлік , коттедждеріне, енді біреулер сұлулығына, сымбатына ғашық болады. Ғашық бола береді ..т.с.с) Сұрайын дегенім осы ғашықтықтың қайсысы ғұмырлы болады?

6 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ғашықтық...Әр пенденің жүрек түкпіріне бас сұғатұғын махаббат...Ия,оны дәріптеуге тіл байланар..Ғашықтық ғаламатын ұғына білген кезде,оның жанынан жырақтай білу мүмкін емес.Әр адам өзінше ғашық.Бірі шынайы жүрекпен,енді бірі өткінші дүниеге алдана отырып ғашық болады.Бұл сезім жүрегіңе кіріп келеді.Сол кезде ақылың мен санаң осы сезімді түсіндіруге,ал жүрегің өзінде не болып жатқанын ұғынуға дәрменсіз күйде болса,міне,сол кезде ғашықтық ғұмырлы болады.Сыртқы келбетіне,сұлулыққа ғашық болу көз нәпсісімен болатұғын дүниелер..Ол - өткінші..Әрбір жаратылыс - ғажап сұлулыққа ие.Оған таңданумен қараймыз,кейде мін тағумен боламыз.Сұлулыққа иланып жасалған махаббаттың қамалы берік емес.Шын сезімге ұсқынсыз дегеннің өзі сұлу болмақ.Ал байлық - бітпейтұғын дүние емес.Оны таба да аласың,жоғалта да аласың.Ақша,мал-мүлік - ұлы сезімге пенде нәпсісімен келетұғын дүниелер.Ал енді жүрек қалауымен себепсіз ғашық болу...Жүрек тынымсыз соғады..Оның жанында сол соғуы өзгергендей күй кешеді.Бәрін ұғына білетін ақыл болса,осы кезде ол дәрменсіз күйде бір шетте қалады.Мен мұны не үшін жақсы көремін деп ойлайсың..Бірақ,жауап жоқ...Оның жауабын түсіндіруге тырысасың..Ол мені түсінеді,жанымнан табылады..Сол үшін шығар..Алайда бұл ойдың ісі болады..Сұрақтың жауабын іздеп жүрген кезде,өмір көші де соңына келіп қалған болады.Ал ғұмырлы болған ғашықтық сезім өзіңмен бірге болған болады......

+4 дауыс
Сiз айткан тiзiмнiн барiн "гашыктыкка" жаткыза алмаймыз...Мен гашыктык не екенiн айтып кете салайын.Гашыктык дегенiн-кыз бен жiгiттiн бiр максатка,бiр арманга екеуi бiрге умтылуын айтамыз.
+8 дауыс

меніің ойымша : бірінші сен айтқан құрбыңның көзіне ғашықпын дегені ұзаққа, яғни ол көзі өшкенше жалғасатын сезім) 

ал жұрт қызығатын : көлік, үй, т.б байлықтың барлығы бірде бар бірде жоқ дүниелер) байлық қолдан кеткенде ол сезі де өшіп кетеді)

ал сұлулық және сымбаттылық дегенің , тап бір қолдан салынған сурет секилди) сурет бираз уақыттан кейин ескіріп, бояулары оңып кетеді) бұл махаббат сезімі де солай

айтқым келгені: сен оның ішкі дүниесіне) адамгершілік және сыйласытығына , және бір біріне сенсе, міне сонда махаббат ғұмырлы болады)

толықтай келісемін
+3 дауыс
Сұлулыққа ғашық болу дұрыс. Бірақ тәннің емес, жанның сұлулығы керек.
+3 дауыс

Меніңше еш себепсіз ғашықтық ғұмырлы болады... 

+2 дауыс

ғашық болған адам оның кемшілігін де жақсы көріп, әрбір клеткасына дейін соған деген сүйіспеншілігі болады

...