+1 дауыс
25.3k көрілді

Синтаксистік талдауға мысал керек еді?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жай сөйлем (простое предложение) Тымақтың түрілмеген құлағы жағын сабалап, шекпенінің етегі 
делдие түсіп, еңкелей басып Омар Маратты қуып жетті.
қуып жетті – күрделі етістік , күрделі баяндауыш, /не істеді?/; 
(сложный глагол, сложное сказуемое,что сделал?)
Омар – жалқы есім, дара бастауыш, / кім?/; (собственное имя, простое подлежащее, кто?)
Маратты – жалқы есім, дара, тура толықтауыш /кімді?/; (собств.имя, прямое дополнение, кого?)
құлағы сабалап – үйірлі пысықтауыш, амал пысықтауыш, /қалай?/
(составное объстоятельство, образа действия, как?)
жағын – жалпы есімнен болған дара,тура толықтауыш, /несін?/;
(нариц.имя «жақ», простое, прямое дополнение, что?)
шекпенінің етегі делдие түсіп - үйірлі амал пысықтауыш, /қалай?/; 
(составное объстоятельство образа действия, как?)
еңкелей басып – күрделі амал пысықтауыш, /қалай?/; (сложное обстоят. обр.действия, как?)

НЕГІЗІ ТАЛДАУ ТҮРІ ОСЫНДАЙ ТҮРДЕ. БІРАҚ БҰЛ ЖАЗБАША ТҮРІ. ЖӘНЕДЕ АЙТАРЫМ СИНТАКСИСТІК ТАЛДАУ ДЕГЕН ЕҢ ОҢАЙ НӘРСЕ ЕМЕС ПЕ? КЕЗ КЕЛГЕН СӨЙЛЕМДІ СИНТАКСИСТІК ЖОЛМЕН ТАЛДАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ. НАҚТЫ МЫСАЛ РЕТІНДК СӨЙЛЕМ КЕЛТІРУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ. КЕЗ КЕЛГЕН СӨЙЛЕМДІ АЛЫП, ТАЛДАЙ БЕРІҢІЗ.

көп рахмет
0 дауыс
Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады
0 дауыс
  Лексикалық талдау Талдау реті: Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта. Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма) Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде. Талдау үлгісі: Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті. жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада. жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним: жылы — жалпылама қолданылатын сөз. Сөз құрамына талдау: Кітапханашы - зат есім. кітап - түбір хана, шы - сөз тудырушы жұрнақтар Кетеді - етістік. кет - түбір е - ауыспалы келер шақ жұрнағы ді - жіктік жалғау (3 жақ)  Сөз тіркесіне талдау  1) Байланысып тұрған сөздерді тауып аламыз.  2) Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының байланысу тәсілін табамыз.  3) Сөз табы, тұлғасы жағынан талдау арқылы байланыс түрін анықтаймыз.  4) Синтаксистік қатынасты көрсетеміз.  Талдау үлгісі:  Мен Әміредей әншіні бірінші рет кездестірдім.  Мен кездестірдім.  Жіктік жалғауының І жағы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  1) жіктеу есімдік, атау тұлғада, жекеше, 2) етістік, жедел өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-қиысу.  Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынас.  Әншіні кездестірдім.  Табыс септігінің жалғауы. Байланысу тәсілі – жалғау арқылы.  1) Зат есім, табыс септікте, 2) етістік, өткен шақ, жіктік жалғауда. Байланысу түрі-меңгеру.  Синтаксистік талдау үлгісі:  1) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр. (жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма)  2) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне (не істеп жатыр)? - ұсынып жатыр. [күрделі баяндауыш]  3) (Кімдер) қолдарындағы гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр? – Оқушылар. [дара бастауыш]  4) Оқушылар (қайдағы) гүлшоқтарын мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- қолдарындағы. [пысықтауыш]  5) Оқушылар қолдарындағы (нелерін) мұғалімдеріне ұсынып жатыр?- гүлшоқтарын. [тура толықтауыш]  6) Оқушылар қолдарындағы гүлшоқтарын (кімдеріне) ұсынып жатыр?- мұғалімдеріне. [жанама толықтауыш]
0 дауыс
Қарайғанға қараймын
...