+1 дауыс
9.6k көрілді

Апам кейде тілі кекештеніп жане есте сақтау қабілеті нашарлай бастады, екі рет инсульт алды. Дәрігерлер бүйректегі қан қысымы және басында тамырлар жарылған дейді. Сұрағым: бұл қаншалықты қауіпті және қалай емдеген жөн?

4 жауап

+1 дауыс

http://densaulyk.astana.kz/blog_segizbaeva/index.php?Itemid=141&lang=kz&option=com_jcomments сұрағыңызды мында қойып көріңіз.

 

+1 дауыс

Қазіргі уақыттағы ең көп тараған сырқаттың бірі – қан тамырының қысымы екені белгілі. Елімізде әр оныншы адам осы аурумен ауырады. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтыны уақыт өте келе ғана бел­гілі болады. Дер кезінде ем қолданбаса, ол жүректің жансыздануына (инфаркт) немесе жүрек қыспасына (стенокардияға) әкеліп соқтырады. Жү­рек­тің бұлшық еттерін әлсі­ре­теді, оның жұмысын тежейді. Арты миға қан құйылуға, соқырлыққа, бауырдың нашарлауына ұласады.

«Гипертония» термині қан қы­сымының көтерілуін белгілеу үшін қолданылады. Қан тамыры қысымының жоғарылауы қан тамырының немесе оның ұсақ тармақтарының тарылуынан басталады. Кейбір адамдарда ұсақ қан тармақтары жиі тарылады. Әуелі қан тармақтарының жиырылуынан, кейін тамыр қабырғаларының қалыңдауынан ұдайы тарылады. Осыған байланысты, қан айналымы кезінде жүректің жұмысы күшейеді де, тамыр арнасына қан көптеп шығарылады. Мұндай жағдайға тап болған адамдарда, әдеттегідей, қан тамырының қысымы жоғарылайды.

Өте сирек жағдайда, яғни он адамның біреуінде қан тамыры қысымының жоғарылауы бір ор­ганның зақымдануынан болады. Мұны қан қысымының қайталануы деп түсінген жөн. Алайда, көптеген жағдайда, сырқаттардың 90 пайызы мөлшерінде қан қысымы бірінші рет басталады, оны эссенциялдық (мәнді) қан қысымының жоғарылауы деп айтады. Қан қысымы жоғарылауының се­бебі толық анықталмағанына қа­ра­мастан, емделмеген адамның өміріне қауіп төнетіні күмән тудырмасы анық. Қан қысымы ас­қынуының жиі кезде­сетін басты себептері – ми, жү­рек және бүй­рек сияқты өмірлік маңызды ор­гандардың зақымдануы.

Әрбір оныншы ересек адамның жоғары қан тамыры қысымы бар. Бұлардың тең жартысы бұл туралы біледі. Және осылар ғана дәрігер­дің ем-домын қа­был­дай­ды. Көптеген сырқаттар ұсынылған дә­рі-дәрмектерді қа­былдауды өз ерік­терімен тоқтатады, ал бұл көп жағдайда аурудың асқынуына әке­леді. Кейбіреулері ұсыныл­ған дәрі-дәрмектің мөлшерін өз­гертеді. Бұлай жасауға мүлдем болмайды!

Қан қысымының жоғарылауы, негізінен қызыл тамырдың ішіне майлы заттардың жиналып қалуынан жүректің ишемиялық ауруын және миға қан құйылуын өр­шітіп, адам өміріне қауіп тудырушы басты фактор болып табылады. Қан қысымы мен артериялық тамырлардың зақымдануы өзара тығыз байланысып, бір-бірінің әрекетін күшейте тү­седі. Сондықтан, қазіргі кезде қан қысымының жоғарылуы ауруын емдеу тек қана қан тамырының қысымын қалпына кел­тірумен шек­телмейді. Міндетті түрде, негізгі әрекет қауіп-қатер факторын жоюға бағытталуы керек.

Ол үшін: бірінші, жейтін тағамның кө­лемі. Салмақтың артуы ке­зінде қан тамырының қысымы жоғарылайды, бұл жүректі сал­мақпен жұмыс істеуге мәж­бүр етеді. Ал, салмақты азайту өз кезе­гінде қан тамыры қысымын тө­мендетуде маңызды роль атқарады.

Екінші, пайдаланатын майдың көлемі. Тамақпен бірге сі­ңе­тін майлар, әсіресе, майдан бөлінетін холестерин деңгейі­нің артуына себепші болуы мүмкін. Холестерин – ағзаның бірқалып­ты жұмыс істеуіне пай­дасын тигізетін құрамдас бөлік болғанымен, оны артық пайдалану артериялық тамырлардың ішіне майлы заттардың жиналып, жү­ректің ишемиялық ауруының қауіп-қатерін шұғыл өсіреді.

Сіздің дәрігеріңіз холес­те­ринді бақылау үшін қажетті шараларды анықтайды. Дегенмен, денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Мә­зір­дегі ет тағамдарын азайтып, қуырылған тағамдарға мүлдем жоламаңыз. Майы аз сүт және өсімдіктен дайындалатын тағамдарға көңіл қойыңыз.

Үшін­ші, тұзды шектеудің қа­жеттігі. Өйткені тұз ағзадағы сұйықты бөгейді. Егер астың дәмін келтіргіңіз келсе, бұ­рышты, лимон шырынын немесе тұз­дың орнына дәм­деуіш­ті пайдаланыңыз. Тәу­лігіне ең көп дегенде ас тұзының 5 грамын немесе 1 шәй қасығын пайдалануға болады.

Жаналқым (стресс) – ХХ ға­сырдың соққысы. Бұл жағдайда адамдар шылымды көп шегіп, ішімдікке салынады, тамақты да мөлшерден артық ішеді. Қалай дегенмен де, қорқудың қажеті жоқ. Дүниежүзінде миллиондаған адамдар қан тамыры қысымын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді ұзақ және тұ­рақты түрде қабылдайды. Солай бола тұра, жұмыс істеу қа­білетін сақтай отырып, белсенді өмір салтын ұстанады.

Қан қысымы дәрілерін ұдайы ішкен жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары – миға қан құйылуы (инсульт) мен жүректің жансыздануы (инфаркт) асқынуының арту ықтималдығы айтарлықтай төмендейді. Көңіл-күйі­нің жоғарылығына байланысты дәрі-дәрмек қабылдамайтын сыр­қаттарда аурудың асқыну қаупі өте жоғары болады.

Дәрі-дәрмектердің белгі­лен­ген мөлшерін өз бетінше өзгертуге немесе дәрігердің ұйғарымынсыз оларды ауыстыруға болмайды, өйткені дәрілердің кейбірі өзгертулерге жағымсыз әсер танытады. Бұл жағдайда сырқат өзін нашар сезініп, қан тамырының қысымы жоғарылайды. Тек дәрігер мен оған қаралушының арасындағы сенімді қарым-қатынас қана қан тамыры қысымы ауруын емдеуде жағымды нәтижелерге қол жет­кізуге көмектесетінін есте ұстаңыз.

0 дауыс

Қауіптілігі: ми тамырларының жарылуы (геморрагиялық инсульт ) , жүрек ауруларына алып келуі, т.б. Емі : 1.Тағамдық рационнан тұз бен суды азайту ,

2) Стресстік жағдайлардың алдын алу

3) Қан қысымын түсіретін дәрілерді үнемі ішіп отыру АМЛИПИН 1 таблеткадан 1 рет ,

4) Қан қысымы қатты жоғарылағанда КОРИНФАР 10мг тіл астына салу ,

 5) Уақытымен стационарлық ем алып отыру (Алып келген аурумен күресу)

 

0 дауыс
Давление кезинде журектин айнуы боладыма жалпы кай жерлер ауыруы мумкин
...