+1 дауыс
349 көрілді

HP Descjet 2050 Print Scan Copy принтерімді компьютеріме жалғай алмай жатырмын. Дискісін салып установить етсем ошибка деп шығып алып жатыр. Енді не істеуге болады.

3 жауап

0 дауыс

Бұрынғы принтер болса, онда тек Windows XP операциялық жүйесіне ғана орнатылады.

0 дауыс

Неше түрлі факторлар рөл ойнауы мүмкін мұндай жағдайда. Көп принтерлер өзімен бірге келетін бағдарламалық жабдықтамасы салынған диск 32 биттік операциялық жүйге лайық болып келеді. Ал сіздің компьютеріңіз 64 биттік болса орнатылмайды. Ондай кезде интернеттен 64 биттік драйверін жүктеп алып орнатып қолданамыз.

Бұл бірінші жағдай. Екінші жағдай бар. Егер сіздің принтеріңіздің USB сымы қосылмаған болса драйвері орнатылмайды. Себебі арнайы бөлікке келгенде принтер мен компьютер қосылып тұр ма деген тексеру болады. Сосын барып толық драйвер орнатылады. Осы кезде сіз принтерге USB сымы қосулы ма соны тексеруіңіз керек.

Үшінші жағдай. Кейде принтердің дайвері орнатылады. Бірақ көп адам жаңадан принтер сатыл алған соң ішіндегі қызылсары, қорғаныс пласмассаларын алып тастамайды. Сол кезде принтер дұрыс тимей тұрады. Тиісінше қателер шығады. Принтердің қорғаныс пласмассасын және картирждегі ілмекпен тартып алынатын кленканы алып тастау қажет болады.

Бірақ сіздің жазған сұрағыңызға қарағанда біріші жағдай болуы керек. Яғни драйвер сайкес келмей қате шығып жатыр. Мүмкін сіз салып тұрған диск 64 биттік сіздің операциялық жүйеңіз 32 биттік сондықтан қате шығып тұрған болуы керек.

0 дауыс

http://h10025.www1.hp.com/ewfrf/wc/softwareDownloadIndex?cc=ru&lc=ru&dlc=ru&jumpid=ex_r4155/hho/ipg/ccdoc/printer_diag/&softwareitem=Im-126360-1

осы программаны орнатып алып көріңізші.

Көп рахмеет!!! Бірақ ол сайтты тусінбей тұрғаным???
...