0 дауыс
466 көрілді

Мен бір жігітпен танысып жақсы жүрдік, сосын оның әйелі келіп бізді ажыратып қайтарып алды күйеуін олардың 2 баласы бар, бірақ ажырасып кеткен болатын, ол оқымаған жай қарапайым адам бірақ тіршілігі бар. Содан ол менімен хабарласып жүрді, мен басқа жігітпен танысып тұрмыс құрдым, ойымдағыдай оқыған бар жағдайы бар. Бірақ сол бұрынғы жігітті ұмыта алмаймын, күйеуім жақсы бірақ маған ұнамайтындығы көп сөйлемейді анау сияқты еркелетпейді. Анау әйелімен ажрасып кетті, мен ажрасып кетіп қайтып соған барайын десем қорқамын, ол кел дейді. Ол шын сүйеді көзім жеткен. Күйеуім әйтеуір тұрып кетерміз деп қосылғанбыз, арада сол қазақбайшылық ағайындық та бар, әке шешелеріміз бір ауылдан шыққан түп тамырымыз таныс.

3 жауап

+1 дауыс

менің сізге айтарым ақыл деп айтпай ақ қояйын өз ойымды айтсам.сіз күйеуіңізден ешқандай қорлық көрмедіңіз өзіңіз ол кісіні жақсы адам дейсіз.егер ол кісіден еш себепсіз ажырасып ,тастап кетсеніз бұрынғы жігітінізбен қалай бақытты боласыз? былай қарағанда күйеуіңіздін еш кінәсі болмай тұрғой.мен ойлаймын күйеуіңізбен қалғаныңыз дұрыс деп.әрине сіз бұрыңғы жігітіңізді ұмыта алмай жүрсіз бірақ оны ертерек күйеуге шықпай тұрып ойлануыңыз керек еді.үйлену оңай үй болу қиын дейдіғой бәрі жақсы болып кететін шығар.

иә еш кінәсі жоқ, кінәміз бір бірімізді сүймей қосылғандығымыз және де маған ұнамайтыны әке - шешесін айтқанымен жүреді. Білмеймін мен жатырқай беремін әйтеуір соны.
сіз бұрыңғы жігітіңізді ойлап санаңыздан жүрегіңізден шығара алмай жүргендіктен күйеуіңізге жатырқай беретін шығарсыз.әйел қырық жанды дейдіғой бәрі өз қолыңызда сияқты.еріңізге көңіл бөліп оны жақсы көруге тырысыңыз.ата аналарыңыз бұрыннан таныс кісілер екен олардың ақ батасынан аттамағаныңыз дұрыс деп ойлаймын.
+1 дауыс

Меніңше сіздің ажыраспағыныңыз дұрыс.Оны күйеуіңізбен отау құрмай жатып ойлауыңыз керек еді.Күйеуіңіздің жазығы не сонда,ажырасатындай.Енді ана жігітке тоқталатын болсақ...Ол әйелімен ажырасқан.Сөйтіп сізбен жүрді.Әйелі қайтадан қайтарып алды дейсіз,егер сізді ол шын сүйетін болса,әйеліне барар ма еді?Енді сізді күйеуіңізбен ажырасты делік.Жаңағы жігітпен қосылдыңыз.Сосын бақытты боламыз деп ойлайсыз.Егер тағы да оны әйелі қайтарып алса,сіз не істейсіз.Және олардың 2  баласы бар.Әрине олар балаларын ойлап,қайта қосылуы мүмкін.Егер олар қосылмаса балаларға обал ғой.Кейін ол балаларға не болады?Сіз сол жігітті шын сүйген болсаңыз,оны өз еркіне жіберіңіз.Сіз онымен тұрмыс құрмаңыз.Ол сіз үшін ажырқасқан ба сонда?Оның балаларының бақытын да ойлап қойғаныңыз дұрыс болар.Сіздің енді күйеуіңізге тоқталатын боолсақ.Сізді ол еркелетпейтін болса,сіз оны еркелетіңіз.Ол жайлы жаман нәрсе ойламаңыз.Және де араларыңызда бала болса,жүдә жақсы болар еді.Күйеуіңіздің балаға назары ауып,және сіздің  де.Бұл жерде сіздердің бақыттарыңызды кілті-балада.Ең бастысы ажыраспаңыз.Бұл жерде бәрі сізге тіреліп тұр.Бәрі сіздің қолыңызда.Дұрыс жолды таңдаңыз.Дұрыс жол-ажыраспау.Болды,менің өз ойым осы.Артық кеткен жерлерім болса,айып етпеңіз.Мен тек өз ойымды айттым...

Рахмет пикиринизди билдиргенининзге. Енди косылмайтыны белгили, мен ушин ажраспаган менин катысым жок ол арада, куйеим де ажраскан бирак 1 баламен. бари маган келип тирелип тур сол шешимин таба алмай далмын.
иә дұрыс айтасыз сәбилі болсаныздар сәбилеріңіз бір біріңізге деген сезімді оятатын сияқты
0 дауыс

Аллаһтың ең жек көретін істерінің бірі - ажырасу. Бірақ ажырасу- шайтанның ең жақсы көретін ісі. Жартушы Аллаһ барлық жаратылысқа (бүкіл әлемге) өте Мейірімді, тілек-дұғаларды қабыл етуші. Сондықтан  Аллаһтан отбасыңызға сүйіспеншілік пен береке тілеңіз!  Ажырасу ешкімге де жақсылық әкелген емес, әрі қазақ халқы үшін "ажырасу" деген мүлдем жат ұғым болған еді кезінде... Оның үстіне дос бар, дұшпан бар дегендей (бұрынғы жігіт сіз үшін ажыраспаған болса да, жұрттың көбі сізді кінәлайтын болар ), елдің әңгімесіне қалатын шығарсыз...Ажыраспай, отбасыңызды сақтап қалғаныңыз әлдеқайда дұрыс болар!

...