Меніңше сіздің ажыраспағыныңыз дұрыс.Оны күйеуіңізбен отау құрмай жатып ойлауыңыз керек еді.Күйеуіңіздің жазығы не сонда,ажырасатындай.Енді ана жігітке тоқталатын болсақ...Ол әйелімен ажырасқан.Сөйтіп сізбен жүрді.Әйелі қайтадан қайтарып алды дейсіз,егер сізді ол шын сүйетін болса,әйеліне барар ма еді?Енді сізді күйеуіңізбен ажырасты делік.Жаңағы жігітпен қосылдыңыз.Сосын бақытты боламыз деп ойлайсыз.Егер тағы да оны әйелі қайтарып алса,сіз не істейсіз.Және олардың 2 баласы бар.Әрине олар балаларын ойлап,қайта қосылуы мүмкін.Егер олар қосылмаса балаларға обал ғой.Кейін ол балаларға не болады?Сіз сол жігітті шын сүйген болсаңыз,оны өз еркіне жіберіңіз.Сіз онымен тұрмыс құрмаңыз.Ол сіз үшін ажырқасқан ба сонда?Оның балаларының бақытын да ойлап қойғаныңыз дұрыс болар.Сіздің енді күйеуіңізге тоқталатын боолсақ.Сізді ол еркелетпейтін болса,сіз оны еркелетіңіз.Ол жайлы жаман нәрсе ойламаңыз.Және де араларыңызда бала болса,жүдә жақсы болар еді.Күйеуіңіздің балаға назары ауып,және сіздің де.Бұл жерде сіздердің бақыттарыңызды кілті-балада.Ең бастысы ажыраспаңыз.Бұл жерде бәрі сізге тіреліп тұр.Бәрі сіздің қолыңызда.Дұрыс жолды таңдаңыз.Дұрыс жол-ажыраспау.Болды,менің өз ойым осы.Артық кеткен жерлерім болса,айып етпеңіз.Мен тек өз ойымды айттым...