+3 дауыс
3.5k көрілді
Уақытты кері қайтару қолыңыздан келсе өміріңізден нені өзгертер едіңіз?

19 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап
Ал мен өзгергенде, ата-анамнан ерте айрылдым, әттең сол уақыттар қайтып келсе ата-анаммен уақытымды көбірек өткізіп, айрылып қалмауға тырысар едім, Әттееееең-ай бұл өмір..............
жетімсің бе?
Белгісіз
+6 дауыс
Мен өзгертпес едім! Осы өміріме де ризамын!
......................................................................................................................................................................
Демек сіз өміріңізде ешқандай қателіктер жасамағансыз ба? Әлде қателіктердің болғанына да ризасыз ба?
Қатты өкінетіндей қателік жасаған жоқпын!
Молодец болып тұрсыз ғой онда!:)
Молодец емес, обычныймын! Дүниеде қателеспейтін пенде жоқ!
конечно әр адам қателіктер жасайды, бастысы не болса да өкінбеу го!
Дұрыс айтасыз, және өкініп қалатындай қателіктер жасамауға тырысу керек!
иа тырысу керек, бірақта қателік жасағанда кейін өкінетініңді-өкінбейтініңді білмейсің ғо. Ол дұрыс шешім сияқты көрінеді, бірақ кейін өкінішке әкелуі мүмкін.
+3 дауыс
Уақытты кері айналдыратын мәшинем болса мен бұрынгы 5 т дан 5 а-ға көшер едім!Қазір 6т да оқимын!А класында староста болып жүру кайф екенғо!
+5 дауыс
"Аңырақай" шайқасына қатысар едім, мә...... көп әріге кетіп қалдым ба не? немесе 1986 жылғы "Желтоқсанға"
Құрсын айта көрме, соғыс тілеп жүрдейсің бе, Елімізге кішкентай болса пайдам тисін деп жатқаным ғой
ондайды тілемеймін ғо құрсын, жай ойнап жатқаным ғо
+8 дауыс
мен уақытты өзгертпес едім...Қателік жасаудан қорықпаңыз....Кім қателік жасамаса ол өмір сүрмегені...Ең маңыздысы жіберген қателіктеріңізден сабақ алу-деп бір ұлы адам айтыпты.Сол сияқты қателіктерді жөндеп керек емес...
+4 дауыс
Әрине ондай қолдан келсе,  кейде әттеген-ай деп қаласың ғой, сол кезді артқа айналдырып қайта дұрыс жасар едім! Көп болса 2-3 күн немесе 1-2 сағат артқа айналдыру болса!!!
+5 дауыс
2010 жыл,30 тамыз лібә сол кезде финалда пенальтиден мүлт кетіп едім,уақытты кейін айналдырып гол соғатын едім...
Ия сол жүріңдер керекинфодан үйреніп алған жаргон сөздеріңді әр жерге бір тықпалап(finger)
Керекинфодан үйрендім иә,бірақ мен Негативпін сол сайтта...
+6 дауыс
мектеп жасына қайта барған болар едім, әсіресе бастауыш сыныптарына.... эхххххххх қатты сағынып жүрмін мектебімді........ сол уақыттар шіркін қызық екен ғой, ойын мен сабақтан басқаны ойламау деген....
+4 дауыс
Бір кездері қателік жасап дәл сәттерде өкінген шығармын. Бірақ, олардың бәрі де өтті кетті, есімде де жоқ.
Мүмкін, барлық пәннен үздік болып, қызыл аттестатқа ілігер ма едім, әттең жалқаулығыммен 4 деген бағаларым бар.
+5 дауыс
уақытты қайтару қолымнан келсе, ең алдымен адамдық пен адалдықты үйренер едім. Жастық шағымның әрбір күнін өміріме алтын әріптермен жазуға ұмтылар едім.
+6 дауыс
ешнәрсені өзгертпес едім деп ойлаймын!жалпы осы өміріме ризамын!әр адам қателік жасаса да ол да бір жақсылық үшін шығар!және әр қателік өзімізге сабақ болады ғой))немесе басқа адамнын қателігінен бір нәрсе болса да үйренеміз деп ойлаймын!
+4 дауыс
"Господин Никто" фильміндегі соңғы диалогтан үзінді:

*"- Какая из всех жизней правильная?
- Каждая из этих жизней правильная. Каждый путь правильный. Всё на свете могло быть другим, но иметь тот же смысл."* - деген екен.

Фарида, сұрағыңның жауабын білгің келсе, ["Господин Никто"][1] фильмін қарауға кеңес беремін. Өз өмірін кері қайтарып білетін бала туралы фильм. :)

  [1]: http://www.kinopoisk.ru/level/1/film/232785/
Қарармын:)
+4 дауыс
Мен мінезімді. Менін мінезім кімге ұқсағанын білмедім. Менін мінезім өте қиын. Өзім біліп тұрсамда сондай мінезімді қоя алмаймын
+4 дауыс
қазіргі уақытта өткенімде жіберген қателіктер үшін уақытша ғана өкінемін. негізі "өткенге өкінбе" деген сөз бар. ал мен өмірімді кері айналдырсам дін жолына түсіп, бес уақыт намаз оқып сәждеге ерте бастан жығылар едім.
Қазір бастасаңыз да кеш емес
Дін жолына қазір түссеңіз де кеш емес, ештен кеш жақсы го. Соны түсіне білгеніңіздің өзі де жақсы
+3 дауыс
егер уақытты кері қайтару қолдан келсе,  әрине өкпелетіп алған жастарды, достарды өкпелетпеуге оларды ренжітпеуге тырысар едім.  бірақ қолдан келер шара жоқ. сондықтан жастар, "әттеген-ай!" деген күндеріңнен "шіркін-ай" деген күндерің көп болсын дегім келеді.
...