+7 дауыс
28.3k көрілді

Бұл романды оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Бірақ, егер Сіз бұл шығармамен таныс болмасаңыз, бұл олқылықты тезірек жоюға кеңес беремін. Себебі бұл роман нағыз махабаттың қандай болуы қажет екенін көрсетеді.

Романда махаббат тақырыбы Отан сүйгіштік, адал достық, адамгершілік, ауызбіршілік, ата-анаға және жасы үлкенге құрмет, тәрбие, маскүнемдік мәселелерімен ұштасып жатыр.

Романның бас кейіпкерлері Ербол мен Меңтайдың басынан кешкендері еш өзгерістерді қажет етпейді. Барлығы Оқиға желісі осылай баяндалуы, осылай тарқалуы керек сияқты. Романда армандарын арқалап, Алматыдағы қазақтың ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген болашақ филолог студенттердің басынан кешкендері суреттеледі. Махаббат дастаны баяндалады. Әңгіме Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1945-1947 жылдарда өрбиді. Отан алдында борышын өтеп келген Ербол мен анасы мен бауырын сұм соғыс жұтқан Меңтай бір-біріңе қосылу үшін қандай қиыншылықтарды бастарынан өткеретіні, оларға адал достары Майра мен Жомартбектің көмегі, зұлым адамдардың кесірінен Меңтайдың да, Ерболдың да қайғыруы баяндалады.

Мен оқыған басылымда роман аяқталғаннан кейін "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабы қалай жазылды?" деген мақала бар. Бұл мақалада автор оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, роман желісі бойынша біраз сырдың басын ашады. Осылай біз оқып жүрген роман өңделгенін, алғашқы басылым емес екендігін білдім. Оған қоса автор бұл романның оның замандастарына ұнай ма деген сұраққа толғанғандығын, ұнауы тиіс деген мақсат қойғанын білдім. Автор бұл мақсатын асыра орындады деуге болар. Өйткені бұл роман - тек 20-ғасырдың 70-жылдарының жастарына ғана емес, 21-ғасырдың жастарына да ұнайтынына кәміл сенемін.

23 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Тамаша кітап! Нағыз махаббат қой Меңтай мен Ербол арасында. Естуімше кейіпкерлердің бірі Кентауда тұрады екен.
+9 дауыс
мен оқыдым, ары қарай сұрай бер
Менінде оқығым келет қайдан алдын ? мен ол кітапты коп іздедім таппадым.
+7 дауыс
Атамұра дүкенінде сұрап көр (Гоголь көшесі, Абылай хан даңғылының қиылысында орналасқан), мен құрбымнан алып оқығанмын
қай қалада ?
+6 дауыс
Алматы қаласында, Фурманов көшесіндегі "Академ кітәп" дүкеніннен де табуға болады
+9 дауыс
Әзілхан Нұршайықовтың кітабы. Кітапханаларда жоқ дегенге сенбеймін.
+6 дауыс
Досеке Шымкентте бар гой ол кітап! Сатып алам десең МКТУ-га қарама -қарсы беттегі трендидің жанындағы Эврика кітап дүкенінде бар. Ал егер алып оқимын десең пушкин атындағы кітапханада бар.
Кентау  Шымкалага жакын гой Әзілхан ағаның барып амандасқанын кейіпкерімен теледидардан көрсеткен. кездессен тіптен қызықты болар!
<p style="text-align: justify;">
    Иә неткен керемет кітап!!! Ондағы автордың майдан уақытымен  бейбіт уақыттағы өмірді салыстыруы қатты ұнады!!! Алайда сондай кетемет шығармалардың иесі бұл өмірден кетті деуге сенгін келмейді! себебі өзі кеткенмен артында халық құмартып оқитын шығармаларын қалдырды емес пе! Мен оны интернетте отырып окыдым, ондағы Ерболдың қыздарды соғыстағы гранаталармен салыстыруы қатты ұнады!!!</p>
<p style="text-align: justify;">
     </p>
<p style="text-align: justify;">
     </p>
+9 дауыс
Маган сыйлык ретинде берген, барин окып шыктым.... Кушти китап...
Күшті емес жақсы кітап.
Жақсы кейіпкерден үлгі алады ғой,сондықтан алданбай қосылғаны дұрыс болар еді.
+8 дауыс

Мен оқып шыққанмын. Керемет кітап.


+7 дауыс

мен де оқығам, КЕРЕМЕТ кітап!

+7 дауыс
Осы сұрақты 9 айдан кейін ашсам да соншама риза болып отырмын.Мен жастарды кітап оқымайтын шығар деген ойда едім,бұл жердегі жауаптар ол ойымды тас-талқан етті.Досбол,осындай тамаша сұрақ қойғаның үшін саған рахмет.Бұл кітапты сонау жетпісінші жылдың адамдары басына жастанып жатып оқыған.
+7 дауыс
маған да ұнады бұл кітап, және Молдахмет Қаназов деген кісінің "Қияндағы күн нұры" деген тамашы кітабы бар, мен әр жылы, жазға демалысқа шыққанымда оқимын, тауып алсан оқуға кеңес берер едім!
+7 дауыс
Жылап отырып, 2-3 рет қайталап оқып шықтым.
+6 дауыс
Мен кітабын емес электронды нұсқасын оқыдым. Жақсы жазылған оқиға adebiet.kz сайытынан табуға болады.
+5 дауыс
Тамаша кітап!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+6 дауыс
Мен оқыдым. Өте жақсы кітап!!! Әсіресе, кейіпкердің көңіл-күйін соғыстағы жайттармен жақсы суреттей білген.
...