"Махаббат қызық мол жылдар" кітабын кім оқыған?

+7 дауыс
28.6k қаралым

Бұл романды оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Бірақ, егер Сіз бұл шығармамен таныс болмасаңыз, бұл олқылықты тезірек жоюға кеңес беремін. Себебі бұл роман нағыз махабаттың қандай болуы қажет екенін көрсетеді.

Романда махаббат тақырыбы Отан сүйгіштік, адал достық, адамгершілік, ауызбіршілік, ата-анаға және жасы үлкенге құрмет, тәрбие, маскүнемдік мәселелерімен ұштасып жатыр.

Романның бас кейіпкерлері Ербол мен Меңтайдың басынан кешкендері еш өзгерістерді қажет етпейді. Барлығы Оқиға желісі осылай баяндалуы, осылай тарқалуы керек сияқты. Романда армандарын арқалап, Алматыдағы қазақтың ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген болашақ филолог студенттердің басынан кешкендері суреттеледі. Махаббат дастаны баяндалады. Әңгіме Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1945-1947 жылдарда өрбиді. Отан алдында борышын өтеп келген Ербол мен анасы мен бауырын сұм соғыс жұтқан Меңтай бір-біріңе қосылу үшін қандай қиыншылықтарды бастарынан өткеретіні, оларға адал достары Майра мен Жомартбектің көмегі, зұлым адамдардың кесірінен Меңтайдың да, Ерболдың да қайғыруы баяндалады.

Мен оқыған басылымда роман аяқталғаннан кейін "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабы қалай жазылды?" деген мақала бар. Бұл мақалада автор оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, роман желісі бойынша біраз сырдың басын ашады. Осылай біз оқып жүрген роман өңделгенін, алғашқы басылым емес екендігін білдім. Оған қоса автор бұл романның оның замандастарына ұнай ма деген сұраққа толғанғандығын, ұнауы тиіс деген мақсат қойғанын білдім. Автор бұл мақсатын асыра орындады деуге болар. Өйткені бұл роман - тек 20-ғасырдың 70-жылдарының жастарына ғана емес, 21-ғасырдың жастарына да ұнайтынына кәміл сенемін.

• Санаты: Жалпы сұрақ

23 жауап

+5 дауыс
Мен мектеп кезинде казакшасын таппай, орысшасын окыганмын,кейин тагы окыгым келип еди Пушкин атындагы китапхана колда деди. Ментайга анасы айткан акылдарын жазып алгым келип еди,бирак миндетти турде кайта окимын. Кудай каласа. Бул окига омирде бар адамдар жайлы екен жане Ментай олмеген тири,отбасы улкен аже екен.
+7 дауыс
Оны оқыған мен ғана ма десем........
Шыным осы, қуанып-ақ алғаным. Ерболдай жігітің болса......
Ол кітап менде бар, ертең бала-шағалы болсам оқып берермін деп сақтап қойдым. Негізі Әзілхан Нұршайықовтын Махаббат жайлы тағы басқа романдары бар, өте қызық. "Әсем", "Ботакөз", тағысын тағы
мммм ұмыттым
–4 дауыс
мащаллах китап мен кеминде 6рет окып щыккам щыгар. бастысы жалыктырмайды. адамды озин тарта билетин туынды. нагыз сезимнин шынайы кадир касиетин тусиндиретин шыгарма. барлыктарынызды окуга щакырмын
Сырым қайдасың??? ертең сессияға дайынсың ба???  Сосын көп қате жазбашайшы!!!!
+1 дауыс
мен оқыдым.Өте керемет кітап!Сізге де оқуға кеңес берем.Кітабын таба алмасаңыз,мына сайттан оқыңыз:
 

http://adebiet.kz/index.php?option=com_chronocontact&Itemid=23&authorid=61
0 дауыс
адам өмірінде ештене екінші рет дәл бұрығыдай қайталанбайды. соның ішінде махаббатта, пенде жүрегінде бір-ақ рет нағыз махаббат өтеді. ол ешқашан қайталанбайды. ол махаббат Меңтай мен Ерболдай болу керек))))
0 дауыс
Керемет кітап. Маған ұнағаны соншалық екі рет оқып шықтым.  Ерболдың Меңтайға деген махаббатын суреттеген жерлері маған қатты ұнады. Баға жетпес туындылардың қатарына қосамын.
0 дауыс
Өте жақсы кітап.Кітапханаларда болады.ен оқығам
0 дауыс
Махаббат қызық мол жылдар романын автор кімге арнап жазды?

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы