Ерболат Құдайбергеновтың орындауындағы "Үш жүз" әні. Сөзі интернетте жарияланбаған екен.
Жатқа білемін бірақ.
Ұлы жүзім-құнарым!
Орта жүзім-жыр әнім!
Кіші жүзім-қыраным!
Айбынды Алаш-ұраным!
Ал жазайын:
1.Ұлы далам - ұраным,
Атамекен-тұрағым.
Үш арысым - үш жүзім,
Мәңгі өшпейтін шырағым.
Аталы сөз - арлы сөз
Ата заңға айналды.
Тамыр жайып таңбалар
Бәйтерекке айналды.
Үш арысым бір атадан жаралған,
Өсіп өнген қазақ дейтін қара орман.
Тегін тектеп жеті атадан қайырып,
Үш жұрт болып қайту үшін таралған.
Ақарысым ақиқатқа жақ болсын,
Бекарысым бекем сөйлер бек болсын!
Жан арысым жан жағына сақ болып
Үш жүзіме үйіріліп бақ қонсын!
Ұлы жүзім-құнарым!
Орта жүзім-жыр әнім!
Кіші жүзім-қыраным!
Айбынды Алаш-ұраным! 2 рет
Намыс-нұрдан жаралған,
Сәуле шашып таралған.
Көк сүңгіммен үш қырлы
Аламын енші ғаламнан.
Тігісті тілеп ымменен (?)
Мың бітірер ымменен.
Ақ тілегім-салтыммен
Ұя бұзбас халқыммен
Қазақтың үш жүз деген-баламасы,
Шайқаған бір ананың шаранасы.
Ошақтың үш тағына Нұқ орнаған
Қайнаған құт-қазанда адал асы.
Таңсәрі, түс, ақшам - шыр айналған,
Толықсып тұтас тәулік шырайланған.
Қолға қара найзаны қатар ұстап,
Өзгелердің қарымын қайтарған. ((?)Негізі "Бабалардың арманы арайланған" дейді кейбір нұсқаларында)
Ұлы жүзім-құнарым!
Орта жүзім-жыр әнім!
Кіші жүзім-қыраным!
Айбынды Алаш-ұраным! 2 рет
Аталы сөз - арлы сөз,
Ата заңға айналды.
Тамыр жайып таңбалар
Бәйтерекке айналды.
Салтанатты ғасырдың
Ұлы жүздің жасымын.
Көк байрақты көтерген
Ұрпағымын асылдың!
Ұлы жүзім-құнарым!
Орта жүзім-жыр әнім!
Кіші жүзім-қыраным!
Айбынды Алаш-ұраным! 2 рет