0 дауыс
13.1k көрілді

Достар қалай ойлайсыздар мектеп формасын киген дұрыс па бұрыс па?Немесе қазақ мектептеріндегі оқушылардың мектеп формасына көңілдеріңіз толмайтын болса алып қосарларыңыз бар ма?Мектеп формасының тиімді я болмаса тиімсіз жақтарын айтып кетсеңіздер...Өтініш Достар сіздердің пікірлеріңіз мен үшін маңызды .Сондықтан сіздерден жауап күтем...

5 жауап

+1 дауыс

Мектеп формасын кию өзіңді жинақы әрі ұқыпты, әдемі көрсетеді.Біздің оқыған мектептің бірер жылында киім түсі көк, мата сафари, сол жақ иықтан төменге қарай сары түсті оюы бар форма болды, оның өзі қазір жоқ, негізі сол форма маған көңілімнен шығып еді, ҚР туы іспетті бейнеде тігілген.Мектепте әркім әйтеуір классикалық деп киінсе, онда мектепке келгендер мынаның мұғалімі қайсы?оқушысы қайсы айыра алмасы анық, мұғалімдер бізде солай деуші еді, тиімді, керек жалпы.

ия жалпы тиімдісіне тиімді ғой ,бірақ маған мектеп формасының пайдасыз жактарын даттауым керек.Оқушылар өздері қалаған киімді кию керек деген сияқты
Бұл пікірталас па?
Мектеп талабы мен тәртібі бар,мектеп қайткенменде еркіндік бере қоймасы анық, бізде кезінде қарсы болғанбыз.Өзіме, зиянды тұсы:өзіңді еркін ұстай алмайсың,ыңғайсыз және әсіресе, қыз баласының киімі қыстың кезінде боранда сабаққа барғанда аяққа салқын тиеді,менде пікір осы
+1 дауыс

Салеметсіз бе,менің пікірім бойынша әрине мектепке мектеп формасын киген дұрыс деп ойлаймын.

мектеп формасына көңіліңіз толмайтын тұстары бар ма?
Әрине,казирги уақытта менің ойымша барлыгы бирдей форма кимейди, әркім калауымен журеди, бирак мектеп формасы деген аты ғана бар.
+1 дауыс

Әрине мектеп формасын  киген дұрыс.Мектеп формасын киген әрбір оқушы өзін оқушы секілді санайды.

+1 дауыс

Меніңше оқушылардың бірыңғай мектеп формасын кигені дұрыс. Алайда қазіргі формалардың тек "бірыңғай" деген аты ғана. Сапасы, түсі, үлгісі әркелкі. Мектеп формалары бір жерде, бірдей бағамен сатылса деп ойлаймын. Еліктеуге қарсылар қаншалықты көп болсада, тап осы жерде шетелдік мектеп формаларына  еліктеу артық етпес. Бірақ аздаған қазақи өрнегі болса нұр үстіне нұр болар еді. 

пікіріңізге рахмет!
0 дауыс
Адам көркі  —  шүберек»  —  дейтін болсақ, бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттердің ажарына әр беріп, қоғамдағы орнын айқындап тұратын оқушылардың киім үлгілерінің бірдей болғаны жақсы бастама болды деп ойлаймын.
бірыңғай форма әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылатын мәселелер.
Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.
...