Адам көркі — шүберек» — дейтін болсақ, бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттердің ажарына әр беріп, қоғамдағы орнын айқындап тұратын оқушылардың киім үлгілерінің бірдей болғаны жақсы бастама болды деп ойлаймын.
бірыңғай форма әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылатын мәселелер.
Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.