+3 дауыс
244 көрілді

10. Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

 

Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.

 

Сайтта белсенділік танытып, өз қызметін жақсы ақтарған Маман дәрежесіндегі қолданушыны сайт әкімшілігі өзара дауыс беру арқыды, қолданушының келісімімен не қолданушының өтініші бойынша Редактор дәрежесіне жоғарылата алады. Сайтқа қатысты маңызды талқылауларда белсенді маман талқылауға шақырылады.

 

Маман дәрежесіндегі қолданушылар сайт әкімшілігіне өзінің деңгейін жоғарылатуына өтініш білдірмес бұрын қолданушы мына талаптарға сай келуі керек: Сайтта тіркелгеніне кем дегенде 2 ай болуы тиіс, және жақсы жауап деп танылған жауаптар саны кем дегенде 30 дан аз болмауы тиіс. Жасы 15-тен (он бес) жоғары болуы қажет. Егер барлық талаптарға сай келсеңіз сіздің деңгейіңізді Редактор дәрежесіне жоғарылатуы жөніндегі өтінішіңіз қарастырылады. (маман дәрежесіндегі қолданушы бірден модератор болуына өтініш білдіре алмайды, ондай өтініштер ескерусіз қалады)

 

Ескерту: маман дәрежесіндегі қолданушы сайтта белсенділігін азайтып, 1 ай ішінде сайтқа сұрақ не жауап жазбаған жағдайда сайт әкімшілігі қолданушыны қарапайым қолданушы дәрежесіне төмендетуге құқылы. Және маман дәрежесіндегі қолданушы кез-келген уақытта өзінің дәрежесінен бас тарта алады.

Осының ішінде арқылы деудің орнына арқыды деп қойыпты .Соны дұрыстауыңызды өтінемін,

 

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Пернетақтада "л" мен "д" әріптері жақын орналасқан, қате сол себепті деп ойлаймын. Мына сұрақты Админ көрсе жөндеп қоятын шығар. 

0 дауыс

Оны өзгерту біздің қолымызда емес.Админ мырзаның қолында.Кері байланысқа шығыңыз немесе жеке хатқа.

0 дауыс

Маман деген СЖ қателіктерді жөндейтін адам

Төмен Дауыс беру
Қалаған жауапты өңдеу
Жазбаларды растау немесе растамай тастау

 

...