0 дауыс
1.1k көрілді

Мен осы болашаққа мамандық таңдауда едім... Сіздің ойынызша қандай мамандық жақсы? Психолог немесе аудармашы? Неге екенін айтып кетсеніз...

6 жауап

0 дауыс

Аудармашы. Қазіргі таңда қажет мамандықтардың бірі.

0 дауыс

Аудармашы болған дұрыс. Бірақ өзің қайсысын қалайсың соған түс,ұнамайтын мамандыққа түсіп күніңді босқа өткізбе?

+1 дауыс

Мамандықтың бәрі жақсы ғой, қиындығы бар.Психологты таңдасаң, әр түрлі мінез-құлықтағы адамдарды жылы сөздермен жұбатып,бір жақсы шешім қабылдатуға көмектесесің, былайша тілін таба білуді қажет етеді. Ал, аудармашы мамандығында тілді жетік білетінің анық әрі қызықты. Ал, негізі өзіме аудармашы мамандығы ұнайды, алайда оған түсу үшін ҰБТ-дан көп балл жинауың керек, оның үстіне жұмыс табуың қиынға соғады, аудармашы жеткілікті болып келеді. Ал, нағыз психолог бізде жеткіліксіз мамандық, жұмыс табылуы аудармашыға қарағанда, оңайлау деп ойлаймын. Бірақ та, бұл менің пікірім, ал таңдау өзіңде!)

+1 дауыс

Аудармашы бол EXPO-2017 кезінде көп көмегің тиетін болады))

0 дауыс

Ең бастысы жүрегіңізді тыңдаңыз. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық қана өміріңіздің мәніне айналады. "Жүрегің қалаған мамандықты таңда. Сонда өмір бойы жұмыс істемейсің" депті Конфуций. Өз қалауыңызбен істеген жұмыстан шаршамайсыз, керісінше хоббиіңізбен айналысып жүргендей ләззат аласыз. 

0 дауыс
Аудармашы мамандығы қәзір сұранысқа ие мамандық,болашағы бар мамандық деп ойлаймын
...