+1 дауыс
689 көрілді

Еріккеннен қойып отырған жоқпын негізі бұл сұрақты. Маған шынымен да қызық, метроға кірген сайын ойланамын. Мысалға: Әуезов бекеті жер бетінен астыға қарай 100 м болмасада 80-90м тереңдікте шығар. Әйтеуір метроға жетем дегеніңше 5 мин уақытың кетеді ғой. Соны қалай қазады екен? Ауылда бұрын 2 м қазсақ су шығып кететін еді ғой мүмкін араларыңызда метрода жұмыс істеген адамдар бар шығар...

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Метро қазылуда.

Пайдалуға берілген метро.

Метроны арнайы құралдармен қазатыны белгілі ғой. Жаңа әдiс бойынша қазір «Atlas Copco» бұрғылау қондырғысы, «MAI V400 NT» ерiтiндi насосы, «Meyco Suprima» торкреттеуге арналған қондырғы және «Liebherr» тоннельдiк экскаватор, геотехника және геодезиялық бақылауға арналған құралдарды қолданады. ЕГер осы құралдармен қарқынды еңбек етсе айына 24 метр аралықта бекеттiк тоннель жолдары қазылады.

Метро жолаушылар үшін өте қолайлы көлік. Ал, сол қолайлықты жасап тұрған толып жатқан машиналар. Жер астына кейбіреулері жер бетіне орналасқан бұл машиналар поездарға электр энергиясын беріп, станцияларға және тоннельге жарық түсіріп әрі желдетіп, ондағы ауа температурасын бірқалыпты ұстап тұрады.

Жер асты метро жолдарын салудың ең тиімдісі - көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған Метро жолдары станциялар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. Метро жолын салу геодезді-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен метро салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. Метро станцияның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты метро салу жұмысы, халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.

Алынған көздер: 1, 2, 3.

Рахмет! ізепсіңғой интернетті ақтарып өзім ЖЖ бассам болатын еді бірақ ереже бұзып менен бұрын басып қойыпты
Ереже бұзылмаған. Тек сен ұмытып кетпесін деп сенен бұрын қимылдаған. Қайта сайт ережесін орындағаны үшін Нұрболатқа рахмет айту керек. ЖЖ-қа рахмет!

жұбатхан (шиелі) Мен бұл сайтқа тіркелгеніме екі апта болды мен үшін кез келген сайтың мен үшін пайдасы содан кейін ол сайттың ережесі осылармен мен жақсылап танысамын сондықтан сен маған олай ақыл айтпаяқ қой жарайма. Модератор екенсің менің жазғанымды дұрыс емес деп ойласаң мынаны оқы 6. «Жақсы жауап» дегеніміз не? Қойған сұрағына қолданушы, басқа қолданушылардан бірнеше жауап алуы мүмкін. Қалай сұрағына жауап алған соң, алынған жауаптардың ішінен қолданушы «Жақсы жауап»-ты таңдай алады. Олай ол өзінің сұрағына алынған жауаптардың ішінен ең жақсысын таңдай алады. Егер сұрақ қоюшы қолданушының сұрағына бірнеше жауап алынып, 4-5 күннің ішінде «Жақсы жауап»-ты таңдамаса, онда сайт админі немесе сайт модераторлары сұраққа жақсы жауапты таңдай алады. 4-5 күн деп тұр яғный оғанға дейін белгілеуіне рұқсат жоқ деген сөз Мен барлық ережені сақтап жүрмін енді сендер ережені бұзып осы пікірімді өшіріп немесе мені банға салып тастамаңдар

Ұқсас сұрақтар

...