0 дауыс
600 көрілді

Ең  бай  спортшының  жылдық  табысы   қанша  және  ол   кім

4 жауап

+2 дауыс

Американдық гольфшы Тайгер Вудс әлемдегі ең бай спортсмен болып қала беруде, деп жазады ESPN басылымы.

Golf Digest журналы отыз сегіз жастағы американдық спортшының байлығы 1.3 миллиард доллардан асқанын жазуда. Аталған соманың 88 пайызын спортшы жарнамалық келісімдерден алып отырған («Nike», «Buick» және «Gillette» сынды аты әлемге әйгілі сауда белгілері), ал қалғандары әртүрлі турнирлердегі жеңістерден келіп түсіпті.

2013 жылы жарнамалық келісімдердің арқасында Вудс 71 миллион долларға қол жеткізіп, түрлі жарыстардан 12 миллион доллар табыс түсіріп отырған.

Ертеректе танымал гольфшы Forbes журналының жаңартылған нұсқасы бойынша әлемдегі ең көп жалақы алатын жүз спортшының қатарына енген еді. Содан бөлек, осы уақыттың ең танымал тұлғаларының тізімінде он бесінші орынға табан тіреген болатын.

Осы уақыттың ең танымал тұлғалар жүздігіне енген спортшылар:

8. Роджер Федерер ( теннис, жылдық табысы - $71 млн)

15. Тайгер Вудс (гольф, $78 млн)

16. Леброн Джеймс (баскетбол, $60 млн)

19. Дэвид Бекхэм (футбол, $47 млн)

24. Коби Брайант (баскетбол, $62 мл)

31. Криштиану Роналду (футбол, $44 млн)

39. Леонель Месси (футбол, $41 млн)

48. Усейн Болт (жеңіл атлетика, $24 млн)

50. Дрю Бриис (американдық футбол, $51 млн)

51. Рафаэль Надаль (теннис, $26 млн)

52. Фил Микелсон (гольф, $49 млн) 

56. Серена Уильямс (теннис, $20 млн)

62. Мария Шарапова (теннис, $29 млн)

65. Том Бреди (американдық футбол, $38 млн)

78. Мэнни Пакиао (бокс, $34 млн)

88. Флойд Мэйвезер (бокс, $34 млн)

91. Данника Патрик (автоспорт, $15 млн).

0 дауыс

Дэвид Бекхэм - 50,6 млн $

0 дауыс

1. Бай-қуаттылардың тізімін Тайгер Вудс бастап тұр. АҚШ-тың 35 жастағы атақты гольф шебері — бүгінгі таңдағы әлемдегі ең бай спортшы. Оның байлығы жүздеген миллион АҚШ долларын құ­райды. «Forbes» журналының пайым­дауынша, Тайгердің «жиған-тергені» алдағы бір-екі жыл ішінде миллиардқа жетуі мүмкін. Егер айтылған сөз ақиқатқа айналса, айтулы азаматтың есімі спорт­шылар арасынан шыққан алғашқы мил­лиардер ретінде Гиннестер кітабына тіркеледі. Тайгердің негізгі табыс көзі — түрлі жарыстарда жеңіп алған жүлделік қоры. Ол «Мейджор» турнирінде 14 рет топ жарды. «PGA Тур» жарыстарында 71 рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Басқа да толып жатқан атақ-даңқтары бар. Сонымен қатар кейіпке­ріміз «Nike», «Buick» және «Gillette» сынды әлемге әйгілі сауда белгілерін жар­намалау арқылы да мол олжаға кенелуде. Былтырғы жылы ол 75 миллион доллар көлемінде таза пайда тапқан екен.
2. Америкалық баскетболшы Коби Брайант 2010 жылы 54 миллион доллар­-ды әмиянына салды. Кобидің әкесі Джо Брайанттың өзі де кезінде мықты ойын­шы болған. Сексенінші жылдары ол Ұлт­тық баскетбол лигасында өнер көрсетіп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Әке жо­лын қуған ұл 1996 жылы 18 жасында «Лос-Анджелес Лейкерстің» жейдесін киді. Содан бергі 15 жыл бойы тапжылмай сол команданың сапында ойнауда. Коби­­дің қол жеткізген табысы да қомақты. Ол Ұлттық баскетбол лигасының бес дүркін чемпионы, Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. 2007/2008 жылғы маусымда Американың «ең құнды ойыншысы» атан­ды. Сегіз рет аталмыш лиганың бел­ді баскетболшыларының бірі болып та­нылды.
3. Былтырғы маусым тағы бір атақты баскетболшы Леброн Джеймс үшін де табысты болды. 1984 жылы АҚШ-тың Огайо штатында дүниеген келген ойын­шы жастайынан білікті бапкерлердің назарына ілікті. Әуелде ол жеті жыл бойы «Кливленд Кавальерстің» намысын қор­ғаса, былтырғы маусымнан бері «Майами Хиттің» сапында өнер көрсетуде. Бойы 203 сантиметр, салмағы 114 келі тартатын Джеймс екі рет Олимпиада ойындарына қатысты. Афиныда қола медальді мойны­на ілсе, Бейжіңде бас жүлдені олжалады. Екі рет Ұлттық баскетбол лигасының жеңімпазы атанды. Бірнеше рет лиганың шартты құрамасына енді. Леброн Джеймс былтыр 48 миллион доллар көлемінде пайда тапты.
4. Швейцариялық теннисші Роджер Федерер үшін былтырғы маусым аса сәтті болған жоқ. Олай деуге негіз, 2010 жылы «Үлкен дулыға» санатына жататын төрт жарыстың бірінде ғана Федерердің бағы жанды. Ол жылдың басында өтетін Австра­лияның ашық біріншілігінде топ жарған еді. Соның кесірінен әлемдік рейтингте үшінші орынға сырғып түсті. Алай­да материалдық тұрғыдан Роджер ай­тарлықтай зардап шеккен жоқ. Ол бас­қа да көптеген турнирлерде бас жүл­дені иеле­ніп, біраз олжаға кенелді. Оның үстіне «Үлкен дулыға» жарыс­та­рының 14 дүр­­кін жеңімпазы түрлі жарна­малардан бі­раз пайда түсірді. Оның был­тырғы табысы 47 миллион долларды құ­райды.
5. Бесінші орында тағы бір гольф ойын­шысы — Фил Микельсон. 1970 жылы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында өмірге келген ол «PGA Тур» жарыстарында 30 реттен аса топ жарды. 2010 жылы Микельсон 46,5 миллион долларды қалтасына басты.
6. Англияның атақты футболшысы Дэвид Бекхэм 2 мамыр күні 36 жасқа толды. Сол себепті оның жұлдызды шақтары артта қалды деп айтуға барлық негіз бар. Кезінде ол өз елінің ұлттық құ­рамасының капитаны болды. «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Милан» сынды әйгілі клубтарда өнер көрсетті. Жасыл алаңда жеңіп алған жүлделерін айтпағанда, Бекхэмнің басқа да атақтары жетерлік. Мәселен, Дэвид — «Британия империясы орденінің» офицері, ЮНИСЕФ ұйымы­ның елшісі. Оның есімі ең атақты 100 британдықтардың тізіміне енді. Қазіргі кезде ол АҚШ-тың «Лос-Анджелес Гэ­лакси» клубының туы астында өнер көр­сетуде. Сонымен қатар жарнамаға түсіп, жағдайын жақсартуда. Өткен жылғы Дэ­вид Бекхэм тағы 40 миллион долларға байыды.
7. Бүгінгі таңда жасыл алаңда жасындай жарқырап жүрген Криштиану Роналду былтыр 38 миллион доллар пайда тапқан екен. 2009 жылы Мадридтің «Реалы» «Ман­честер Юнайтедтен» сатып алды. 24 жастағы шабуылшы үшін королевтік клуб 83 миллион фунт-стерлинг төледі. Кезін­де ол әлемнің ең үздік футболшысы атан­са, қазір де мықтылар қатарына еркін енуде. Сонымен қоса, Роналду — Пор­тугалия құрамасының ең негізгі ойын­шысы. Был­тыр айтулы футболшының жеке есепшотына 38 миллион доллар аударылды.
8. Тегі доминикандық болғанымен АҚШ-та туып-өскен Александр Эмануэль Родригес ұзақ жылдан бері әлемдегі ең мықты бейсболшылардың бірі саналады. Ол 12 рет «Барлық жұлдыздар матчында» өнер көрсетті. 10 рет «Silver Slugger Award» жүлдесін иеленді. Басқа да жеңіп алған жүлделері адам қызығарлық. Родригес­тің өткен маусымдағы табысы — 35 миллион доллар.
9. «Формула-1» жа­рысының жеті дүркін жеңімпазы Михаэль Шумахер 2010 жылы 34 миллионды әмиянына салған екен. Көлік жүргізушілердің жарысына түсушілер арасында оның есімі алтын әріптермен жазулы. Осы спорт түрі бойынша Шумахер байрақты бәсекелерде 91 рет топ жарды. Бүгінгі таңда өз көр­сеткіштері бойынша Германияның аза­матымен ешбір адам теңесе алмайды.
10. Былтырғы жылдың бай-қуатты 10 адамның тізімінің ең соңғы жағынан Лионель Мессиді кезіктірдік. Аргентина ұлттық құрама командасы мен Испа­нияның «Барселона» клубының туы ас­тында өнер көрсетіп жүрген атағы жер жарған футболшы 2008 жылғы Олимпиа­да ойындары мен жас­тар арасындағы әлем біріншілігінің жеңім­пазы. «Барселонаның» сапында бес рет Испания чемпионы атанды. Үш рет Чемпиондар лигасын ұтты. Месси сан мәрте әлем және Еуропаның ең үздік футболшысы деп танылды. Бүгінгі таңда да теңбіл доптың теңдессіздер тізімін бастап тұр. Жанкүйерлер оны «Жаңа Марадона» деп атайды. Өткен жылы Лионель 32,3 миллион долларды енші­леді.

0 дауыс

2013 жыл

 

1. Тайгер Вудс-$869 млн.

 

2. Михаэль Шумахер-$825 млн.

 

3. Майкл Джордан-$515 млн.

4. Арнольд Палмер-$370 млн.

5. Роджер Федерер-$315 млн.

6. Коби Брайант-$300 млн.

7. Дэйл Эрнхардт-$300 млн.

8. Алекс Родригес-$300 млн.

9. Грег Норман-$280 млн.

10. Дэвид Бекхэм-$260 млн.

Ұқсас сұрақтар

...