+3 дауыс
2.3k көрілді
<p>
    құрамында <span style="background-color: #add8e6">смала </span>бер дегені рас па?</p>

9 жауап

+2 дауыс
http://ru.wikipedia.org/wiki/Coke      Мында бәрі жазылған)
рахмет.Бирак  "Технология изготовления продукта строго засекречена производителем" дегені ұнамай қалды...
+2 дауыс
Бауырды  ірітіп  жібереді.Смала  жок,менім естуім  бойынша құмырсқа зиян кестері қосылады,қоспасына.
Құмырсқа зиян деп кім айтты? Құмырсқадан, құмырсқа спиртін дайындайды. Ол өте пайдалы.
+3 дауыс
Мен34 есту3мше, Кока коланы еврейлер олап тапқан екен, көпке дейін құрамын жасырып келіпті. Соны Түркия талап етіп, құрамын, неден жасалатынын айтқызыпты-мыс. Қысқасы, қоңыздан жасайды екен. Зиянына келетін болсақ, жалпы газдалған сусындардың барлығы асқазанға зин екен.
+2 дауыс
+2 дауыс
коко-коланың қоңыр түсін алып тастаса,жасыл түс дейді мыс.
+3 дауыс
Смала барын білмейм, бірақ АҚШ Полициялары кетпей қалған қандарды жуатынын білем. Продуктысы засекречен деген себебі бізге порошок түрінде келеді.
+2 дауыс
Соңғы жаңалықтардан оның құрамында спирт бар екенін білдім.
+1 дауыс
Кока-коланы өндiру тарихы. Бiлгеннен кейін қайтіп ішкің келе ме?) Коланың құпиясы да осында: ішкен сайын, одан әрі ішкің келе береді...
P.S. Түркияда оның жасалу жолын білгеннен-ақ коланың әкелуіне мүлде тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ-тың солтүстік штаттарында жол полициясы авариядан кеінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі, тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы білеміз, керемет мықты химикат-қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол адам ағзасына енгеннен кейін БІЗБЕН не қылмақ?! О_о
"Coca-Cola" деп аталу себебі де жайшылық емес. Оның логотипін керісінше жазып оқығанда, арабша мағына беретін маңызды сөздер жасырылған. Оның аудармасы: "La Mohammed = Мухаммеда нет, La Mecca = Мекки нет" болған. Ендеше, әлі есің барда, бауырым, харам суды ішпе...
0 дауыс
«Ішетін ас адамның мінезіне, генофондына әсер етеді. Мысалы әртүрлі химиялық өңдеуден өтіп, әртүрлі зат қосылған сырт елдің кока-кола, пепси-кола сияқты өнімдерін пайдаланудың зиянды екенін ғалымдарымыз қайта-қайта жазуда. Әрқашан ұлттық тағам бірінші тұруы және насихатталуы керек. Қымыз, шұбат, айран, ірімшік, құрт, бауырсақ, ет секілді қазақтың қанында бар ұлттық тағаммен азықтану рухани байлықты бойға жинау мен денсаулықты мықты қылуға көмектеседі. Қарап отырсаңыз жастардың көбі әлжуаз. Себебі, ұлттық тағамнан алыстап кеткен. Ал, бұрын бабаларымыз бойшаң, ойшаң, ірі болатын. Мұның бір сыры осы тамақта жатыр» (Төрегелді Шарманов, академик, Тағамтану академиясының президенті. Үш қиян. №48 (456) 10.12.2009).
         Бұған дәлел В.Г.Янның «Чингиз-хан» атты кітабындағы мына жолдар: ...«Монғол (Мұңал М.Қ.) жауынгерлерінің бойы, бір жарым адамның бойындай, олар өте күшті, оларды қылыш және жай жебемен ала алмайсың. Олардан қорғанудың жалғыз жолы, қамал-қорғанның биік қабырғасына кіріп, жасырыну немесе батпаққа қашу» (145 бет). Тура осындай дерек Құран Кәрімде де бар: ...«Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа (олардың орнын басушылар) еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», - деді». («Әл-Аъраф сүресі» 69 аят). Тәпсір: «Ад қауымы сол замандағы адамдарға қарағанда дене бітімдері бойшаң, күш-қуаттары да мол еді» Ибн Касир.  Айтса айтқандай, Қорқыт ата – 295, Адай ата -  115 жас, Қосай ата – 120, Мұса пайғамбар жүзден аса, Қожа Ахмет Яссауи - 126, Майқы би – 120 жас, Сыпыра жырау 180 жас (Жүз сексен жас жасаған, Жақ сүйегі босаған, Сыпырадай бір жырау, Өтерінде дүниеден, Арманым көп деп жылаған), Әжібай би 109, Жамбыл – 99, Бұхар жырау – 102 (кейбір деректерде 113 делінеді), Әнет баба – 97, Төле би – 93, Қаз дауысты Қазыбек би -100, Қараш батыр (Қарасай батырдың немересі) – 98,  Құрманғазының шәкірті Дина апамыз – 94, Барақ батыр 97, оның баласы Асау 103 (әкелі-балалы халық батырлары), Мұрын жырау – 95, Ыбырайым ахун 96, Тұрыш ата – 96, Есет батыр 99 т.т. болып осылай жалғасып кете береді.
        Ұзақ өмір сүретіндер қазір де бар. Солтүстік Индияда 1835 жылы туылған (қазір 179 жаста)  Махашти Мураси деген адам «Менің немерелерімнің кәртейіп өлгендеріне көп жылдар болды. Мені өлім ұмытып кеткен сияқты, мен өлуден күдер үзіп отырмен» деген. «Көп жасаған адамдар. Адамзат тарихындағы ең ұзақ тіршілік иесі – қытайлық Ли Цинъюн. Ол 256 жыл (1677-1933 ж.ж.) өмір сүрсе, Ширали Муслимов деген адам 168 жыл өмір сүрген. Одан кейінгі орында француз әйелі Жанна-Луиза Кальман тұр. Ол 1997 жылы 122 жасында көз жұмған. Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын Насир Аль-Нажри биыл 136-ны толтырды. 125 жыл ғұмыр кешкен Ху Йе-Мейл есімді тайваньдық әйел де – көп жасағандардың бірі. Ұзақ жасау жөнінен Ресей де қалысар емес. Онда Сархат Ибрагимова деген әйел 131 жыл тіршілік етіпті. Биылғы санақ кезінде еліміздегі ең ұзақ өмір сүрген адам тіркелді. Қарағандылық Сахан Досова 2009 жылы 9 мамыр күні 130 жасында бақилық болды. (Назерке Саниязова «Білгенге маржан» ақпарат порталынан).
         Мен осы ұлы ата-аналарымыздың өмір жолымен, олардың айтқан, жазған еңбектерімен танысып,  саралағанымда, олардың ұзақ ғұмыр жасауларының негізгі себептері төмендегідей болып шықты:
      - Осы ұзақ жасаған ата-аналарымыздың бәрі  ет және сүт өнімдерімен көректенген. Ал, қазір дәрігерлер кез-келген ауру адамға ет жемеуге кеңес береді. Ет және сүт өнімдерін пайдаланбаған қазақтың денсаулығы мықты болып, өмір-жасы ұзаққа бармайды. Қазаққа ет жегізбеу, қасқырға ет жеуді тыйым салғанмен бірдей.
      -  Ең бастысы, аталарымыз қоршаған ортамен, табиғатпен тығыз байланыста болып, кірігіп, тұтасып өмір сүрген. Және өздерін солардың ажырамас бір бөлшегіміз деп түсінген. Олардың күнделікті жейтін асы да, өмір сүру стилі де – бәрі де табиғатпен үйлесімді болған. Кез-келген тіршілік иелеріне, тіпті өсімдік пен ағаштарға да құрметпенен қараған.
         «Таяуда қарттарды құрметтеу күніне орай, жапондықтар Күншығыс елінде жасы жүзден асқан 36 276 адам өмір сүретінін хабарлады. Бұлардың басым көпшілігі – әйелдер. Бұл дерек қазіргі таңда Жапонияның орташа өмір сүру ұзақтығы жөнінен әлемде бірінші орынды иеленетінін көрсетеді. Жапондықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 82 жас. ...Олар өздерінің ұзақ жасау себептерін, өздерінің күнделікті жейтін астарының да, өмір сүру стилінің де – тіпті бәрі-бәрінің де табиғатпен үйлесімділігінде дейді.
       Ұзақ жасауды зерттеу орталығы Тынық мұхитының кішкентай ғана Окинава аралын мекен ететін тұрғындардың 15 пайызының жасы жүзден асатындығын айтады. Бұл – ұлттық рекорд. Мұнда туылған кез-келген қыз бала кемінде 86 жас жасаса, ер бала орта есеппен 78 жыл жасайды. Ұзақ жасауды зерттеу орталығындағы ғалымдардың пікірінше, мұның бәрі тамақтануға байланысты. Жергілікті тұрғындар ас ішуде үш шартты негізге алады: аз мөлшерде тамақтану, дастарханнан тоя тамақтанбай тұрып кету, асты емдік тағам ретінде тұтыну. Ең бастысы, қимылы аз, көп отыруды қажет ететін жұмыс істемеуі керек. Окинава аралындағы тұрғындар арасында бірде-бір толық адам жоқ. Олардың бәрі де – сұңғақ және физикалық тұрғыдан белсенді».
      Батыс халқының өмірін ұзартпақ болған көптеген ғалымдардың зерттеулерінен оң нәтиже болмаған.
      Сонымен жапондар неге ұзақ жасайды? Дұрыс тамақтанып, дене қимылын, дене шынықтыруға көп мән бергендіктен. Бәрімізге белгілі қарапайым қағидаларды берік ұстанғандықтан. Бар құпия осында жатыр» (Жас Алаш газеті. № 86. 29 қазан 2008 жыл).
       Өздеріңіз көріп отырғандай ешкім еш жерде «америка» ашып жатырған жоқ. Ұзақ жасайтындардың ұстанатын қағидаларының бәрі біздің аталарымыздың айтып кеткендері.
      - Жаныңды таза ұстау. Ешкімге жамандық немесе зиян жасамау, яғни ешкімнің «ала жібін аттап», қарғыс алмау. Өз ата-анаңнан бастап, бүткіл туыстарыңа, ел-жұртқа қолыңнан келген жақсылығыңды аямау. Мақал «Жауынменен жер көгерер, алғыспенен ер көгерер», «Алтын алма, алғыс ал». Марқұм өз әкем осы мақалды өте көп айтушы еді. Десе дегендей өзі де 90  жылдан аса ғұмыр кешті.
     -  Соған сәйкес тәніңді де таза ұстау. Ең кемінде күніне екі рет суға түсіп, жуыну. Әр бір азамат күніне бес  уақыт намазын қаза  жібермей,  бес рет дәрет алу арқылы осы екі қағиданың екеуінде орындайды. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Ғ.С.)  тазалықты жоғары бағалағаны, өзі бой-басын мұнтаздай таза ұстап, жиі-жиі дәрет алып жуынатыны жайлы деректер сақталған.
     -  Тамақты тоя ішпеу, әсіресе кешке. Таңертеңгілік аста толық, түскі аста орташа, кешкі аста жеңіл тағамдар болсын.  Мақал: «Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңа бер, кешкі асты жауыңа бер», «Ауру астан, дау қарындастан». «Артық жеп, артық ішу – тәнге залал» (Мұхаммед пайғамбар).
     -  Арам (аққан қан, адалдап бауыздалмай арам өлген малдың еті,  өз баласын өзі жейтін шошқаның еті және спирт ішімдіктері) ас жемеу. Құмар ойындары, есірткі заттар мен темекіні де солай.
     -  Қазіргі таңда адам ағзасына, әсіресе жас балаларға аса  қауіпті сусындардың бірі кока-кола. Бұл сусын Американың брендiне айналып әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стаканы iшiледi екен. Кейiнгi кезде аталған сусынның адам ағзасына келтiретiн зияны туралы мамандар дабыл қаға бастады. Таяуда «Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашуға мәжбүр болғаннан кейiн мұндай күдiктер тiптi күшейдi. Компания өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге дәлелденiп отыр. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат өмiрiңiздi екi есеге қысқартады. Есесiне «кока-коланы» тот басқан заттарды, айғыздалған әйнектi сүртуге пайдалансаңыз, керегiңiзге жарайды.
        Өздеріңіз көріп отырғандай кока-коланың құрамы тұнып тұрған химикаттар мен зиянды бояғыш заттар және газдар. Таза ештеңе жоқ! Бұл сусынмен американдықтар мәшиненің моторын жуатын көрінеді. Қазақстандық  дәрігер  мамандар стаканға құйылған сусынға бауырды салғанда, бауырдың іріп (шіріп) кететінін, созылмалы асқынып кететін аурудың пайда болуы осы сусындардың кесірінен болатынын алға тартады.
       Жақында медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Сыздықова: "Жажда-ничто, имидж - все? Кока-кола: угроза для здоровья нации" деген еңбегiнде "Кока-коланың" зиянды жағы туралы жазып шықты. Бұл материал газет беттерiнде жарияланды.
       «Иман» журналының 2009 жылғы ақпан айындағы санында Раушан Кәрішалованың «Coca-Cola- харам» деген мақаласы мен «Президент және халық» (№04 (177) 30-қаңтар, 2009 ж) газетінде «Coca-Cola».. құрттан жасалады» деген мақалалар жарық көрді.
       Онда сусын құрамында доңыздың ішек майының пайдаланылатыны туралы ағылшын тілінде мәліметтердің бар екендігі айтылған.  Ал, Мысыр елінің «www. nawafnet.net» сайтында Америка Құрама Штаттарында 6 жыл тұрып осы сусынды зерттеген мысырлық доктор Кәшғаның араб тіліндегі пікірі де жоғарыда ағылшын тілінде келтірілген мәліметпен сәйкес шыққан. Атап өтер тағы бір жәйт, бұл сусынның құрамымен бірдей пепси кола, сонымен қатар құрамында лимон қышқылы бар коллекциялық шарап, сыра, жүзім шырыны, апельсин, т.б. күнделікті тұрмыста да қолданылады. Кейбір «өнертапқыш» пысықай әйелзаты әжетханаға алғашқы екі сусынның бірден екі бөтелкесін газын пысылдата аударып иіс-қоңыс пен құбыр таттарын тазалайды. Осылайша құбыр бойынан кір мен нәжістің тоқтаусыз ағуына еркін жол ашылады. Бұл бірінші қызметі. Ал, уақыт сынынан өткен тағы бір қызметі - сойылған мал қарнының бүрін пышақпен қырып кетірмей-ақ оған аталмыш екі сусынды құйса ілезде жидіп, сыпырылып түсе қалады. Ал, мұны ішушінің асқазанына қаншалық зардабы тиетіні бір Аллаға ғана аян.
        Биылғы (2014ж.) ақпан айының басында Парламент Мәжілісінде депутат В. Нехорошев энергетикалық сусындардың адам ағзасына зияны туралы мәселе көтерді. Заң шығарушылар бұған қатысты ұзақ пікір алысты. Бұқаралық Ақпарат Құралдарыда бұл тақырыпты іліп алып біраз шулатты. Кәсіби мамандардың пікірлерін тоғытты. Бұл сусындардың адам денсаулығына белгілі дәрежеде тигізер зияны бар екендігі  айтылды.
        Біздің елімізде энергетикалық сусындардың зардабынан қалай құтылу мәселесі енді ғана көтеріліп жатқанда, ал олардың шыққан отаны Американың сусын өндірушілері өз мектептеріне құрамында қанты бар сусындарды жеткізуді мүлдем тоқтатты. Өнеркәсіп өкілдерінің баяндамасында соңғы 5 жылда мектептерге колориясы жоғары сусындарды жеткізу 95 пайыз азайтылғаны айтылды. Олар жеміс-жидек шырындары, су және колориясы аз сусындармен алмастырылған. Оған мектеп оқушыларының жоғары колориялы жедел дайындалатын тағам мен тәтті сусындардың әсерінен жаппай салмақ қосуы (шектен тыс семіруі) негіз болған.
        Құран Кәрімде  алкоголь өнімдері мен доңыз етінің харамға саналатыны айқын көрсетілген. Әйтсе де,  адам денсаулығына зияны бары айтылып та, жазылып та жатқан күмән туғызған энергетикалық сусындарды да өз қалауынша қолданушылар да баршылық. Зайырлы елде нендей тағам мен сусынды адал не харамдығына қарамай пайдалану әркімнің өз еркінде. Дегенмен, мұсылмандарды сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Шын мәнінде, адал мен харамның беті ашылды, бірақ бұл екеуінің ортасында көпшілік біле бермейтін күмәнді нәрселер бар...» деген хадисі сол күмәнді нәрселерден бойды аулақ ұстауға шақырады. Мұсылман баласына, өзіңе және өзің арқылы ұрпағыңа сынақ (эксперимент) жасаудың еш қажеттігі жоқ.
     -   Бастағы шаштан басқасын үнемі қырып, тазалап жүру.
     -   Жалаңаш, жалаңбас жүрмеу, әсіресе кіндігіңді өзге жандарға көрсетпеу. Ата-бабаларымыз кіндікті ашып жүруді, абыройын ашып,  тыр-жалаңаш жүруден кем санамаған.
     -  Ішетін су таза болуы керек. Аталарымыз көбіне таудан аққан таза бұлақтың немесе жер асты суын (құдықтың) пайдаланған. Қазіргі қаланың жағдайында құбыр суын сүзбе арқылы тазалап және қайнатып ішкен дұрыс. Көптеген деректерде адам өмірінің ұзақтығы негізінен ішетін судың тазалығына байланысты делінеді. Құдықтың суын пайдаланатындарға су ішіне күйдірілген қызыл кірпіш салып қойғаны дұрыс. Жақында газеттерде 123 жастағы Боливиялық Кармело Флорес Лаураның сұхбаты жарияланды. Онда, оның тау ішінде тұратыны, бұлақтың таза суын пайдаланатыны, өмірінде секер мен макарон жемегені және көп жүретіні айтылған. Ешқашан дәрі ішпеген.   
    -  Дене еңбегімен үздіксіз шұғылдану. Ой еңбегімен шұғылданатындарға күніне ең кемінде бес шақырым немесе жарты сағат жаяу жүру.
     -   Ас іше сала төсекке жатпау.
     -   Бала үшін сүт, ал үлкендер үшін айран (жалпы сүт өнімдерін) дастарханнан түсірмеу.
     -   Денені қатты тоңдырып алмаудан сақтану, әсіресе табаның әрқашанда жылы болуы шарт.  
     -   Ішкі ағзаларың, қан тамырларың және оның құрамы тазалығының сақталуын қамтамасыз ету. Оған ара-тұра халық медицинасында ең көп қолданылатын түймедақ (ромашка), қалақай (крапива), шальфей т.т. сияқты емдік шөптердің тұнбасын қабылдап тұрған абзал. Бұл емдік шөптер, мысалы түймедақ антибиотиктен кем түспейді. Оны жұқпалы (вирус) ауруларға да қарсы қолдануға болады.     
     -    Ұзақ өмір сүрудің тағы бір басты кепілі, жұбайың болып, онымен өле-өлгенше жұбайлық қарым-қатынаста болу. Қазіргі әлем ғалымдарының  дәлелдеуінше, ол 80 жасқа дейінгі өміріңнің ұзаруын 50% -ға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар инсультті 50%, секер (диабет) 40%, жүректің талма ауруын 30% төмендететін көрінеді.
     -  Ең бастысы ғылым және біліммен айналысу. Ата-бабаларымыз сияқты нағыз қазақ болудың үш сатысы  шариғат, тарихат, ақиқат сатыларының мағынасын толықтай меңгеріп, осы сатылардан өтіп, төртінші саты Мағрипатқа жету.
        Ежелгі қазақ дәстүрінде осы жолдардан, яғни шариғат пен тарихаттан өтіп ақиқатқа жеткендер, одан асып мағрипатқа өткендердің бәрі ауырған жандардың бәрінің дауасын таба білген. Қазақ медицинасында (батыстан келген)  қазіргідей адам ағзаларын түр-түрге бөлмеген, олардың бәрін біртұтас дүние деп қараған. Емді де солай қолданған және аурудың алдын алу, жазатайым ауыра қалған жағдайда одан тез айығу жолдарын, әртүрлі ауруларға қолданылатын емдік қасиеті бар өсімдіктер мен шөп тамырларының қасиетін, оларды қалай қолдану керек екендігін кез-келген қазақ баласы білген.
       Біз қазір осы қарапайым ғана қағидадан құр қалып, бүкіл қазақ химиялық өңдеуден өткен дәріге байландық.  Бүгінгі Қазақтың даласы мен қаласын қаптаған дәріханалардан аяқ алып жүре алмайсың. Кез-келген қазақтың, әсіресе әйелдердің сөмкелері толған дәрі. Кез-келген отбасы табысының өте ауқымды мөлшерін осы дәрі-дәрмектерге жұмсайды, көбінің тіпті бұған қаражаты жетпей елден көмек сұрап жатады.
        Қазіргі ғылым тіліне салсақ бұл саланың «қатты» дамығаны соншалық, олардың емдемейтін ауруы жоқ. Мыңдаған, миллиондаған дәрігерлер бәрін «емдеп» жатыр, оған мемлекеттен милиардтаған қаржы тоқтаусыз бөлінуде. Бөлінетіні соншалық, қазір бұл саланың табысы мұнай, газ, түсті металдар саласынан кем түспейді. Ал, көлеңкелі жағы спирт ішімдіктері, наркотик, түнгі клубтар т.т. сияқты «көлеңке» экономиканы әлдеқашан басып озды. Бірақ осыншама қаражаттың қайырын халық көріп отыр деп айта аламыз ба? Қазір бұл сала ашықтан-ашық алпауыттардың «жемтігіне» айналған. Бұған дәлел іздеп, алысқа ат айдаудың еш қажеті жоқ. Себебі, кез-келген шараға бөлінген қаражат пен  соған сәйкес атқарылған істің қорытындысы болатыны меніңше дауға жатпауға тиіс. Қорытындысы: ежелгі ата-аналарымыздың орта өмір жасы 90-100 болса, қазір 60-70 тен аспайды. Демек, дәрі сенің өмір жасыңды ұзартпайды, қайта керісінше болып тұр. Бұл қазір тура бір наркотик сияқты. Дәріні сәл нәрсеге ішіп үйренсең, өмір бойы онсыз өмір сүре алмайтын боласың.  Бұдан құтылудың жолы бар ма деген сұрақ оқырманның көкейінде тұратыны анық. Иә, бар.
        Біріншіден, әңгімеміздің басында көрсеткенімдей «Ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуіміз керек».
        Екіншіден, сәл зат үшін оңды-солды дәрі ішуді әдетке айналдырмаған дұрыс. Қазіргі дәрілердің көбінің бір ағзаңа пайдасы тигенімен, оның басқа ағзаларыңа кері әсері болатыны ешқандай құпия емес. Оны осы дәрілерді жасаушылардың өздері де (фармацевтика)  теріске шығармайды. Керісінше олар сол дәрінің қандай зияны барын дәрімен бірге берілетін қағазында анық көрсетеді.
       Үшіншіден, қазіргі таңда ауырмайтын адам жоқ. Бәріміздің ең жаман әдетіміз, ауыра қалған жағдайымызда ауруымызға тек қана дәріні қарсы қоямызда өзіміз оған көмектеспейміз. Оның салдары жоғары да айтқанымдай, бір ағзаңа шипасы тисе, екіншісін әлсіретеді.  Толық емделмесең арты созылмалы ауруға айналып, ол сенің қалған өміріңе мәңгі «жолдас» болып қалады.
      Адамның тәні (денесі) Аллаътың адамға уақытша берген, ең ұлы сыйы және аманаты. Оны қалай сақтайсың, ол сенің өз еркіңде. Санаң, яғни ақылың мен білімің жетсе тәніңді ұзақ сақтауға болады. Медицина ғылымының  дәлелдеуінше адамның барлық ағзалары ең кемінде 500 жыл (Адам ата мың жыл жасаған) жасауға қабілетті делінеді. Ақылың (білімің) жетпесе, яғни керек болмаса кез-келген сәтте «лақтырып» тастауыңа да болады. Қысқасы, өз тәніңмен не істесең де өз еркің. Оған өзіңнен басқа ешкім бөгет жасай алмайды. Ұлы Жаратушы адам тәнінің билігін өзіне берген. Тарихат жолына түсіп, ар ілімін меңгерсең бақытты да,  ұзақ өмір сүруге әбден болады.  
      Өз тәніңе белгіленген мүмкіндіктен (суыққа тоңдырмау, күн өткізбеу, уақтылы құнарлы тамақтану, уақтылы демалу т.т.)  ауытқығаныңда, Алла саған тәніңнің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, жөтел, әлсіздік, үстіңе жара шығу т.т. арқылы айқын белгілермен хабарлайды. Бұл «жоба» саналы тіршілік иелерінің бәріне бірдей салынған.   Міне осы айқын белгілер білінген сәтте, не болар дейсің, өзінен-өзі кетпес дейсің бе деген жалған сенімнің жетегінде ұзақ жүріп алуға болмайды. Кез-келген аурудан бастапқы кезеңде ғана мүлтіксіз құтылуға болады. Алда-жалда ауыра қалған жағдайда дәрімен бірге өзіңде ауруға қарсы тұруың керек. Себебі, ауруда саған бұл жерде  кәдімгі дұшпан сияқты. Ешқашан да дәрімен екеуін жекпе-жек қалдырып, өзіңе қалыс қалуға болмайды. Қысқасы, дәл соғыстағыдай «дұшпанды» жан-жағынан қоршауға алып, қуып (жойып) жіберу керек. Дәрігер мен дәріге сыбайлас, қоршаудың сыртында мыналар болуға тиіс:
-    Дәрігер белгілеген емді уақтылы қабылдау.
-    Жататын орынның ауасы да, өзі де таза болуы.
-    Тән тыныштығы (ұйқы).
-    Уақытымен қабылданған ауырған ағзаңа пайдалы тағамдар (диета).
-     Жан тыныштығы (уайым-қайғыдан аулақ болу).
-     Отбасыңның амандығы және Ағайын-тумаларыңның жанашырлығы (ауруды жалғыз қалдырмай көңілін сұрау).
-    Ең бастысы Өзіңе-өзің аса сенімді болып, орталық Мидан барлық жүйке жүйелеріңе, дене мүшелерің мен ағзаларыңа арнайы «бұйрық» беру. Мысалы, мына мәтін саған «сынықтан» басқаның бәрін жеңуіңе айқын мүмкіндік береді.

                                          Е М – Д  Ә Р У.     Барлық ауруларға қарсы ем  
         «Биссимилла Рахиманир Рахим!».                            
         Мен өз мүмкіндігіме жол ашып, қабілетімді жалықпай жетілдіре беремін.  Бойымдағы құлшыну, өсу, даму процесі күн сайын, сағат сайын, минут сайын, жылдар бойы қарқындап арта түсетіндігіне еш шәк келтірмеймін. Қазір жүйке тамырларымның қызметін қалыпқа келтіріп, оның кеңейе түсуіне жағдай жасаймын. Мен барлық қан айналым органдарымның жұмысын жақсартамын. Минут сайын бойыма, ми клеткаларыма жаңа күш жігердің еселей түсетініне сенемін. Сол үшін тың қуаттың көздерін өзі қалыптастыра беретін болады. Не нәрсені де байыпты қарап, ұстамды таразылауға үйренемін. Күйгелектеп, орынсыз, босқа ренжіп, ашулану дегенді мүлдем білмеймін. Менің жүйкелерім уақыт өткен сайын нығая, жасара, беки беретіні, қызметі қарқынды арта түсетіні айдай ақиқат. Бас, ми клеткаларының бәрі де қалыпты жұмысты атқарып, жаңа, жас күш қуатты жия  береді. Менің бойымда, бас, ми клеткаларымда қан айналымы қашанда еркін, үздіксіз жүреді. Менің мәңгі балғындай жас, таза қандарым барлық жүйкелерімді тың, нәрлі қоректендіре беретіні  еш талассыз. Үздіксіз нәрлі қан айналымы организмімді жақсарта, денсаулығымды нығайта береді. Ми клеткаларымның, барлық жүйкелерімнің қуаттылығы үздіксіз арта түседі. Осы жерге өз ауруларыңды атап қосуыңа болады. Мысалы, Басыңыз ауырып, қан қысымыңыз (давление) көтерілетін болса: «Ешқашанда басым ауырып, қан қысымым қалыпты деңгейден ауытқымайды». Тыныс алу органдарыңыз (туберкулез, демікпе) ауыратын болса «Тыныс алу ағзаларымды қалпына келтіремін, ол өз қызметін мүлтіксіз атқаратын болады» т.т.
          Менің өзіме деген осындай шексіз сенімімді ешкім, еш нәрсе ешқашанда мойыта алмайды. Қара дүлей күш қандай жағдай болмасын мені жасытып ішкі мүмкіндігіме шәк келтіруге мәжбүр ете алмайды. Менің мәңгі жас, бойымды кернеген ерік-жігерге толы қуатым өнімді жұмыс жасау, тынбай еңбектенуге дайын тұрады. Жүрісім де жеңіл, шапшаң. Өзімді құс сияқты қалықтап ұшып жүргендей сезінемін. Денемді, салмағымды ауырсыну дегенді мүлдем білмеймін. Менің рухым, күшім, жүйкелерім күн сайын нығая түседі.
         Мықты жүйке – мықты денсаулық жасайды. Талмас күш қажырым, мұқият, ұқыпты, өте сезімтал бола түсуіме кең жол ашады.
          Менің жүрегім жас адамның жүрегіндей жақсы жұмыс жасайды. Бұлшық еттерім де мығым, бойымнан кернеген қуат пен мәңгі жастық рухының лебі еседі. Күн сайын дене еңбегіне бейімді, шыдамды бола түсемін. Күн сайын дене, ақыл-ой еңбегімнің орындау қабілетімнің күші еселей артады. Қызмет барысында жүйкелерім жаңа тың қуат көздерін үздіксіз қалыптастыра, жия береді. Қандай ауыр ой еңбегі болса да менің жүйке жүйелерім шаршауды білмейді. Керісінше шыңдала, күшейе, үлкен күш қорын жасауына мүмкіндік алады. Мен тәулік бойы босаңсуды, қажуды білмей еңбек ете аламын. Менің организмім, жүйкелерім, тіпті қауырт жұмыс үстінде де ұйықтап, тынығып жатқандай, қуатын қайта қалпына келтіре алуға қабілетті.
          Мен қашанда, не нәрсені болсын терең түсініп, байыпты ойлауға тырысамын. Бірақ жоқ  жерден қиындық іздеп, проблема тауып, ренжіп, жүйке «жеуден» тіпті аулақпын.    
           Өзіңізді игеріп, толық басқаруға сіздің ішкі ерік жігеріңіз, қажырыңыз әбден жетеді. Бұл дау тудырмайтын, талассыз, айдай ақиқат. Егер адам ішкі мүмкіндігін аша білсе, таңғажайып табыстарға қол жеткізе алатынын тәжірибе, ғылым сан рет дәлелдеген. Сіз өзіңізге, жойқын ішкі рухани қуатыңызға сене біліңіз. Тек сене  біліңіз! Олай болса енді көп кідірмей кірісіңіз! Біз сізге сәттілік тілейміз! Бұл ем әсіресе, қазіргі дәрігерлер мен олардың дәрі-дәрмегінің көп пайдасы тие бермейтін созылмалы жүйке,  қылтамақ (рак), құрт ауруы (туберкулез),  қант диабеті т.т. ауруларға қарсы бірден-бір ем болып табылады. Бұл мәтінді күніне бірнеше рет оқысаңыз жарап жатыр. Ұлы-Жаратушы Алла мен өзіңізге сенсеңіз болды. Кез-келген жанның бұған күш-қуаты жетеді. Ал, мерзімі әркімге әртүрлі. Бір айда немесе қырық күнде дауасы айқын сезіле бастайды. Мысалы, бұл ем 1986 жылдары Украинада Чернобыл апатынан кейін, радиация алғандардың ешқайсысына ем қонбай өле берген кезде қолданылып, алты айда құлан таза айығып кеткен.
                                                       Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
                                                                  Ақтау қаласы
Кока-коламен,қой,мал сойған кезде,сол қойдың,малдың ішек-қарындарын жусаң рахат,асқазанның түктеріп сыпырып оп-оңай,еш қиындықсыз алып түседі..Бұрын осы кока-кола жоқ кезде адамдардың асқазандары ауырмаушы еді,қазір көп ішкелі бері аурулар көбейіп кетті.

Ұқсас сұрақтар

...