0 дауыс
31.3k көрілді
Тәуелсіздік алған күннен бастап осы кезге дейінгі маңызды оқиғалар хронологиясы керек еді, болса жазыңыздаршы.

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Хронологиялық деректер
1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.
1718 ж. — Семей қаласының салынуы.
1670—1697 жж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары.
1697 — 1727 жж. — Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары.
1720 ж. — Өскемен қаласының салынуы.
1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы.
1725 ж. — жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы.
1726 ж. — Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы.
1728 (1726) ж. — Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары.
1730 ж. — Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі.
1729 (1730) ж. — Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі.
1731 ж. — А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы.
1734 ж. — И.К.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы.
1735 ж. — Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі).
1740 ж. — Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы.
1740 ж. — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі.
1741—1742 жж. — Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы.
1745 ж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы.
1748 ж. — Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі.
1748 ж. — 1785 ж. — Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі.
1752 ж. — Петропавл қаласының салынуы.
1756 ж. — Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы.
1756—1757 жж. — Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі.
1756 ж. — Абылайға Қытай елшілігінің келуі.
1757—1777 жж. — Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі.
1758 ж. — Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы.
1771—1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.
1773—1775 жж. — қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.
1783—1797 жж. — Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.
1785 ж. күз — Орынбор әкімшілігі дайындаған Кіші жүз рубасыларының құрылтайы.
1786 ж. — Кіші жүзді басқару туралы Игельстромның реформасы.
1792—1794 жж. — Кіші жүздегі Ералы ханның билігі.
1795—1797 жж. — Кіші жүздегі Есім ханның билігі.
1797—1805 жж. — Кіші жүздегі Айшуақ ханның билігі.
1801 ж. — Еділ мен Жайық аралығында Бөкей (Ішкі) ордасының құрылуы.
1801—1845 жж. — Жәңгір хан өмір сүрген жылдары.
1802 ж. — Сырым Датұлының Хиуа жерінде қаза табуы.
1808 ж. — Ұлы жүз жерлерін Қоқан хандығының басып алуы.
1805—1809 жж. — Кіші жүздегі Жантөре ханның билігі.
1806 ж. — Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен бағындыруы.
1809 ж. — Қаратай Нұралиевтің қолынан Кіші жүз ханы Жантөренің қаза табуы.
1812 ж. — Кіші жүзден Бөкей ордасының бөлінуі.
1815—1821 жж. — Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа басқыншыларына қарсы күресі.
1821 ж. — Ұлы жүз қазақтарының Тентек төре бастаған Қоқан билігіне қарсы көтерілісі.
1822 ж. — “Сібір қазақтары туралы жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.
1823 ж. — “Орынбор қазақтары туралы жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.
1823—1845 жж. — Жәңгір ханның Ішкі ордадағы билік құрған жылдары.
1825 (24)—1836 жж. — Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсы Саржан Қасымұлының қозғалысы.
1824 ж. — Қарқаралы, Көкшетау округтерінің құрылуы.
1826 ж. — Баянауыл округінің құрылуы.
1831—1868 жж. — Кіші жүзде дистанциялық биліктің орнауы.
1831 ж. — Аягөз (Сергиополь) округінің құрылуы.
ХІХ ғ. 1835—1838 ж. — Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлының Ресей отаршылдығына қарсы күресі.
1833 ж. — кедей қазақ Апақ Байжановтың Қарағанды аймағында тас көмір кенін табуы.
1833 ж. — Арынғазының Калуга жерінде қайтыс болуы.
1835 ж. — Орск пен Троицк арасында жаңа шептің салынуы.
1836—1838 жж. — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс.
1837 ж. қазан — Жәңгір хан ордасын қоршау.
1838 ж. 12 шілде — Ақбұлақ түбіндегі шайқас.
1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
1839 ж. — губернатор Б.А. Перовскийдің Хиуаға әскери жорық жасауы.
1841 ж. — Кенесарының хан сайлануы.
1845 ж. — Ырғыз, Торғай бекіністерінің салынуы.
1846 ж. — Каспийдің шығыс жағалауында Ново-Петровск (кейіннен 1846 ж. Форт-Александровск, қазіргі Ақтау қаласы) қамалының салынуы.
1847—1904 жж. — Қазақстанның түсті металл мен көмір кен орындарын Попов, Рязанов, Ушаков сияқты ресейлік кәсіпкерлердің игеруі.
1847 ж. — Сырдарияның төменгі ағысында Ресейдің Райтм (кейіннен — Арал) бекінісінің салынуы.
1847—1858 жж. — Есет Көтібарұлы бастаған отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс.
1853 ж. — Қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін В.А. Перовский бастаған орыс әскерлерінің жаулап алуы (Қазіргі Қызылорда қаласы).
1854 ж. — Верный (Алматы) бекінісінің салынуы.
1856—1857 жж. — Жанғожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сырдария бойындағы қазақтардың көтерілісі.
1864 ж. — Орыс әскерлерінің Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті жаулап алуы.
1865 ж. — Орыс әскерінің Ташкентті жаулап алуы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің аяқталуы.
1865 ж. — Гирс басқарған Дала комиссиясының қызметі.
1867 ж. 11 шілде — “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.
1868 ж. 21 қазан — “Торғай, Орал, Ақмола, Семей қалалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.
1868 ж. — Ақтөбе қаласының салынуы.
1869—1870 жж. — Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістері.
1881—1884 жж. — ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.
1881 ж. ақпан — Петербург келісім-шартының қабылдануы.
1868, 1869, 1883, 1889 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту туралы заңдардың қабылдануы.
1886 ж. 11 маусым — “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”.
1891 ж. 25 наурыз — “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ережең.
1902 ж. — Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-демократиялық үйірме дүниеге келді.
1904 ж. — Қазақстан тау-кен орындарының шетелдіктердің қолына өтуінің басталуы.
1904—1906 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту, орналастыру жөніндегі қоныстандыру мекемелерінің ашылуы.
1905—1907 жж. — Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында.
1905 ж. — Орал қаласында “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы.
1905 ж. — Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақтарының петиция ұйымдастыруы (4,5 мың адам қол қойды).
1905 ж. 17 қазан — Ресей империясында азаматтық бостандықтар туралы манифест.
1906—1907 жж. — І және ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутаттар сайлау (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, М. Тынышбаев, Б. Құлманов, т.б.).
1913—1918 жж. — “Қазақ” газетінің шығуы.
1914—1918 жж. — Бірінші дүниежүзілік соғыс.
1916 ж. 25 маусым — Патша үкіметінің бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы.
1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.
1917 ж. 28 ақпан — Ресейдің Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы; патша өкіметінің құлауы.
1917 ж. шілде — Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезі. “Алаш” партиясының құрылуы.
1917 ж. қараша — Түркістан автономиясын жариялаған мұсылмандар съезі (Қоқан қаласы).
1917 ж. желтоқсан — Орынбордағы Алаш автономиясын жариялаған екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.
1917 ж. 24—25 қазан — Петроградтағы Қазан төңкерісі.
1917 ж. — депутаттар кеңестері мен қазақ ұлттық комитеттерінің құрылуы.
1918 ж. 21 қаңтар — РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты.
1918 ж. көктем — 1920 ж. маусым — Азамат соғысы мен әскери интервенция.
1918 ж. қараша — Мәскеуде мұсылман коммунистерінің бүкілресейлік І съезі болып өтті.
1919 ж. мамыр — Ағарту халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық партиясы құрылуы.
1919 ж. 10 шілде — Қырревком құрылған.
1919 ж. 10 шілде — Қырғыз (Қазақ) революциясылық комитетінің құрылуы.
1919 ж. қазан — В.И. Лениннің ұсынысымен ВЦИК-тің РСФСР ХКК Түркістан ісі туралы комиссия құрылды.
1919 ж. 26 желтоқсан — РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды.
1919 ж. — алғашқы мемлекеттік ғылыми мекеме “Алматы жеміс-жидек станциясы” құрылды.
1920 ж. 30 сәуір — РК(б)П-ның Қырғыз (Қазақ) облысының бюросы құрылды.
1920 ж. тамыз — партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды.
1920 ж. 26 тамыз — Қазақ автономиялық Кеңес Социалистік республикасы құрылды.
1920 қыркүйек — 1940 ж. — РСФСР ХКК декретімен рабфактар ашылып жұмыс істеді.
1920 ж. — Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды.
1920 ж. 6 қараша — РСФСР Ағарту халкомы қасында саяси-ағарту комитеті іске қосылды.
1920—1924 жж. — Республика астанасы — Орынбор.
1921 ж. 11—18 маусым — Орынборда І Қазақстандық облыстық партия конференциясы өтті.
1921 ж. 7—13 шілде — РКЖО-ның Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезд өтті.
1922 ж. — КСРО-ның құрылуы.
1923 ж. — РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады.
1923 ж. — “Талап” қоғамы.
1924 ж. ақпан — Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды.
1924 ж. — Жетісу мен Сырдария облыстары бөлігінің Қазақстан құрамына қосылуы.
1924 ж. — “Өлкелік өсімдік қорғау станциясы” құрылды.
1924 ж. 23 қаңтар — Спартак атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары, Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары құрылды.
1924—1925 жж. — Қазақстанға Сырдария және Жетісу облыстарының аумағы қайтарылды.
1925 ж. 19 ақпан — РК(б)П ОК Қазақстан Өлкелік комитеті етіп қайта құру жөнінде қаулы қабылдады.
1925—1933 жж. — Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. “Кіші Қазан” науқаны.
1925—1929 жж. — Республика астанасы — Қызылорда.
1925 ж. — пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ қауымдастығы құрылды.
1926 ж. наурыз — І Бүкілодақтық түркологтер съезі өтті.
1926 ж. — “Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты” құрылды.
1926 ж. — Қызылорда қазақ театры ашылды.
1927 ж. 29 наурыз — “Көшпелі жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы” қаулысы.
1927—1931 жж. — Түрксіб темір жолының салынуы.
1928 ж. 27 тамыз — “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” қаулысы.
1928 ж. күзі — латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды.
1928 ж. — тұңғыш жоғары оқу орны — Қазақ педагогикалық институтының ашылуы.
1928 ж. — республикада тұңғыш ЖОО — Қазақ педагогикалық институты ашылды.
1928 ж. — “Восток кино” тресінің республикада өз бөлімі ашылды.
1929 ж. 18 тамыз — Мәскеуде КСРО пионерлерінің І Бүкілодақтық слеті ашылды.
1929 ж. — Республика астанасы Алматыға көшірілді.
1929 ж. — Қазақ Зоомалдәрігерлік институты ашылды.
1930 ж. — халыққа қарсы қуғын-сүргін жылдары.
1920—1930 жж. — қазақтарды күштеп отырықшыландыру мен ұйымдастыру жылдарында қазақтардың жаппай аштан қырылуы, шетелдерге көшуі.
1930 ж. 27 тамыз — Жалпыға бірдей білім беру декреті жарияланды.
1930—1931 жж. — ОГПУ-дің ГУЛАГ, КарЛАГ жүйесінің құрылуы.
1931 ж. — Медицина институтының ашылуы.
1932 ж. наурыз — КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.
1932 ж. — Алматыда Театр-музыка техникумы ашылды.
1933 ж. — Алматыда музыкалық студия ашылды.
1933 ж. 5 қыркүйек — Орыс драма театры ұйымдастырылды.
1933 ж. күзі — Қазақ драма театры жеке ұғымға айналды.
1933 ж. күзде — Алматыда Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры құрылды.
1933 ж. — Республикада Суретшілер одағы құрылды.
1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университетінің ашылды.
1934 ж. 15 мамыр — “Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы” қаулы қабылданды.
1934 ж. 12—18 маусым — Қазақстан жазушыларының І съезі өтті.
1934 ж. маусым — халық Өнер қайраткерлерінің І слеті өтті.
1934 ж. 14 қыркүйек — студия мемлекеттік музыкалық театр болып өзгерді.
1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды.
1934 ж. — республикада “Қазақ әдебиеті” баспасы ашылды.
1935 ж. — Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясы құрылды.
1936 ж. мамыр — Мәскеуде Қазақстан Әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.
1936 ж. — КСРО Конституциясына сәйкес ҚАХСР-і одақтық республика болып қайта құрылды.
1936 ж. — Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.
1936, 1944—1945 жж. — Батыс Украинадан, Беларуссиядан поляк, неміс қоныс аударылғандардың келуі.
1937 ж. — Қызылордаға Владивостоктың Қиыр Шығыс өлкелік корей драма театры көшірілді.
1937 ж. 5—12 маусым — Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының І съезі өтті.
1937—1938 жж. — Қиыр Шығыстан Қазақстанға корей ұлтының күштеп көшіріп әкелудің басталуы.
1937 ж. — күрдтердің Орта Азия мен Қазақстанға көшіруінің басталуы.
1938 ж. — КСРО-ның қазақ филиалының құрылуы.
1938 ж. — КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды.
1939 ж. — жалпы Республика бойынша қазақтардың үлесі 38% болды.
1939 ж. — Қазақстан халқының сауаттығы 76,3%-ға жетті.
1940 ж. —латын қарпін кириллицаның ауыстыруы.
1940 ж. екінші жартысы — 50 ж. басы — “идеологиялық шабуыл”. Көрнекті ғалымдар мен өнер адамдарының қуғындалуы.
1941 ж. — Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қазақ филиалы құрылды.
1941—1945 жж. — Ұлы Отан соғысы.
1943—1944 жж. — қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі.
1944 ж. — татар, болгар, грек, месхеттік түріктердің Қазақстанға күштеп көшірілуі.
1946 ж. — 1 маусым айында Қазақстанның ғылым академиясы ашылды.
1947 ж. 21 қаңтар — “ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы.
1947 ж. — Семей полигонының салынуы.
1949 ж. 29 тамыз — Семей полигонда бірінші сынақ болған.
1950 ж. — жалпыға бірдей жетіжылдық білімнің енгізілуі.
1951 ж. қазан — Пешаварда “Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы” құрылды.
1952 ж. 13 наурыз — Түркия үкіметінің шығыстүркістандық қазақ босқындардың Үндістан, Пәкстан және Сауд Арабиясынан Түркияға көшіп келуге рұқсат беруі.
1953—1964 жж. — КОКП ОК-ның Бас хатшысы — Н.С. Хрущев.
1954 ж. ақпан-наурыз — КОКП ОК Пленумы болып “Елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе қаралды.
1946—1954 жж. — Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1954—1959 жж. — Республикаға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1 млн 500 мың адамның көшіп келуі.
1955 ж. 12 ақпан — КСРО үкіметінің қазақстандық Төретам станциясының маңынан полигон құру туралы жабық шешімі шықты, бұл Байқоңыр ғарыш айлағы еді.
1955 ж. тамыз — 1956 ж. наурыз — Л. И. Брежнев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1956 ж. наурыз — И. Д. Яковлев, 1957 ж. қыркүйек — 1960 ж. қаңтар — Н. И. Беляев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.
1957 ж. ақпан — Халық шаруашылық кеңестері құрылды.
1959 ж. — Халық санағы бойынша қазақ ұлтының республика тұрғындары арасындағы үлесі 30%-ға төмендеді.
1960 ж. 19 қаңтар — Д.А.Қонаев Қазақстан КОКП бірінші хатшысы.
1960 ж. — Қазақ диаспорасының Еуропа және АҚШ елдеріне таралып қоныстана бастауы.
1960 ж. — Жалпыға бірдей сегізжылдық білімнің енгізілуі.
1962 ж. — Ы.Ю.Юсупувтың Д.А.Қонаевты ауыстыруы.
1964 ж. 7 желтоқсан — 1986 ж. желтоқсан — Қазақстанда ҚКП ОК бірінші хатшысы — Д.А.Қонаев.
1965 ж. — Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді.
1965 ж. — шаруашылық реформасы.
1966—1979 жж. — Азғыр атом полигоны.
1970 ж. — Жалпыға бірдей орта білімнің енгізілуі.
1978 ж. — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1985 ж. — КОКП ОК-нің Бас хатшысы М.С.Горбачев. Қайта құру бағдарламасы.
1985—1991 жж. — қайта құру кезеңі.
1986 ж. 17—18 желтоқсан — Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика басшылығының ауысуы.
1989 ж. 22 қыркүйек, 1997 ж. шілде — Қазақстандағы Тілдер туралы заңдардың қабылдануы.
1989 ж. — Невада — Семей экологиялық қозғалысының құрылуы.
1990 ж. 24 сәуір — республика президенті орнының енгізілуі.
1990 ж. 25 қазан — Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 ж. 29 тамыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.
1991 ж. 18 қараша — “Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақ¬с¬танға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы” қаулы қабылдады.
1991 ж. 16 желтоқсан — ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы.
1991 ж. 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы.
1991 ж. — Семей ядролық полигонының жабылуы.
— Қазақстан Компартиясының таратылуы.
— Қазақстан Президентін сайлау.
1991 ж. — шетелдегі қазақтардың ішінен алғаш Монғолиядан оралмандардың келе бастауы.
1991 ж. — Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын бастады.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы.
1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ құрамына кірді.
1992 ж. 4 маусым — Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды.
1992 ж. 28 қыркүйек — 4 қазан — Алматыда қазақтардың дүниежүзілік бірінші құрылтайы өтті.
1992 ж. қазан — БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Н.Назарбаев АБӨ СШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) ұйымды қолдап сөз сөйледі.
1992 ж. күзде — Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы құрылды.
1992 ж. — Қазақстан Республикасының “Көші-қон туралы” Заңы қабылданды.
1993 ж. 28 қаңтар — ҚР бірінші Конституциясы қабылданды.
1993 ж. сәуір — мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады.
1993 ж. — “Болашақ” бағдарламасы қабылданды.
1993 ж. күзі — Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздері тарата бастады.
1993 ж. 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді.
1993 ж. 13 желтоқсан — Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге” қол қойды.
1994 ж. наурыз — Мәскеуде Президент Н.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді.
1995 ж. 1 наурыз — ҚР Президенті жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы.
1995 ж. 30 тамыз — республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.
1996 ж. — ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы” жарлығы шықты.
1996 ж. — ҚР “Мәдениет туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 20 маусым — “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң қабылданды.
1997 ж. 11 шілде — “Қазақстан Республикасындағы Тілдер жөніндегі заң” қабылданды.
1997 ж. 10 қазан — ҚР 2030 ж. дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
1997 ж. қазан — “2030” Қазақстанның даму стратегиясы.
1997 ж. — Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
1997 ж. — “Көші-қон және демография агенттігі” құрылды.
2001 ж. — ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк құрылтайы болып јттi.
2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласындағы қазақтарды» Екiншi дүниежүзiлiк құрылтайы.
бұны кордим гой, рахмет сондада, но бұл тек 2002 ге дейн ғана екен
екінші сілтемені көрсеш
+2 дауыс
Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 19 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздіктің 19 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қа­зақстан Коммунистік партиясы Орта­лық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне  мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
1992 жыл.
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар —  Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.
Сөйтіп, төл теңгеміз  1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1995 жыл.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1997 жыл.
1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады
1998 жыл.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
1999  жыл.
1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2001 жыл.
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.
2002 жыл.
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
2003 жыл.
2003 жылы  Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
2004 жыл.
2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
2006 жыл.
2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат.
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
2008 жыл.
2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
2010 жыл.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
Сәнім ЫСҚАҚҚЫЗЫ.
...