+4 дауыс
1.8k көрілді

Агенттегі Құдай жайлы спамдарға сену керек пе, қалай етсек күнәлі болмаймыз? Мысалға "Ла Илаха Илаллах Мухамед Расул Аллах деп 17 адамга жибер ертен 1жаксы хабар келеди.Аллах ушин еринбе." Бұдан басқа да арабша жазулар келеді, олардан мүлде қорқасың. 

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Алтын босаға газетінде осы сұрақ қойылған екен. Саған соны жаза кетейін. "18адамға таратпасаң қиыншылыққа тап боласың...>> Рамазан айы басталғалы агентімді қосуға да қорқатын болдым. Түрлі смс-хабарламалар қаптап кетеді. Достарым, дін Ораза, Аллах деген сөздер жазылған түрлі мәтіндер жібереді де "осыны 18адамға таратпасаң анаңнан айырыласың" немесе "сенің алдыңнан қиыншылықтар шығады" дегенді қоса жазады. Амал жоқ, 18 адамға бұл смс-хабарламаны таратып шығамын. Осындай смс-хаттар кеше тағы келді. Арабша сөздермен бір нәрселер жазылған, артынша "үш күннің ішінде 20адамға жібер, Аллах саған 5 нәрсе береді бүгін" деп жазылған. Осы қаншалықты рас, шариғатымыз бұны мақұлдай ма? Егер таратуды ұмытып кетсем не болады? Ернардың хатынан Шымкент қаласы. ЖАУАП:Ернар, смс-хаттар арқылы "18адамға жібер, әйтпесе..." деп басталатын хабарларды қазақта "алыпқашпа әңгіме" деп айтады. Мұның шариғатта ешқандай негіздемесі және оған берілетін пәтуа да жоқ. Біреуге қазаның жетуі тек Аллахтың әмірімен болады, смс-хаттан емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Бес ғайыптың кілтін бір Аллах тағала біледі. Соның бірі адамның өмірден өтуі" деген. Сондықтан сіз агентіңізді үрейленбей-ақ ашып, хат-хабарларыңызды оқи беріңіз және ондай мәтінді 18адамға жібермеуден қорықпаңыз. PS: Оқырман хаттарына ҚМДБ-ның ОҚО өкіл имамының орынбасары, "А. Қаттани мешітінің бас имамы Ербосын Орын жауап берді:
+1 дауыс

Оган сенип керек емес сиякты,Басында мен Алла туралы Ана туралы спамдар жиберсе коркып жиберетинмин баскаларга,Кейин сондай спамдар келсе окымай оширип тастайтын болдым,бастысы озин аллага сенсен болды ал сондай смстерди тек жай спам ретинде кабылдап коп журекке алмау  керек .


 

"Бастысы өзің Аллага сенсең болды" - дұрыс айтасың. Өйтпесең бүйтеді дегендерге сенсең шірік болады деп ойлаймын.
ияя                                               .
+2 дауыс

"Қалай етсек күнәлі болмаймыз?" дейсің бе? Ондай сөздерге сенбесек күнәлі болмаймыз!

+2 дауыс

Мән бермей-ақ қой))

0 дауыс

ол әшин ерікенің ісі ғой.Сен оған сенбе

+1 дауыс

Ондайларға мүлдем сенбе..Ол да сен сияқты адамның ойынан шығарған нәрсесіғо...Мән бермей жүре бер..Ешқандай қорықпа..!!!

0 дауыс

Сіз мұндайларға көп сене бермеңіз бұл еріккен адамдардың ісі деп ойлаймын.Қазақта мыныдый сөз бар "сен жалғыз емессің, Аллаһ әрдайым сенімен"

+2 дауыс

Мен бір газеттен оқып қалғанмын,бір адам  имамға осылай сұрақ қойған сол кезде имамның жауабы:ОҒАН СЕНУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ,ОЛ ЖАЙ ҮЙІНДЕ ЕРІГІП НЕ ІСТЕРІН БІЛМЕЙ ОТҚАН АДАМДАРДЫҢ ЖАЗБАЛАРЫ.

0 дауыс

Мен өз басым Аллаға сенемін СПАМға сенбеймін

0 дауыс

Ол күнә болады.АЛЛАны ойыншық қылуға болмайды.Маған сіздер айтқандай,хаттар келеді.Бірақ толық оқып шықпаймын,күндегі 20 адамға тарат деген смстер.

...